МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІН АРТТЫРУ

МҰҒАЛІМНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІН АРТТЫРУ

«Шалқар» радиосының «Сөйлеу мәдениеті» хабары қазақ тілінің мән-жайына жан-жақты талдау жасап келеді. Бұл жолғы эфир тақырыбының мазмұны осыған саяды. Соның ішінде жыл сайын өткізіліп келе жатқан оқытушылардың Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқауы егжей-тегжейлі сараланады.

Жүргізуші Айнұр Шамшейітова да, сұқбат беруші София Омарова да да тіл тақырыбын терең білгендіктен әңгіме барысында тереңдеп кететін тұстары аз емес.

Ұлт ұстазы, қазақ ғылымының бастауында тұрған Ахмет Байтұрсынұлы өте көп оқыған адам, Толстойдың мына сөзін кейінгі ұстаздарға ұсыныс қылған екен: «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ, олақтықтың белгісі – бір әдісті болу, ал шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті ойлап табу»

Осындай дәйекті дәлел арқылы тыңдаушыны баурап отырады.

Әсіресе, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі мен оның маңызы туралы құнды ақпарат ала аласыздар.

Сұқбаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныс боласыз: https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3463781810405683&id=100003216950797