Қазақстандағы БАҚ-тың рөлі және ұлттық идея

Қазақстандағы БАҚ-тың рөлі және ұлттық идея

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік өркениеттің биік өресін танытатын өзгеше әлем адамзат жаралғалы тарихтан белгілі, көне замандардан бастап дамудың небір сатыларынан аман-есен өтіп, әлемнің жоғары деңгейге жетуі үшін талай жаңалықтар ашты. Жер жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. ХХІ ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында болып жатыр. Сондықтан еліміздің дамуын, қарқынды өркендеуін насихаттау үшін БАҚ-тың тұрақты да жүйелі жұмыс істеуі ең алдыңғы шаруа болып есептелмек.

Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

Бір сөзбен айтқанда, БАҚ – күнделікті теледидар, радио, мерзімді баспасөз басылымы және интернет сайттар. Ал, оған қоса жаңа медиа мен жаңа ақпараттық технологиялардың ақпарат таратып, ақпарат жинақтауын да қосуға болады. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. Сарапшылар БАҚ-тың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді:

- жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі;

- арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы;

- ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы;

- тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі.

1840 жылы француз жазушысы Оноре де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады[1].

БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Әрбір аймақтың, әрбір мемлекеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Үлкен мемлекеттер айналасындағы шағын елдердің мәдениетін басып, халқын өз аузына қаратып алуға талпынады. Сондықтан шағын елдердің өз мәдениетіне және өз ақпараттық саясатын жүргізу ісіне мығым болуы қажет. Бұл Қазақстан үшін, мемлекеттік тілдегі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өзекті мәселе болып табылады[2].

Адамзат тарихы əуел бастан жəне көптеген мысалдар барысында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, əлеуметтік мəжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін де дəлелдеп келеді... Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мəдени-тарихи тəжірибесінің жиынтығы, ерекшелік белгісі жəне тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рəміз жəне оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы».

Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екендігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мəселерін талдай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік жəне тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын жəне рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді жəне терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тəжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психологияда, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айналысты. Əлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен терминдерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты»[3].

Қазақстандағы БАҚ-тың дамуы

Қазақстан халқы Ассамблеясының үшінші сессиясы 1996 жылдың 29 сəуірінде өтті жəне ондағы елбасының баяндамасы «Қоғамдық келісім – Қазақстанның демократиялық дамуының негізі» деп аталды. Онда «Қазақстанның азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуі керек жəне оны оқып-білуге дайын болуы керек, өйткені бұл – ел тұрғындарының көпшілігінің ана тілі əрі ол болашақта мемлекеттік тіл ретінде үстемдік ететін болады»[4]. Одан əрі келесі, төртінші сессиядағы баяндама «Тарихи жады, ұлттық келісім жəне демократиялық реформалар – Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» деп аталды да, Президент мынаны атап өтті: «Ең алдымен мемлекетқұраушы этнос ретіндегі қазақтардың рөлі туралы айту керек. Қазақстанның тəуелсіздігі – қазақтарға сыйланған тағдырдың тартуы емес, күреспен келген өз ата-бабасынан қалған жерінде өз мемлекеттілігін құруға деген лайықты құқығы. Бұл кесімді тарихи жəне саяси айғаққа ешкім де күдік келтіре алмайды»[5].

Қазақстан халқы Ассамблеясының 1999 жылдың 21 қаңтарында өткен бесінші сессиясында Елбасы былай дейді: «Қазақ халқының ұлттық тəуелсіздікке деген ішкі терең қажеттілігін қайта бағалау өте қиын. Ол ел тұрғындарының абсолюттік көпшілігін құрайды жəне өзінің тарихи-этникалық территориясын мекен етеді. Өзінің жалғыз тарихи Отанын үнемі қорғайтын қазақ халқының арқасында ғана қазақстандықтар территориясы жағынан əлемде тоғызыншы орын алатын мемлекетте тұрады»[6].

Қазақстан – Тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға бастаған тұстан бергі уақытта БАҚ саласындағы өзгерістермен сараласақ, ақпарат көздерінің даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады[7].

Біріншісі кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдырауы және қаржылық, идеялық тоқырауға ұшырауы.

Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік түрінде қайтадан қалыптасуы, кәсіпкерлік баспасөздің құрылуы.

Үшінші кезең. Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және Қазақстанның ғаламдық ақпарат айдынына талпынысымен сипатталады.

Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста Республика Президенті жаңа қоғамға ақпараттық берік демеу керектігін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекет алдындағы жауапкершіліктің жоғары екендігін сезінді. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.

Халықтың ақпарат алу және талдау мүмкіндігі молайды. Енді осы оң үрдісті одан әрі дамытудың құқықтық негіздері қажет бола бастады. Осыған орай, елбасы 1997 жылы 3-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы» Жарлыққа қол қойды. Президенттің тапсыруымен жылы жаңа заң күшіне енді. Көп ұзамай, 2001 жылы оған елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы заңдардың қай-қайсы да БАҚ-ты демократияландыру, әлемдік талаптарға сай жетілдіру және саясаттан тыс дамуына жол ашу үшін арынша тиімді болғаны ерекше атап айту керек.

Бастау бұлағы сонау көне Түрік заманынан бастау алып, Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Ұлттық идея – Алаш идеясының бүгінгі жаңа буын, жас ұрпаққа берер сабағы мен философиялық салмағы, əлеуметтік қуаты жоғары. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тəрбиелеу мəселесi, атап айтқанда, сол аға буынның қабырғасын «Қазақ елі – мəңгілік ұлттық идея. Мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ: өркениеттік өлшем, өркениеттік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, əлем халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу жəне соған бейімделе отырып, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық өріс ашу, соның нəтижесінде Президент Нұсұлтан Назарбаев көрсеткендей, əлемдегі өркениетті елу елдің қатарына ену».

Одан əрі академик ойын былайша жалғастырады: «Қазақ елі – мəңгілік ұлттық идея. Елдің мəңгілігін армандаудан асқан қандай асқақ идея болмақ. Əрбір жеке адамның ғұмыры өлшеулі болғанымен, ол ұрпағымен мəңгілік. Сондықтан бұл болашаққа бастайтын, келешекке деген нық сенім қалыптастыратын идея. Сонымен бірге, қазақ елі мəңгілік деу – ұрпақтар алмасуына, олардың сабақтастығына, солармен бірге халықтың табиғи құндылықтарының жасампаздығына деген сенім. Осылай дей отыра, қазақ елі – мəңгілік дегенде, біз бүгінгі бар тарихымыздың баяндылығы туралы қалыптасатын байсалды сана туралы айтпақпыз»[8].

Жетістігің бар болса, желпінтіп айтсаң да, жалауларып айтсаң да жарасады. Қазақстанда БАҚ-ты саяси-экономикалық даму сатыларына сәйкес жетілдіру үрдісі осылай ұдайы жүріп жатты. Тұжырымдамада мына маңызды міндеттерге айрықша назар аударылды және жүзеге асырылу жолдары белгіленді:

  • Ақпарат саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

2. Отандық және мемлекеттік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

3.Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық теледидарды енгізу.

Осы үш міндеттің бәрі республикадағы барлық сипаттағы БАҚ-тың
одан әрі өркендеуіне айрықша ықпал етуде.

БАҚ-тың “төртінші билік” болып саналатынын жоғарыда да айтқан болатынмын. БАҚ еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып және қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық екені даусыз. Себебі, бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз, яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес. Демек, тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерттеп, ескеруіміз тиіс.

БАҚ қызметі өткен, болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөнінде тәжірибелі түсініктерге негізделе отырып, қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі, төртінші билік – бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті, оны ешкім ешнәрсемен теңестіре алмайтынына дау жоқ.

Билікке оппозицияда жүрген қоғам қайраткері Дос Көшім мемлекеттік саясаттағы ұлтсыздық идеологиясына назар аударса[9], Берік Əбдіғалиев пен Асқар Ахмеджанов ұлттық идеяны «қазақ миссиясынан» көреді[10]. «Қазақ миссиясы» қазақ ұлтының жаңару (модернизация) тұжырымдамасын білдіреді жəне бұл құжатта «қазақ арманы», «қазақ тағдыры», «қазіргі қазақ болмысы» сөз болады жəне «қазақ миссиясы» тарихи тұрғыда соңғы сатысы азаматтардың саяси ұлтының құрылуы болып табылатын ұлттық өзіндік сананың қалыптасу кезеңі ретінде» қарастырылады[11]

Қазіргі таңда тек қана Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елдерінде сауда мен өндіріске негізделген БАҚ – адамгершілік және моралдық құндылықтарға емес, экономикалық пайда жағын алға тартуда.

Бұл жерде маңызды әрі шешім қабылдайтын нәрсе: ұлттық және жергілікті ақпарат құралдарының не қалайтынын және БАҚ-ның елімізге, Қазақстан Республикасының болашағына қалай қызмет ететіні маңызды болуда.

Өзінің «Ұлттық идея жəне идеология» деп аталатын еңбегінде академик Д. Кішібеков оны былайша тарқатып айтады: «Мемлекеттік ұлт деп, егер ол тұтас мемлекетті қамтыған жағдайда (ұлттық біртұтас мемлекет) немесе ұлттық гомогендіктің (біртектіліктің) тасымалдаушысы болған жағдайда аталады. Алайда бұл ұғымның астарынан, сондай-ақ бірнеше ұлттарды қамтитын кейбір мемлекетте (мультимəдени) қалыптаса алатын біртұтас сананы білдіретін жетекшілік рөлді аңғаруға да болады. Ал егер ұлттық əралуандылықты құрайтын бір ұлттың жағдайына келсек, онда ол субұлтты білдіреді. Ақырында, мəдени ұлт дегеніміздің мемлекетке бірегейленуге қатысы жоқ ұлтты айтады. Бұл ұлт біртұтас ұлттық мемлекет құруға қабілетсіз немесе бірнеше мемлекеттерге бөлінген болуы да мүмкін»[12].

Қазақстанның тəуелсіздігінің нығаюы барысында елімізді мекендейтін əртүрлі ұлт пен дін өкілдерін бір қоғамға біріктіріп, ұйыстыратындай ұлттық идеяны қалыптастыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі бар екенін атап өту керек. Президент ұлттық идеяны қазақ халқының қоғамды топтастырудағы жұмылдырушы (консолидацияландырушы) рөлімен байланыстырады. Мұны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында сөйлеген сөздерінен аңғаруға болады. Мысалы, Қазақстан халқы ассамблеясының 1995 жылғы 24 наурыздағы бірінші сесиясындағы оның баяндамасы «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деп аталды жəне онда былай делінді: «Уақыттың ауыр сынынан өткен қазақ халқының бай да күрделі тарихы бар. Бүгінгі күні ол Қазақстанда тұратын барлық халықтарға көмек беруі тиіс, біздің бірлігіміздің түбірлерін дұрыс түсініп, кез келген тарихи түртпектеуді теріске шығаруы қажет, өйткені артқа көз сала отырып, келешекті көруіміз керек»[13].

Қазақстандағы БАҚ мәселелері және шешу жолдары


Қоғамның пікірін қалыптастыру, ақпаратпен қамтамасыз ету, ағарту, ойын-сауық, хабар беру және экономикалық жағынан үлес қосу сияқты қызметтер ақпарат құралдарының қызметі бола тұра, мәселелері де жоқ емес:

  • Біліктілікті арттыру;
  • Экономикалық мәселелер;
  • Журналистердің танымалдығы;
  • Жұмыспен қамту (жалақы);
  • Ақпарат құралдарының еркіндігі және этикалық жағдайы;
  • Tираж, жарнама және тарату жолдары;
  • Жергілікті ақпарат құралдарының мәселелерін қолға алу.
  • Құқықтық мәселелер.

Өтпелі кезеңде жəне одан кейінгі даму барысында, əсіресе XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстанда бірнеше үлгілер ұсынылды жəне ұлттық идея төңірегінде академик Ə. Нысанбаев бастаған қызу пікірталастар баспасөз бетінде жарияланды[14]. «Ұлттық идея: талқылауға ұсыныстар» деп аталатын академик бастаған бір топ ғалымның пікірлері баспасөз беттерімен қатар, мерзімдік арнаулы ғылыми басылымдарда да жалғасын тапты. Бұл тақырыпқа қатысты Философия жəне саясаттану институты бірнеше көлемді монографиялар жариялағанын да жоғарыда атап өттік[15].

2004 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газетінде Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Ұлттық болмыстың негізі» деп аталатын көлемді ғылыми-көпшілік мақаласы жарияланды жəне бұл еңбекте ұлттық идея тілмен байланыстырылды. Автор мынадай түйінді ойлар айтады: «Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы жəне мемлекеттік идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан көптеп келтіруге болады...

XXI ғасырдың басындағы ұлттық идеяны іздестіруді алдыңғы ғасырдың басындағы зиялы қауымның ұлттық сананы оятуға ұмтылуымен салыстыруға келеді. Мысалы, Алаш арыстарының бірі Жүсіпбек Аймауытов большевизмнің билік басына келе бастаған тұсындағы ұлт саясатының тағдыр талайын бағамдап, ұлт бостандығын көксеп, қазақ елінің келешегіне алаңдап «Ұлтты сүю» деген мақала жазса[16], жас көсемсөзші-журналист Амангелді Кеңшілікұлы «Қазақстан» газетінде «Қазақты сүю» деген мақала жазды[17].

Бүгінгі күні де қазақ халқының ұлттық идеясына қатысты өзекті мəселелер күн тəртібінен түспей отыр. Жаhандану дəуіріндегі қазақтың мұң-мұқтажына алаңдаушылық танытқан саясаттанушы Б. Əбдіғали қазақ жобасын, қазақ идеясын, қазақ ойын, қазақ сөзін, қазақ саясатын, қазақ миссиясын, қазақ даңқын қозғайтын «Қазақ» альманағын жариялауда. Аталмыш еңбектерде дəстүрлі жəне қазіргі дүниетанымдық бағдарлар мен құндылықтардың, мақсат-мүдделер мен мұраттардың тұтастай кешенімен сипатталатын ұлттық идея қазақ халқының рухани мəдениетінің тарихынан да, бүгінгі əлеуметтік-мəдени өмірінен іздестіріледі жəне бұл біздің диссертациялық зерттеудің əдіснамалық негізін айқындауға септігін тигізеді.



[1] Қазақстан энциклопедиясы. “Қазақ ұлттық энциклопедиясы” баспасы. Алматы, 2002. 621 б.

[2] “БАҚ дегеніміз – мемлекеттік идеология құралы”. Сәуле Саматқызы, 03.12.2010 ж. http://kazgazeta.kz/?p=4978

[3] Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда, 20 августа, 2004 г.

[4] Назарбаев Н. Консолидирующая роль казахов // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр-маусым.

9-б.

[5] Назарбаев Н. Консолидирующая роль казахов // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр-маусым.

11-б.

[6] Назарбаев Н. Консолидирующая роль казахов // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр-маусым.

15-б.

[7] З.М.Назарбекова. А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Философия кафедрасының аға оқытушыcы

[8] Есім Ғ. Елдік сана философиясы // Егемен Қазақстан, 28 маусым, 2006 ж.

[9] Көшім Д. Ұлтсыздық идеологиясы // Жас Алаш, 8 қазан 2002 ж.

[10] Абдыгалиев Б., Ахмеджанов А. Казахская миссия // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр-маусым. 212-238 бб.

[11] Абдыгалиев Б., Ахмеджанов А. Казахская миссия // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр-маусым. 214-б.

[12] Кшибеков Д.К. Национальная идея и идеология // Известия Казахстана, 2005, 25 мая.

[13] Назарбаев Н. Консолидирующая роль казахов // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр-маусым.

7-б.

[14] Нұрмұратов С.Е. Ұлттық идея баршаның ортақ құндылығы // Мир человека – Адам əлемі, №4, 2005.

[15] Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. – Алматы: КИЦ ИФиП МОН РК, 2006. – 412 с.

[16] Аймауытов Ж. Ұлтты сүю // Абай журналы, 2-қазан 1918 ж.

[17] Кеңшілікұлы А. Қазақты сүю // Қазақстан, 11 қыркүйек 2008 ж.