Мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша семинар

Мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша семинар

Қазіргі ақпараттық –коммуникациялық кезеңде өмір сүріп жатқан әрбір азаматтың іскерлік сауаттылығы өте жоғары болу керек. Егер кәсібіңізде қандай да бір жетістікке жеткіңіз келсе ісқағаздарды дұрыс рәсімдеуге, адамдармен мәдениетті қарым-қатыс орнатуға, ұлттық этикет үлгілерін білуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрену қажет.

Қазіргі ақпараттық –коммуникациялық кезеңде өмір сүріп жатқан әрбір азаматтың іскерлік сауаттылығы өте жоғары болу керек. Егер кәсібіңізде қандай да бір жетістікке жеткіңіз келсе ісқағаздарды дұрыс рәсімдеуге, адамдармен мәдениетті қарым-қатыс орнатуға, ұлттық этикет үлгілерін білуге, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрену қажет. Іскер азаматтың бойындағы осы қасиеттерді дамыту мақсатында 23.10.2020 жылы «Лұғат» қоғамдық қоры «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ тапсырмасымен «Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және іскерлік әлемдегі тілдік коммуникация» тақырыбы бойынша мемлекеттік грант аясында Алматы қаласы бойынша семинар өткізді. Семинар қызығушылық танытқан барлық қазақ тілді ҮЕҰ өкілдеріне арналды. Семинардың негізгі мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі бес стильдің бірі ісқағаздарын жүргізуге қатысты нормативтік – құқықтық құжаттарды, сондай ақ ҮЕҰ өкілдерінің әлеуметтік саладағы ауызекі сөйлеу жұмыстарын жетілдіру.

Семинарды Zoom бағдарламасы арқылы қосымша сілтеме арқылы онлайн көруге де мүмкіндік жасалды.



Қазіргі шектеулерге байланысты семинар екі рет қырық адамды қамтып өткізілді. Барлық қатысқаны 80 адам. Карантин талаптарына сай орындардың арақашықтығы сақталып, әр адамға бетперде таратылды. Қатысушыларға семинар тақырыбына қатысты әдістемелік нұсқаулықтар берілді. Аталмыш тақырып теориялық және жаттығу, сұрақ-жауап, аудиториямен байланыс сипатында талқыланды. Семинарды іскерлік салада дәріс беріп жүрген әрі мемлекеттік тілді дамытуда еңбек етіп келе жатқан филолог мамандар жүргізді.

Конференция 2 бөлімді қамтыды:

Бірінші бөлімде спикер Н.Ә. Әміреев «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жазуда кездесетін кейбір қателіктер» тақырыбын баяндап, аудиториямен байланыс орната отырып, кейбір құжаттармен мысал келтіру арқылы негізгі қателіктерге көңіл бөлді. Олардың дұрыс нұсқаларымен таныстырды. Осы тұста көп адамның іс-қағаздарды қате жазуына әсер ететін калька аудармалауға ерекше назар аудартты.


Екінші бөлімде спикер Қ. Советханқызы іскери қарым-қатынастың ерекшеліктерін сөз етіп, сөз мәдениеті мен этикет нормаларына арнайы тоқталып өтті. Харизманың маңыздылығы, оны дұрыс қолдану туралы сөз қозғады. Сонымен қатар шешендіктің қыр-сыры жайлы ақпарат беріп өтті.

Қатысушылар тарапынан қазіргі жағдайға сәйкес онлайн қарым-қатынас жасауға қатысты сұрақтар қойылып, талқыланды. Бұл шарада көтерілген мәселелер Whatsapp желісінде сұрақ-жауап түрінде жалғасын тауып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Заманауи әдіс-тәсілдер сараланып, тиім-тиімсіз жақтары анықталды. Техника дамуының сөз саптауға әсері сипатталды, ресми қарым-қатынаста мәселенің оңтайлы шешімін табу жолдары қарастырылды. Іс-қағаздарды жазуда кездесетін негізгі мәселелердің шешу жолы көрсетілді. Алдын ала берілген әдістемелік нұсқаулықтан іс-қағаздардың дұрыс үлгілері көрсетілді. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Төлеужанова Жансая Санатқызы

Мемлекеттік тілді дамыту институтының қызметкері