Орталықтар

Нұр-Сұлтан қаласы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт: Директоры:
Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді оқытудың «Руханият» орталығы ММ Р.Қошқарбаев көшесі 50-үй +7 775 394 61 30 Oku_ruh2019@mail.ru Еркебұлан Ерболатұлы

Алматы қаласы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт: Директоры:
Алматы қаласы әкімі аппараты Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығы 8 (7272) 63-15-27, 63-23-05, 63-15-25, 8 707 812 03 33 http://www.anatili-almaty.kz Мамай Қаниұлы Ахетов, Бақыт Қалымбет – директордың орынбасары

Шымкент қаласы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт: Директоры:
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының "Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Гагарин көшесі 122 үй. 8-7252-31-86-77, 8 702 743 71 77, Center_kaz@mail.ru Дәурен Әуелбекұлы Дүйсебеков

Ақмола обласы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт, электрондық пошта: Директоры:
Шортанды ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Шортанды кенті, 50 лет Октября көшесі № 91 87163135179 shortmtoo@mail.ru Шырын Адамжанқызы Бабаханова
Целиноград ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Гагарин көшесі 12 үй 87165130571 til-ortalyk@mail.ru Жылқыбаев Жахия Абайұлы
Степногорск қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Степногорск қалалық оқыту- әдістемелік орталығы» КММ Степногорск қаласы, 3 шағын аудан, 16 «б» ғимараты 87164563565/td> hairym.@mail.ru Кабар Хайрым
Сандықтау ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Тілдерді оқыту орталығы» Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин селосы, Абылай хан көшесі, 126     Қопобаев Мендібай Сайлаубаевич
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Көкшетау қаласы, Горький көшесі 29 Б, 3-қабат 87162251289 Cyaz.kokshe.kz, Инстаграм:Kokshetay_til_ortalyq Есмурзина Гулдан Алмухановна
Зеренді ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді селосы, Тәуелсіздік көшесі, 40 87163220034 Yaziki_2011@mail.ru Дыбысова Айжан Құтбансейтқызы
Жарқайың ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Захаров көшесі, 37 87164891796 asker1975@mail.ru Абдигалиев Аскербек Сейдалиевич
Ерейментау ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, 020800, А.Құнанбаев көшесі 121 87163321618 https://fb.com/profile.php?id=100041711101581 Шахатова Жұлдыз Ғосманқызы
«Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 76 87163921779, 87163979048 enbekokyortalygy@mail.ru Искакова Гүлайым Абжанқызы
Еңбекшілдер ауданының «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 67     Искакова Гүлайым Абжанқызы
Бұланды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы,Бұланды ауданы, Макинск қаласы, С. Сейфуллин көшесі 27А 87164623510 Инстаграм: Til_ortalygy_bulandy Сабирова Асель Жамбулова
Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Набережная көшесі 84/1 87163622690 Atameken34@mail.ru Кайрмденова Арайлым Есболатқызы
Астрахан ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50-үй 87164123231 obuheniya@mail.ru Үрістемов Сәндібек Жәнібекұлы
Ақмола облысының «Атбасар ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Атбасар қаласы С.Сейфуллин көшесі, 2/1 87164324148 Atbacarcentr@mail.kz Кәмшәт Қаділ
Ақмола облысы тілдерді дамыту басқармасының «Ақмола облыстық оқыту-әдістемелік орталығы» КММ Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаева көшесі, 1 «Б» 87162250100 оkytu_оrtalygy-кokshe@mail.ru Қ.Б. Төлекеев
«Жақсы ауданы Тілдерді оқыту орталығы» КММ Жақсы ауданы Жақсы ауылы Дружба көшесі, 14a 87163579148 zhaksy_ortalyk@mail.ru Нұржанова Әлия Арыстанқызы
«Есіл ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Есіл қаласы, Мичурин көшесі, 10 үй 87164720885 centr_esil@mail.ru Кекенова Анар Сембайқызы
«Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығы» КММ Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Джолдаспаев көшесі №18 87164421274 https://www.facebook.сom/arshaly Мырзатай Майра
«Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» ММ Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, С.Нұрмағамбетов көшесі, 144-үй 87163821312 Akkol_til@mail.ru Қаирова Жанар Қазиқызы
«Қорғалжын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» ММ Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы Күмісбеков көшесі 36/2 87163722263 tilder@mail.ru Мажитова Батжан Мажитқызы
Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт: Директоры:
"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" КММ Ақтөбе қаласы, Жұбановтар көшесі, 257 Б 8 702 379 05 65, 8 777 660 74 36 til-aktobe.kz Сергазина Клара Хакимгалиевна

Алматы облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт, электрондық пошта адресі: Директоры:
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ Талдықорған қаласы І. Жансүгіров көшесі №36/Б +7 7282 40-04-56, +7 701 374 53 12 aomtoo@mail.ru Жеңіс Хамитұлы
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алакөл аудандық филиалы Үшарал қаласы Д. Қонаев көшесі №76, Мәдениет үйі 8(72833) 2-12-40, 8 775 698 29 69 darkambaeva-76@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Есік қаласы Абай көшесі №318, аудандық Мәдениет үйі 8(72775) 7-26-05, 8 705 671 85 88 2016diko1986@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қаратал аудандық филиалы Үштөбе қаласы Т. Рысқұлов көшесі №15 8(72834) 3-21-27, 8 702 767 58 36 karatal_mto_79@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қарасай аудандық филиалы Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі №40, Мәдениет үйі 8 701 719 28 70 karasai_2012@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарқан аудандық филиалы Сарқан қаласы Тәуелсіздік көшесі №117 үй 8(72839) 2-22-09, 8 702 157 01 76 zhanar.1981kz@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ұйғыр аудандық филиалы Шонжы ауылы, К. Исламов кӛшесі №31, Мәдениет үйі 8(72778) 2-30-18, 8 775 168 42 47 tilortalygy@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Іле аудандық филиалы Өтеген батыр кенті, А. Әжімұратов көшесі №12 8(72752) 2-32-64, 8 701 770 55 99 bkarshalova@bk.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қапшағай қалалық филиалы Қапшағай қаласы, Қалалық кітапхана 8(72772) 4-72-47, 8 777 395 75 00 gkkp-mem.til.ort@mail.ru
«Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Текелі қалалық филиалы Текелі қаласы М. Әуезов көшесі, № 20 үй, 8 пәтер 8(72835) 4-24-94, 8 705 980 12 49 gosyz@mail.ru
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ММ Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесі, 36 Б 8 (7282) 40-01-67, 8 (7282) 30-59-50 obl.til.damytu.5@mail.ru

Атырау обласы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт: Директоры:
Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» КМҚК Атырау қаласы,Әйтеке би көшесі, 79а info@rco-atyrau.kz, 8 (7122) 27-17-54 http://www.anatili-almaty.kz
Атырау облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Атырау қаласы, Айтеке би, 77 til_atb@mail.ru, 35-45-36 http://atyrau.gov.kz

Батыс Қазақстан облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт, электрондық пошта адресі Директоры:
Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ММ Орал қаласы, Х. Чурин көшесі, 116 үй 8 (7112) 50 74 66, 51 54 47 zko-uralsk@mail.ru Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызы

Жамбыл облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт, электрондық пошта адресі: Директоры:
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК Тараз қаласы, Төле би даңғылы 35, 6-қабат 8-7262-43-88-72, 43-88-71, 43-88-72, 8 707 347 08 03 til.zhambyl@mail.ru Гүлхан Мұхтарқызы Әлімбекова

Қарағанды облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт: Директоры:
«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ Қарағанды облысы Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі 34 8/7212/567476 http://www.krgtil.gov.kz, urya_cancelyariya@krg.gov.kz Гүлнарайым Хасенқызы Қаңтарбекова
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» КММ Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғылы, 64 8 702 365 18 08 http://resurstil.kz, resurs_til@mail.ru Мөлдір Смағұлова
«Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы» ЖК Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 8/7212/56-70-84, 8/7212/56-34-67m 8-702-987-15-69 langcenterkar@mail.ru Игенова Алмагүл Ақмашқызы

Қостанай облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт, электрондық пошта адресі: Директоры:
Қостанай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 67 Қостанай қаласы, А.Байтұрсынұлы көшесі 67 8(714) 2-54-24-54 tilokytukostanai@mail.ru Ербатырова Жұлдызай Қабдулмажитовна
Алтынсарин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Алтынсарин ауданы, Пришкольная көшесі, 1 8(714) 45-3-42-71 altyntil@mail.ru Абенов Оразбек Сейтқасымұлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Әулиекөл ауданы, Съянов көшесі, 53 8(714) 53-7-90-15 aulkgutil@mail.ru Игиликов Нұрлыбек Мағауияұлы
«Денисов ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Денисов ауданы, Ленин көшесі, 12 8(714) 34-2-20-88 den_aud_too@mail.ru Испулова Айгүл Тоқшылыққызы
«Жангелдин ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Жангелдин ауданы, Қ.Алтынсары көшесі, 69 үй 8(714) 39-2-20-44 kultura_torgay@mail.ru Аубакирова Гүлнұр Іргебайқызы
Жітіқара ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Жітіқара ауданы, 6 шағын аудан 8(714) 35-4-90-52 til2012@list.ru Губайдулина Сандуғаш Мейірбекқызы
Қамысты ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Қамысты ауданы, 50 лет Октября көшесі, 17 8(714) 37-22-3-75 kam-til@mail.ru Сейлова Ләззат Алдабергенқызы
Қарабалық ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Қарабалық ауданы, Космонавтар көшесі, 33 8(714) 41-3-36-26 centr_karabalik@mail.ru Ержанова Алтын Мухамедқалиқызы
«Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Қарасу ауданы, А.Исаков көшесі, 75 8(714) 52-2-11-83 gkkp.coya.karasu@mail.ru Боранбаева Гүлнар Батырханқызы
«Қостанай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Қостанай ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 61 А 8(714) 55-2-23-63 zatobol_centre@mail.ru Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы
«Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Меңдіқара ауданы, Королев көшесі, 4 а 8(714) 43-2-40-08 mendikara.ortalik@mail.ru Бірманова Алмагүл Алданышқызы
«Науырзым ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Науырзым ауданы, Абай көшесі, 45 8(714) 54-21-9-40 bekaruna@mail.ru Тасанова Жадыра Сәрсенбайқызы
Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Сарыкөл ауданы, Ленин көшесі, 104 8(714) 51-22-2-77 sar_tilder@mail.ru Серікбаев Нұрмұхамед Әмзеұлы
«Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Таран ауданы, Калинин көшесі, 53 8(714) 36-3-67-52 kgu12@mail.ru Еришова Әлия Айдарәліқызы
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Ұзынкөл ауданы, Аблайхан көшесі, 36 8(714) 44-2-17-25 uzunkol_til@mail.ru Нұрмағамбетова Зияш Кәкімбекқызы
Федоров ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Федоров ауданы, Ш.Уәлиханов көшесі, 65 8(714) 42-21-1-49 fcentr.12@mail.ru Абдрахманова Дәмегүл Бахытқызы
Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Лисаков қаласы, Мирный көшесі, 32 8(714) 33-3-13-83 too.lsk@mail.ru Мухамедиева Гүлзада Хамитқызы
Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ Рудный қаласы, Ленина көшесі, № 95 8(714) 31-4-56-89 center_coya@mail.ru Джанбурчина Жанна Ерманқызы
«Арқалық қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29 8(714) 30-7-18-80 centr-yazyk@mail.ru Қалмағамбетова Баян Саруарқызы

Қызылорда облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт: Директоры:
«Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2-үй, 3-қабат 8 777 439 80 23 www.kzordatil.kz Ләззат Абайқызы Ортаева

Маңғыстау облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт: Директоры:
ИП «Парасат оқу орталығы» Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 27 шағын аудан, ғимарат 79,офис 11 Бисекенова Бану Мирамгалиевна

Түркістан облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт, электрондық пошта адресі: Директоры:
Түркістан қаласы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ С.Ерубаев №176 8(72533)71157 Джунусов Бақытжан Сулейменұлы
Бәйдібек ауданы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ Бәйдібек ауданы. Шаян ауылы.Тәуелсіздік 39/1 8(72548)70001 Адасбекова Азира Сейілбековна
Түлкібас ауданы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көш 205 8(72538)52782 Даулетов Бахыт Бейсенбаевич
Мақтаарал ауданы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ Мырзакент кенті Жеңіс к №10 87754195475 Тастанбенкова Тановар Абдиразаковна
Кентау қаласы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ Кентау қаласы, Бәйтереков көшесі №2Б 8-72536-3-18-34 Утепбаева Акмарал Абдрашидовна
Келес ауданы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Т.Рысқұлов көшесі №83 8(725)32 3-10-55 Мережепова Нагима Толкиновна
Қазығұрт ауданы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы, Ынтымақ №18 А 8(72539)22387 Тәңірбергенов Нұрғиса Ержанұлы
Созақ ауданы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №5 8 (72546)4-28-21, 4-29-85 Бигондиева Гульдана Шерниязовна
Арыс қаласы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Арыс қаласы, Әл-Фараби №3 8-(72540)-2-11-02 Баймуратова Гаухар Мухаметалиевна
Жетісай ауданы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" КММ Қ.А.Яссауи көшесі №5 8-747-734-97-90 Сағынтаева Жанар Қайратқызы
Сайрам ауданы, Сайрам аудандық"Тілдерді оқыту орталығы" КММ Сайрам ауданы, Алаш ауылы Б.Қысаубаев 8А 8(72531)24721, 87021501557 Кантаева Назым Асетбеккызы
Сарыағаш ауданы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Сарыағаш қаласы Шораұлы көшесі №44а 8(7253)727073 Кенжебаева Алмагуль Егентаевна
Шардара ауданы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Шардара қаласы Төлеби көшесі 48-үй 8(72535) 2-21-72 Әли Нұржан Нысанбайұлы
Төлеби ауданы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Леңгер қаласы Қазыбек би 60 8(72547)6-23-99, 87773819360 Жакупова Ақнұр Шахаманқызы
Ордабасы ауданы, Тілдерді оқыту және дамыту орталығы КММ Ордабасы ауданы , Темірлан елді мекені, Қажымұхан №219 8(72530)21793 Ташева Акнур Уалилиллаевна
Отырар ауданы, "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы"КММ Жібек-жолы №45 8(72544) 22010 Жаппаров Баглан Ғалымжанович

Павлодар облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт: Директоры:
Ана тілі орталығы» ЖШС Павлодар қаласы, Желтоқсан көшесі, 129 326237, 87477771619 anatilicenter@mail.ru Кинжикова Шолпан Духтурбаевна

Солтүстік Қазақстан облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс: Сайт: Директоры:
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы» КММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ Петропавл қ. Абай к-сі, 29 8 (715 2) 396776 http://uprkult.sko.gov.kz/ Шынтемірова Үмітжан Шәйкенқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Орталық: Мекенжайымыз: Байланыс телефоны: Сайт, электрондық пошта: Директоры:
«Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» КММ Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070004, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов к-сі, 121. 8 771 548 57 61 Әсемгүл Мәдениетқызы Қалтаева
Бесқарағай ауданының тілдерді оқыту орталығы КММ Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, С.Сейфуллин көшесі 153 8(72236) 90618 sentrobuheniebesk@mail.ru Аменова Айнаш Алибековна
«ШҚО Бородулиха ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы» КММ ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі,154-үй 8(72351) 2-15-26, 6-90-82 memtilortbor@mail.ru Мұрат Данияр Болатұлы
Алтай ауданы әкімдігінің "Тілдерді оқыту орталығы" КММ Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы,Зырян ауданы, Зыряновск қ., Советская көшесі, 18 8(72335) 6-32-27 centrzyr@mail.ru Рамазанова Гүлжази Ахметбекқызы
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» КММ Семей қаласы, Ленин көшесі 4-үй 8(7222) 52-63-46 semey_tyl@mail.ru Исабаева Зауреш Рамазанқызы
"Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ "Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы" КММ Шемонаиха қаласы, Вокзальный көшесі, 149 8(72332) 9-15-08 cent_2008@maiI.ru Оразгалиева Бақытгүл Ануарбекқызы
Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ММ "Тілдерді оқыту орталығы"КММ ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі 3 А 8 (72331) 2-32-84 centr_77777@maiI.ru Идрышева Жанар Муффлиновна
«Ұлан ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,спорт және дене шынықтыру бөлімі"ММ "Тілдерді оқыту орталығы"КММ Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Зәки Ахметов көшесі, 26/1 үй 8(72338) 28-1-87 yazyk.tsentr@mail.ru Шакеров Болат Толебаевич
"Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Тілдерді оқыту орталығы" КММ Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғ., 3а 8(72336) 4-23-94 cogya@mail.ru Садықова Құралай Кәукенқызы
"ШҚО Курчатов қаласының тілдерді оқыту орталығы"КММ Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4-үй 8(72251) 2-28-15 http://kurchatov.vko.gov.kz/kz/culture4.htm, centr_lan@mail.ru Нуржанова Багыт Кожановна
"Катонқарағай ауданының мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы" КММ 8(72341) 2-11-27 sentriazykov@mail.ru Сулейменова Алем Қалелқановна
Өскемен қаласы әкімдігінің «Шығыс Қазақстан халықтарының тілі мен мәдениетін түлету мектебі» КММ Өскемен қ., Протозанов көшесі, 37 а 8(7232) 29-55-35 shvya@mail.ru Габдуллина Гульжазира Калдыхановна

«Бала тілді ойлап жүріп емес, ойнап жүріп сіңіреді» – Динара Мейрамқызы

«Бала тілді ойлап жүріп емес, ойнап жүріп сіңіреді» – Динара Мейрамқызы

– Сіз шетел азаматтарына қазақ тілін үйретіп келе жатқаныңызға біраз жыл­дың жүзі болды. Соңғы кезде шетелдіктер арасында қазақ тілін меңгеруге сұраныс артты ма, азайды ма? Жалпы, шетел­діктердің қазақ тілін үйренудегі мақсаты не: қызметтік талап па, әлде өздері қы­зығып оқи ма?

– Қазақ тілін үйренемін деушілердің қатары соңғы бес жылда едәуір артты. Әсіресе, шетелдіктердің тарапынан сұраныс көп. Бұл – қуантарлық жағдай. Себебі қазақ тілін үйренуге сұраныс болса, тіл үйретушілер сапалы ұсыныс жасауды көздеп, оларға арналған оқу-құралдары қайта жанданып, жаңғырып, заманауи әдіс-тәсілдерге негізделген әдістемеліктер мен құрал-жабдықтар көбейеді. «Қазақ тілін үйренудегі мақсаты не?» деген сұрағыңызға келсем, орыстілді қазақтарымыз «ұлтым қазақ, сол себепті өз тілімді үйренгім келеді» десе, ал шетел азаматтарының басым көпшілігінің уәжі қазақ еліне деген құрмет.

Халықаралық үкіметтік емес ұйым­дардағы жергілікті қызметкерлердің қа­зақ тілін үйренуі – бұл сол ұйымның ішкі тіл саясаты. Белгілі бір мерзім аясында тілді меңгеруге бағытталған, жоспарына сәйкес болғандықтан, қызметкерлер жұмыс берушінің талабын орындайды. Сәйкесінше, ұйым қызметкерлері қазақ тілін жеке қызығушылықтан гөрі меке­менің алға қойған мақсаты болғандықтан үйренеді. Алайда көп жағдайда оқу про­цесінде тіл үйренушінің тілді меңгеруге деген өзіндік қызығушылығы, ынтасы пайда болып жатады. Ал бұл – өте ма­ңызды құбылыс. Себебі өзіндік мақсаты болмай, өзгенің мақсаты үшін тіл үйре­ніп жүрген азаматтар жоғары нәтижеге жете алмайды. Сондықтан тіл үйрену өз қала­уынан тыс болса, ұзаққа бармай, тіл мең­геруді орта жолдан тастап кетіп жатады.

Тағы бір тіл үйренушілер тобы бар, олар өздерінің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы үшін қазақ тілін «менталды спорт» ретінде үйренеді.

– Жаңа орыстілді қазақтар жайлы да айтып қалдыңыз. Орыстілді ересек қазақ азаматы өз ана тілін толық қайта үйре­немін, курстарға жазылып оқимын десе, ол кісіге орташа есеппен қанша уақыт керек? Ал шетелдіктерге ше?

– Орыстілді қазақтар қазақ тілін осынша уақытта меңгереді, ал шетел­діктер мына уақытта үйреніп шығады деп кесіп айта алмаймын. Неге? Себебі адам тілді өмір бойы үйренуі мүмкін. Оның үстіне, әр адамның мүддесі әртүрлі. Сәйкесінше, негізгі тілдік дағдыларды үйреніп алу үйренушінің тікелей өзіне байланысты. Әрине, орыстілді ересек қазақ азаматының шетелдік азаматқа қарағанда ұлттық-мәдени кодтарды тануда өзіндік артықшылығы бар. Қазақ тілі өз ана тілі болғандықтан, тілдің та­би­ғатын сезіп, тілдік құрылымдарды бір­ден түсініп отырады. Алайда бұл – орыстілді қазақ азаматтарының тілді шетелдік азаматтарға қарағанда тез меңгеріп, қазақ тілінде көсіле сөйлеп кете алады деген сөз емес. Бұл азамат­тардың тілді қалай үйреніп жүруіне, тіл үйренуге қанша уақытын жұмсайтынына, шет тілді үйренуге деген қабілетіне ті­келей бай­ланысты. Біреулері шынымен де жазып, сызып, оқып, бар зейінін са­лып айна­лы­сып жүрсе, екіншілері бір жү­гірте оқып, меңгеріп алып жатады. Сон­дықтан әр тіл үйренушінің тіл үйрену барысында өзін­дік ерекшелігі бар деп айтар едім. Ең бастысы, тіл үйренудегі мақсат – сол тілде сөйлей алуы. Ал оған жазып, сызып, кешке дейін граммати­ка­сын оқып оты­рудың қажеті жоқ. Тілдің бірнеше қызметі бар, соның ең алғаш­қысы – комму­ника­тивті қызмет. Қазақ тілін үйреніп жүрген азаматтарға, ең ал­дымен функционалды-коммуни­кативті қызметін атқара алуы­мыз қажет деп үйретемін.

– Көптен бері бізді мазалайтын сұрақ­тың бірі – аралас мектептердегі қазақ тілін оқыту әдісі. Оқу бағдарламасы бойынша орыс сыныптарында, аралас мектептерде қазақ тілі оқытылады. Алайда ондай сыныптарда оқитын мектеп түлектерінің қазақша еркін көсілгенін байқамаймыз. Кейін көпшілігі не оқығанымыз да есімізде жоқ дейді. Мұның себебі неде?

– Шынында да, мен де кездестіріп жүрген орыс сыныбындағы балалар қазақ тілі сабағында қазақ әліпбиінен басқа еш нәрсе түсінбей жүргенін жа­сырмайды. Меніңше, бұл мәселе тек «Қазақ тілі» оқу-құралдарына байла­нысты емес. Әлемдік тәжірибе көрсет­кендей, тілді тиімді әрі тез үйретуде үш нәрсені басты назарда ұстау қажет. Бі­ріншісі – тілді үйрете алатын арнайы мамандардың болуы, екіншісі – заманауи әдіс-тәсілдермен құрастырылған оқу-құралдардың болуы, үшінші – үйре­нушінің мотивациясының болуы.

Тарқатып айтар болса, ең алдымен Қазақстандағы филологиялық білім беру ісін реформалау керек. Қазір өзге ұлт өкілдері мен шетелдіктер арасында қазақ тілінің мамандары үлкен сұранысқа ие болып отыр. Бірақ бұрынғы жүйемен білім алып шыққан жас мамандар бүгінгі қоғамның талабына сай емес. Олар қазақ тілі мамандығын қазақ сыныптарына даярланған мұғалім ретінде оқып шы­ғады. Ал бізге орыс немесе ағылшынтілді аудиторияға кіріп, қазақ тілін екінші шет тілі ретінде оқытатын, «Лингвистика: қазақ тілі» сияқты тар бейімді мамандар қажет. Нақты қазақ тілін үйрете алатын сауатты кадр дайындап алмай, біз қазіргі қоғамның сұранысына жауап бере алмаймыз.

Екіншіден, бүгінде орыс сынып­тарына арналған қазақ тілі оқулық­та­рының «Қазақ тілі» пәні деген аты ғана болмаса, оның ішіндегі сабақтардың мазмұны тарих, биология, философия, тіпті дін тақырыбына байланысты болып келеді. Оқушы тілдің коммуникативті қызметінен гөрі сабақ үстінде көбіне когнитивті, яғни ойлау, тану бағытына ауысып кетеді де, күнделікті тұрмыста қажет шағын фразалар мен сөздерді үйрене алмайды, содан көшеге шыққанда қарапайым қазақша сөздерді айта алмайды. Қазақ тілін энциклопедияның негізінде үйретуді қою керек! Себебі өтіп жүрген тақырыптардың тапсырмалар легі белгілі бір мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпаратты танумен шектелген. Дін де­мекші, орыс сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығының бірінде мы­надай жаттығуға кез болдым. «Адам денесінде қарнынан өткен жаман ыдыс жоқ. Адам баласы бірнеше асап жеген тамақпен шектелсе де болады. Қажет болса, қарнының үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға, үштен бірін дем алып тұруға ажыратсын» (хадистен) деп келтірілген. Оқушы бұл тапсырманы аударып, түсініп алуы керек. Он жасар балаға мұндай «дінге» қатысты тапсыр­малар ауыр деп есептеймін. Оның ор­нына қазіргі жас ақын-жазушы­ла­ры­мыз­дың еңбектерінен үзінді берсе, құба-құп болар еді.

Жалпы, оқушылар емес, ересек орыс азаматтарынан қазақ тілін неге үйрен­бей жүрсіз деп сұрай қалсаңыз, «егер өз тіліммен бұл елде жүріп-тұра алсам, бұл тіл не үшін қажет?», «кез келген қазақ менің сұрағыма өз тілімде, орыс тілінде жауап беріп жатса, бұл тілді мен қай жерде қолданамын?» секілді жауаптарды естиміз. Меніңше, жауаптары орынды. Себебі кез келген жаңа тілді үйрену үшін адамға мықты ынта, үнемі әрекетке итермелеп отыратын берік мотивация қажет. Ал елімізде орыстілді азаматтардың қазақ тіліне деген қажеттілігі жоқ бол­ғандықтан, тілімізді үйренуге деген ықыластары да жоқ.

Сондықтан жоғарыда атап өткен үш «м»: маман, методика, мотивация тіл үй­ретуде бір-бірінсіз дұрыс қызмет көрсете алмайды. Тілді үйретуде үшеуінің берік болуы аса маңызды.

– Қазір «Болашақ» стипендиясының байқауына қатысу, мемлекеттік қызметке қабылдану үшін «Қазтестті» тапсыру ке­рек. Егер тіл меңгеру деңгейін анықтауда «Қаз­тестті» IELTS-пен салыстырса, бізді­кі­нің сапасы онымен шамалас емес-ау деген ой келеді. Маман ретінде сіз не дейсіз?

– Меніңше, тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін тест форматында өткізу адамның тілдік деңгейін нақты көрсете алмайды. Тест тапсырушы тест жүйесінің ішкі мазмұнын, техникасын үйреніп алса болғаны, ол тілді жетік білмесе де, діт­теген ұпайын алып шыға алады. IELTS-ті тапсырушының тестке өздігінен дайын­дала алатын оқу-құралдары жеткілікті. Тесттің әр бөлімінде: оқылым, жазылым, лексика-грамматика, тыңдалымды ма­шықтандыруға арналған оқу-құрал­дардың қағаз нұсқасы да, электронды нұсқасы да бар. Ал «Қазтестке» дайын­дайтын оқу-құралдардың электрондық нұсқасын былай қойғанда қағаз нұсқа­сына қол жеткізу қиын. Нақты тест ор­талығына хабарласып, сатып ала аласыз. Мазмұндық жағына келер болсам, бірін­ші «Қазтесттің» IELTS-тегідей «сөйлесу-speaking» бөлімі жоқ. Ал тілді меңгеру деңгейін анықтағанда сөйлесу бөлімінің болуы аса маңызды. Себебі тест тапсы­рушы сөйлеу барысында өзінің кри­тикалық әрі креативті ойын тіл арқылы көрсетуге мүмкіндік алады. Екінші, лексика-грамматика бөліміндегі тап­сырмалар легі қазақ тілінің лексика-грамматикалық ережелеріне негізделіп құрастырылған. Мәселен, әлі күнге дейін «мына сөздердің мағынасына жуық (синоним), қарама-қарсы (антоним), айтылуы мен жазылуы бірдей, бірақ мағыналары әртүрлі (омоним) сөздерді тап» секілді тест сұрағы кездеседі. IELTS-ке келер болсақ, лексика-грамматикалық тапсырмалар функционалды грамматика мен логикаға негізделіп құрастырылған. Үшінші, меніңше «Қазтесттің» тыңдалым бөліміндегі диалогтер саны мен оқылым бөліміндегі мәтіндер тым көп, олардың саны 6-дан 10-ға дейінгі тақырыптан тұрады. Зейінді бір мәтіннен екінші бір мәтінге ауыстырып отыру, тест тапсы­рушының когнитивті күшін қатты талап етеді. Ал IELTS-те мәтін саны аз. То­лыққанды мазмұнға ие үш мәтінді оқып, тест тапсырмаларына жауап беру салыс­тырмалы түрде оңай.

– Соңғы жылдары қазақ отбасы­ларында тілі орысша шығатын бүлдіршін­дер көбейді. Ата-аналар мұны YouTube-те орыс тіліндегі мультфильмдердің көптігімен түсіндіреді. «Балапан» телеарнасына көңі­лі толмаған бала сол «Маша және аю», «Фик­сики» секілді мультфильмдерді кө­реді екен. Соңғы кезде ағылшынша мульт­өнімдердің көрермені артып барады. Содан бала өсе келе «сәлем» демейді, «привет» дейді. Бұл ұрпақты қазақша сөйлету мүм­кін бе? Әдісі қандай?

– Дұрыс айтасыз, қазір «Маша және аю» секілді әртүрлі мультфильмдерге телмірген балаларымыздың тілі орысша шығуда. Себебі тілашар жасындағы ба­лалар, яғни жеті жасқа дейінгі бала өз ана тілі мен шет тілін ажыратып жатпайды. Сәйкесінше, олар бейсаналы түрде кез келген тілдің құрылымын сіңіре береді. Осы жаста бала белгілі бір тілдің құ­рылымы мен сөздерін жиі естіп, көп қолданса, сол оның дүниетанымының доминантты тіліне айналады. Осы себепті өзге тілдегі анимациялық өнімдер балаларымыздың тілінің қалыптасуына әсер етеді. Қазақ балалары ана тілінде сөйлессін десек, біз балаларға қазақ тіліндегі сапалы анимацияларды ұсына алуымыз керек. Яғни, олар тілді ойлап жүріп емес, ойнап жүріп сіңіреді. Басқа жолы жоқ! Айтпағым, тілашар жастағы балаларды ұлттық өзектен шыққан образдар бейнеленген сапалы анима­циялармен көбірек қамтамасыз етсек, баланы қазақша тәрбиелейміз, тілін ашамыз, танымын кеңейтеміз, бекітеміз.

Қазақша тәрбиелейміз демекші, бүгінде балаларымыздың тілінің орысша шығуының бірден-бір себебі қазіргі қазақ отбасындағы «ата-әже» институты құндылығының, қажеттілігінің төмен­деуінен десем қате айтпаған болар едім. Тілі жаңа шығып, былдырлап сөйлеп жүрген баланың жанынан үнемі ата-анасының табыла бермейтіні анық. Осы орайда «ата-әже» тәрбиелік мектебі аса қажет. Себебі олар – өткен мен бола­шақ­тың алтын көпірі іспеттес. Балаларымызға нағыз тіліміздің табиғаты мен шұрай­лылығын таныстыратын осы кісілер. Сондықтан ата-әжесінің тәрбиесіндегі балалар бүгінде қазақтың ертегілерін, аңыз-әңгіме, өлең, жаңылтпаштарға толы алтын көмбесінен тәлім-тәрбие алса, әлеуметтік желінің жетегінде жүр­мей, тілімізді таза күйде қолданып, қазақша жатық сөйлеп кетер еді.

– Бүгінде сөз арасында орысша тір­кестерді қолданбайтын қазақты кездестіру қиын болып барады. Орысша сөздерді араластырмаса, ойын жеткізе алмайтындай көрінеді де тұрады. Бұл ненің белгісі, азаматтар ақпаратты көбірек орыс тілінде алғанның салдары ма? Саф қазақ тілінің үлгісі, әлде қолданыстан ақырын ығыс­тырылып бара ма?

– Әлеуметтік желілерде орыс-ағыл­шын тіліндегі ақпараттар басым екенін айтпасақ та түсінікті. Осының салда­рынан тіліміз бірінші өзінің табиғатынан, екінші тазалығынан ажырап бара жатыр. Табиғатынан дегенім, ақпаратты үнемі орыс немесе ағылшын тілінде тыңдап, естіп жүргендіктен, қазақ тілінің басты заңдылығы – үндестік заңы, яғни дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің фонетикалық бейнесі өз қалпынан алшақтап, сөзде­ріміз құлаққа жағымсыз естіліп жүр. Әйтпесе, қазақ тілі – тыңдаушы үшін өте әуезді тіл.

Ал тіл тазалығына өзім екіұшты көз­қарастамын. Біріншісі, қай заманда да қа­зақ тілі басқа тілдермен әсерлеспей, өзгеріске ұшырамай, қатып қалған тіл болған емес. Белгілі бір тарихи кезең­дерде араб, парсы, моңғол, орыс тіл­дерінен ен­ген сөздер әлі күнге дейін біздің ті­лі­мізде қолданыста. Тілдің мо­дерниза­ция­лауға ұшырау құбылысы – сол тілде сөй­лейтін халықтың жаңаруға бейімделу әлеуетінің күштілігін көр­сетеді. Сон­дық­тан кейбір ағылшын сөздерінің күнделікті диалог, әңгі­ме­лерімізден орын алуы – қалыпты құ­былыс. Мысалы, «пранк», «про­моушн», «кредит картасы», «дис­контты карта», «бренд», «тренд», «батл» «онлайн», «оффлайн» секілді сөз­дер қа­зақ тілінің қол­данысына еніп жатыр.

Екіншісі, күнделікті сөйлесу бары­сында сөздердің қазақ тіліндегі бала­масымен қатар орыс тілінің қысқа сөздері қатар қолданылып жүр. Олар: так, вот, и, но, уже, ещё және орыс тілінің кез келген етістігі мен қазақтың көмекші етістігі «етті» сөзі. Мысалы, «позвать етті», «приглашать етті», тағы басқа. Енді бұл сөздерді жиі естігендіктен, тіліміздің құрылымына оңай еніп кеткен. Олардың қолданыс аясын кеңейтіп жүрген өзіміз. Сондықтан тұрмыста, жұмыста әңгіме­мізге, сөйлеу процесіне осы сияқты па­разит сөздерді қыстырмай сөйлеуді қолға алуымыз тағы да өзімізге байланысты!

– Әңгімемізге рақмет.