Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Аталған жоба аясындағы 10 шара облыс орталығымен қатар бірнеше аудан орталықтарын, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мекемесін қамтиды. Шарада дөңгелек үстел, түрлі кездесулер мен мемлекеттік бағдарлама аясында шығарылған өнімдерден көрме ұйымдастырылады.

kazakstannyn-bolashagy-kazak-tylynde-

Ақтөбе облысында үстіміздегі жылдың 19 тамызында сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ісшаралар жоспарының 17-тармағына сәйкес Ақтөбе облысында (Алға, Мұғалжар, Мәртөк, Хромтау, Қарғалы аудандары және Ақтөбе қаласы) орыстілді азаматтарға арналған "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде" атты мемлекеттік тілді насихаттау шараларын өткізеді.

Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін көтеріп, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағының кепілі ретінде, қазақстандық жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы жетістіктері жайында сөз қозғау, пікір алмасу.

Шара үстіміздегі жылдың 15-19 тамыз аралығында өтеді.

Аталған жоба аясындағы 10 шара облыс орталығымен қатар бірнеше аудан орталықтарын, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ мекемесін қамтиды. Шарада дөңгелек үстел, түрлі кездесулер мен мемлекеттік бағдарлама аясында шығарылған өнімдерден көрме ұйымдастырылады.

Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болады. Атап айтқанда, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Аманкелді Әбдірахманұлы Айталы, республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаттанушы, қоғам қайраткері Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Ақтөбе облыстық «Ұлт тағдыры» қозғалысының басшысы Айтқали Италиев, Ақтөбе облысының Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Төлебаева Гүлайым Тельманқызы қатысады.

19 тамыз күні Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында өтетін шараға орыстілді аймақтардағы этно-мәдени орталықтардың өкілдері, оқу орындарындағы орыстілді студенттер, қарапайым жұмысшы-жастар мен қатар «Қазкоммерцбанк»АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «БанкЦентркредит» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «Каспий банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «АТФ Банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «Халық банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «Нұрбанк»АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «Еуразиялық банк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы, «Энергосистема» ЖШС, «Ақбұлақ»АҚ, «Трансэнерго»АҚ, «Қазақтелеком»АҚ филиалы-Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы, «Жолаушылар тасымалы»АҚ «Батыс» жолаушылар тасымалы жөніндегі аймақтық филиалы, «Вокзал-қызмет» АҚ Батыс аймақтық филиалы, «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ өкілдері атсалысады.

Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-97