«Тіл-Қазына» орталығының ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында дәріс оқыды

 «Тіл-Қазына» орталығының ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында дәріс оқыды

11 қыркүйекте «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл - халық мұрасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы Дана Жаңабекқызы Оспанова қатысып, дәріс оқыды. Жиын барысында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы пікірлер айтылды.

Дөңгелек үстел аясында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мамандары баяндамалар жасап, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы тілдің рөліне тоқталды. Қатысушылар өзара ой бөлісіп, қазақ тілін дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен ұсыныстарды талқылады.