Мемлекеттік тілді оқыту арқылы ұлттық бірегейлікті сақтау

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында үштілділікті арттыруды жүзеге асыру шеңберінде «Сөз мәдениеті және іскерлік риторика» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру семинарларын (12 – 30 маусым ) жүргізуде.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілер сөз мәдениетінің нормаларын, іскерлік қарым-қатынастың негізгі ұстанымдарын, көпшілік алдында сөз сөйлеу мен келіссөз жүргізудің әдіс-тәсілдерін және оларды қызмет бабында дұрыс қолдана алу жолдарын практикалық және тренингтік сабақтарда меңгеріп, дағды қалыптастырады.