Тлешов Ербол Ердембекұлы
Жалпы ақпарат, білім
Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Абай атындағы педагогикалық университетін бітірген.
Мансап
1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті
кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2001-2002 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті
кафедрасының доценті қызметін атқарды.
2002-2004 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты
директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.
2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК
директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.
2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін
атқарушы, басшысы.
2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры,
атқарушы директоры.
2022 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық
ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.
2023 жылдың 27 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім
министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы лауазымын атқарады.