Тіл шеберін анықтады

Тіл шеберін анықтады

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 15 маусымда үштілділікті насихаттау және қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтап, қолдау мақсатында "Тіл шебері - 2017" облыстық байқауы өтті.

Байқауға облыстық басқармалар мен департаменттерде жұмыс жасайтын 21-29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Байқау барысында қатысушылар үш тур бойынша бап пен бақ сынасты. «Мәдениеттаным» турында қазақ халқының салт дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап берсе, «Ұлттаным» бөлігінде елі тарихы мен ұлы тұлғаларға, жер-су атауларына байланысты сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді. Ал, үшінші «Өнертаным» сайысында үш тілде берілген жаңылтпашты 3 рет айтып ептіліктері мен зеректіктерін танытты.

Байқаудың қорытындысы бойынша Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттма басқармасының бас маманы Қ.Балмағамбетов І орынды жеңіп алса, Қызылорда облысының Статистика департаментінің маманы А.Алимбетова ІІ орынды, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы М.Әліп ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ф.Халилуллаев, Қызылорда облысының Статистика департаментінің маманы З.Сұлтанова, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің есеп технигі Қ.Пазылов ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жүлдегерлеріне Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ал облыстық байқаудың жеңімпазы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының жолдамасымен Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай өтетін республикалық байқауға жолдама алды.