Ісқағаздарының 98 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі

Ісқағаздарының 98 пайызы мемлекеттік тілде жүргізіледі

Ақмола облысында мемлекеттік мекемелер ісқағаздарын 98 пайыз мемлекеттік тілде жүргізеді. Аталмыш аймақтағы бұл көрсеткіш «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» өз деңгейінде орындалып жатқандығын айқындайды.

Өңірлік статистикаға сүйенсек, 2014 жылы қазақ тілінде шығатын құжаттардың үлесі 94 пайызды құраған. Ал 2015 жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 1 пайызға өскен. 2016 жылы мемлекеттік тілде жүргізілген іс қағаздар 97,3 пайызға артса, ағымдағы жылдың І тоқсаны бойынша 98 пайызға жетіп отыр.