​«Тіл шебері - 2017» жас мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық конкурсын өткізу қағидалары

​«Тіл шебері - 2017» жас мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық конкурсын өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. «Тіл шебері - 2017» жас мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) Қазақстан халқы тілдер күніне бағытталған.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;

2) тіл мәдениетін көтеру;

3) үштілділікті насихаттау.

3. Конкурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

4. Конкурсқа орталық мемлекеттік органдардың 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілері қатыса алады.

5. Алдыңғы конкурстардың бас жүлде және І орын жеңімпаздары қатыстырылмайды.

2. Конкурсты өткізудің тәртібі

6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) конкурстың ұйымдастырушысы болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жылдың бірінші жартыжылдығында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Конкурсқа қатысу үшін жазбаша өтінім хабарландыру жарияланғаннан кейін 2017 жылдың 8 қыркүйегіне дейін орталық мемлекеттік органдарымен Комитетке төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

  • өтінім (Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
  • жеке куәліктің көшірмесі.

9. Қағиданың 8-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.

10. Комитетке ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

11. Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) «Тұсаукесер» – тапсырылған тақырыптың мазмұнын қазақ тілінде толық ашу (қазақтың ұлттық киімінде үш минуттан көп емес өнер көрсету);

2) «Ұлттаным» – қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, қазақ жері және оның аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру (классикалық стильде бес минуттан көп емес өнер көрсету);

3) «Өнертаным» – үш түрлі жаңылтпашты жаңылмай үш рет айту (классикалық стильде өнер көрсету).

12. Алдыңғы кезеңнен өткен қатысушылар келесі кезеңге қатысады.

3. Қорытынды ережелер

13. Конкурс қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы бес адамнан аспауы тиіс.

14. Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) тілдерді меңгеру деңгейі;

2) үш тілдегі орфоэпиялық нормалардың дұрыс дыбысталуы;

3) сахналық шеберлігі;

4) уақытты орынды пайдалануы.

15. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

16. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

17. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті,
«Тіл шебері - 2017» деген белгімен.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 74-08-77, 74-05-09, 40-83-97, 40-83-93.

«Тіл шебері - 2017»

жас мемлекеттік қызметшілер арасында

республикалық конкурсын өткізу қағидаларына

қосымша

«Тіл шебері - 2017»

жас мемлекеттік қызметшілер арасында

республикалық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

  • Т.А.Ә._____________________________________________________________
  • Жасы_____________________________________________________________
  • Жұмыс орны ______________________________________________________
  • Лауазымы_________________________________________________________
  • Мекенжайы________________________________________________________
  • Байланыс телефондары______________________________________________
  • Қосымша ақпарат___________________________________________________

Қолы

Күні