«Текті сөздің төресі - терме»

«Текті сөздің төресі - терме»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Текті сөздің төресі - терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы өткізіледі.

Байқауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырып отыр.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайды.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты - жыршылық-термешілік өнерге жаңаша серпін беру арқылы әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Байқау 24.11.2016 жылы, Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында, (Алғабас-1, 6- үй), сағат 15.00-де болады.