ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі байқау жеңімпаздарын марапаттады

Барлық нәрсені жақсы ырымға жоритын халықтың ұрпағымыз ғой, биылғы дәстүрлі доданың қорытындылау салтанаты қасиетті жұмаға сәйкес келгеніне ішіміз жылып қалды. Онлайн-режимінде өткен шараға тікелей қосылуға тілек білдіргендердің саны көп болды. Бәрінен көтеріңкі көңіл күй есіп тұрды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың: «Мемлекеттің жан-жақты дамуына, елдің бірлігіне бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі зор. Біздің ортақ мақ­сатымыз – бір-бірімізді қолдау, бірге әрекет ету, елдің, экономиканың дамуы, әлеу­меттік саланың гүл­денуі, өмір­дің тыныштығы. Сіздер, журналистер қауымы, алтын көпір болып келесіздер», – деп басталған ақжолтай Құттықтауы қолына қалам мен микрофон ұстаған қауымды қанаттандырып жіберді.

Онлайн-марапаттың модераторы, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталықтың атқарушы директоры Ербол Ердембекұлы бәйгеге қатысқан барша үміткерлерге ризашылығын білдіріп, Қазылар алқасының жұмысына тоқталды. «Мемлекет басшысының "Ана тілі" газетіне берген "Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр" деген арнайы сұқбатында ана тіліміз туралы толғамды пікір айтылған. Үміткерлердің қай туындысын алсаңыз да, осы мақсат жолында жұмыла жүк көтерісіп келе жатқаны қуантады».

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 56 журналистің 2019 жылғы 11 маусым мен 2020 жылғы 3 маусым аралығында жарияланған 116 материал талқыға түсті.

Аталымдар бойынша жіктесек:

  • «Үздік мақала» бойынша қатысушылар саны – 24, материалдар саны – 49;
  • «Үздік сайт мақаласы» бойынша қатысушылар саны – 12, материалдар саны – 25;
  • «Үздік радиобағдарлама» бойынша қатысушылар саны – 11, материалдар саны – 23;
  • «Үздік телебағдарлама» бойынша қатысушылар саны – 9, материалдар саны – 19.

Бас жүлде – 1 млн теңге;

І орын (төрт аталым бойынша) әрқайсысына 500 мың теңге;

ІІ орын(төрт аталым бойынша) әрқайсысына 350 мың теңге;

ІІІ орын (төрт аталым бойынша) әрқайсысына 150 мың теңге;

«Үздік мақала» номинациясы

Сімәділ Қарагөз Серікқызы, «Ана тілі» газеті, ІІІ орын, 150 000 тг.

Бектасова Гүлзина Тұрғанбайқызы, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті, ІІ орын, 350 000 тг.

Пазылов Орынбек Өтемұратұлы, «Егемен Қазақстан», І орын, 500 000 тг.

«Үздік сайт мақаласы» номинациясы

Әбдуәли Аян Бекжанұлы, «Elorda Aqparat», ІІІ орын, 150 000 тг.

Өрібай Аян Бекенұлы, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі, ІІ орын, 350 000 тг.

ЕрмұхамедМәулен, «Аладоп.кз» сайты, І орын, 500 000 тг.

«Үздік радиобағдарлама» номинациясы

Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы, «Шалқар» радиосы, ІІІ орын, 150 000 тг.

Шамшейітова Айнұр Асылханқызы, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг.

Гүлнұр Омарханқызы, «Шалқар» радиосы, І орын, 500 000 тг.

«Үздік телебағдарлама» номинациясы

Қалдыбаева Гүлнұр Ғазизқызы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы, ІІІ орын, 150 000 тг.

Кашкинбаева Жанар Тойшановна, «Акцент» Лисаков телеарнасы» ЖШС, ІІ орын, 350 000 тг.

Құттыбеков Айбек Құттыбекұлы, «Жетісу» телеарнасы, І орын, 500 000 тг.

Бас жүлдеТөлебаев Дәуіржан Жұмажанұлы, «Ана тілі», 1 000 000 тг.