«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»

«АБАЙДЫҢ ӨЗІН ОҚЫҒАН АБЗАЛ»

«Шынында, әр ұлттың, әр халықтың сан ғасырлық сапарында өзі бір ой толқытатын, көз тоқтататын үлкен ұлы тұлғалары болады. Жалпы ондай тұлғалар көп болады. Бірақ, сол тұлғалардың ішінде бірегейі болады. Біз үшін ол, әлбетте, Абай. «Қазақтың Бас ақыны» деп 1913 жылы Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) айтып кеткен. Абай сол қазақтың Бас ақыны деген ұғымнан да «қазақтың Бас адамы» деген ұғымға лайық тұлға».

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовтың Қазақ радиосының тікелей эфирі «Басты тақырыпқа» берген сұхбаты осылай басталып, ұлы ақын туралы көбірек айтқаннан гөрі, оның мол мұрасын жиі оқыған абзал деп ой түйіндейді.

Тәжірибелі журналист Азамат Жомартұлы талқыға түсіп отырған тақырып төңірегінде терең сөз қозғап, жан-жақты сұрақтарымен әңгіме көрігін қыздырып отырды.

Ғалымның Абайды зерделеп оқып, тану жөніндегі көркем тілмен көмкерілген көрікті ойларымен толығырақ танысу үшін мына сілтемеге жүгініңіз:

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3122245017895553&id=199828880166047