ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

«Күйді ұқпаған кісілер сөзді ұға ма, өзің айтшы, Домбыра?!» – деп ақын жырлағандай, бұл күн – ұлттық құндылықтарымызды ардақтап, терең тамырымызға ой жүгіртетін шуақ пен шаттыққа бөленген мереке.

Қазаққа қиындықта сүйеу, қуанышта көңіл қанаты болған қара домбыраның қоңыр үні – қанымызда, бебеулеген сарыны – санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Сондықтан, шанағынан шамырқанған күй төгілсе, елең етпейтініміз жоқ.

Жоралы жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!