Әділбек Күнесханұлының мақаласы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланды

Әділбек Күнесханұлының  мақаласы Abai.kz ақпараттық  порталында жарияланды

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас редакторы Әділбек Күнесханұлы Қабаның «Жасанды интеллектінің тілі – қазақ тілі болуы тиіс» тақырыбындағы мақаласы Abai.kz ақпараттық порталында жарияланды.

Мақалада жаңа технологиялардың ұлттық мүдде тұрғысынан бейімделуі және мемлекеттік тілдің жасанды интеллект кеңістігінде өз орнын алуы мәселелері қарастырылды. Автор жасанды интеллектінің ғылым мен білімнен бастап әлеуметтік-тұрмыстық салаларға дейін кеңінен қолданысқа еніп отырғанын, демек ұлттық руханиятқа да ықпал ететінін атап өтеді. Осы орайда қазақ тілін жасанды интеллектінің негізгі тіліне айналдыру – стратегиялық міндеттердің бірі екендігіне ерекше назар аударады.