Facebook бұған қалай жол берді?!

Facebook бұған қалай жол берді?!

Бір қуантарлығы әлгі дүниенің қазақша нұсқасы бар. Бірақ қазақшасын оқып отырып, «Құдай-ай, мынаны көзіме көрсеткенше, көзімді көрсетпегені жақсы еді ғой дейтін сияқтысыз». Жағымсыз сөздер көкейлерін жалмап кеткендей. Орыс тілінен аударып, қазақтарға осы да болады дегендей жасаған. Осылай олардың қазақша аударғаны кімге керек?

feisbuk-kazakty-mazak-etty

Әлеуметтік желінің әлегі бітпейтін болды. Күнде бір көзге көргісіз, құлаққа жағымсыз нәрселер шығады да отырады. Әсіресе, фейсбук желісі арқылы таралатын осындай бағдарлама адамның түрлі мінезін, тұрқын, өзгелердің ойы, сенің шынайы махаббатың деген сияқты психологиялық тестке жақын бірнәрсесі санаға сыйымсыз әрекеттерді жазады. Тіпті әлгі нәрсені экстрасенс дерсіз. Бірде қашан өлетінініңді көрсетсе, бірде өткен өміріңді айтады. Жылдамдығы сонша – сіз туралы ақпаратты әп-сәтте бірден шығарып береді. Бір қуантарлығы әлгі дүниенің қазақша нұсқасы бар. Бірақ қазақшасын оқып отырып, «Құдай-ай, мынаны көзіме көрсеткенше, көзімді көрсетпегені жақсы еді ғой дейтін сияқтысыз». Жағымсыз сөздер көкейлерін жалмап кеткендей. Орыс тілінен аударып, қазақтарға осы да болады дегендей жасаған. Осылай олардың қазақша аударғаны кімге керек? Тілімізді мазақ етіп күлу үшін болмаса, өзгеге қажеті шамалы сыңайлы. Ана тілімізді аяқасты етіп, таптап бітті-ау, әйтеуір. Кім көрінгеннің уысында уытталып, табанында тапталып жүр. Онсызда адамдарды заттай көріп, әрбір мүшесін таразыға салып, сатып жатқан қоғамда мына бір жазбалары сол әрекетке қатып кететін секілді. Тіпті адамның әрбір мүшесін жекелеп саралап, сатылымға қойғандай бағасын көрсеткені ғажап қой. Ал бұл жазбамен әлгі желідегі қызыққұмарлар бөлісіп, бірінен соң бірі жарыса жазба қалдырып, қыран-топан күлкіге қарық болып, өзінің құнын біліп жатқаны қандай ғанибет десеңізші?! Қазіргі қыздар дейін десем, сол сөз өзімнің маңдайыма тиеді. Не де болса, айтайын, бүгінгі қыздар болмайтын әрекетке бас ұрып, ал дұрыс әрекеттен айналып жүретін болған сияқты. «Осы аптада жұрттар сенің артыңа неше рет қарады?» осындай да сұрақ бола ма? Мен қайта бұл сұрақтағы сұрықсыз сөзді алмастырып тұрғаным. Ал жазбаның өзін көрсеңіз, көзіңіз арнасынан шығуға сәл-ақ қалады. Бұны да бірден аударма жасап, сөздерді қалай болса солай орналастыра салып, сөйлемді мағынасыз қалыпқа түсірген. Дәл осындай типтегі жазбалар толып жатыр. Оның әрқайсысын санамалап отыруға уақыт та жетпес. Өздеріңіз көріп, санаңызға құйып, ойыңызды түйіндеңіз.