Мемлекеттік тілді оқыту мәселесі талқыланды

Мемлекеттік тілді оқыту мәселесі талқыланды

Бүгін Талдықорған қаласында «Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырған басқосуда мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру жайы талқыланды.

Семинар-кеңес барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Жұмабекұлы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жасалып жастан жүйелі жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ қазақ тілін үйретудің қолда бар тәжірибесін сақтау қажеттігін айтып өтті. Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы өз кезегінде аймақта атқарылып жатқан шаралармен таныстырды.

Жиын барысында мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу жайы талқыланады. Әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Айта кетейік, семинарға облыс орталықтарындағы Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының мамандары, әдіскер ғалымдар мен тіл мамандары қатысты.