​АҢДАТПА

​АҢДАТПА

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ағымдағы жылдың 31.10-04.11 аралығында Астана қаласында ілеспе аударма жүргізуді үйрету шеберлік сыныптарының 2-кезеңін өткізеді.

Шеберлік сабақтары аясында ілеспе аударманың теориялық мәселелері, негізгі бағыттары және теориялық білімді тәжірибеде ұтымды қолдана білуге бағыттау көзделеді. Техникалық құралдарды дұрыс пайдалану тәжірибесін қалыптастыруға негізделген сабақтар арқылы ілеспе аудармашылардың практикалық біліктілігі арттырылады.

Шеберлік сабағына ғалымдар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашы мамандары қатысады.

Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397; тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887