Жаңа әліпбиге ​Ц,Ч, Щ дыбыстарын әліпбиге енгізу қажет пе?

Жаңа әліпбиге ​Ц,Ч, Щ дыбыстарын әліпбиге енгізу қажет пе?

Қазір «Латын әліпбиіне не үшін көшеміз?» деген сұрақ қойсаң, басым көпшіліктің «Өзге елдермен тереземіз тең болу үшін, әрбір елдің мемлекеттік тілі болуымен қатар, өзінің төл әліпбиі болуы керек» деп жауап беретіні сөзсіз. Жақсы, латын әліпбиіне көшуге бел будық делік, ендеше өзіміздің дыбыстық ерекшелігімізге сай келетін әліпбиді қалай жасаймыз деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Дәл осы тұста «Қазақ тілінің дыбыстық табиғатына сай келмейтін кірме дыбыстар мәселесінің жағдайы не болады? Оларды болашақ әліпбиге енгізудің қаншалықты керегі бар?» деген сияқты көпшілікті мазалайтын сұрақтарға да жауап іздеп көрелік! Ол дыбыстардың бірқатары–«ц», «ч», «щ».Бұл таңбалармен берілетін сөздердің барлығы тілдік қорымызға кеңестік кезеңде орыс тілі сөздері арқылы енгені белгілі. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері кірме сөздердің бірқатары қазақ тіліне аударылды, бірқатары дыбыстық үндесімге бейімделді. Олай болса, осы таңбалармен келетін сөздерге неге балама таппасқа?! Бұл дыбыстарды жаңа әліпбиге енгізетін болсақ, ол қандай қазақ әліпбиі бола алады деген сұрақ туындайды. Онда ешқандай қазақшылықтың иісі мұрнымызға келмейтіні түсінікті. Ал біздің бүгінгі ұрпақ алдындағы міндетіміз қазақ халқына тән емле ереже құру екенін ұмытпауымыз керек. Бүгінге дейін ұсынылған жобалардың ішінде«ц», «ч», «щ»дыбыстарын әліпбиге енгізудіқұп көріп отырғандардың да бар екенін білеміз. Олардың бірқатары ең оңай нұсқа ретінде дүниежүзіне ортақ дайынхалықаралық фонетикалық алфавиттің таңбаларын алуды дұрыс деп таниды. Осыған жауап ретінде А. Байтұрсынұлының «Әліпби деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы» деп жазған болатын. Демек, әріптердің тіл дыбыстарын нақты таңбалауына, оқуға және жазуға жеңіл болуына, үйретуге оңай болуына басты назар аударуымыз қажет.

Әліпби жасауда жоғарыда аталған дыбыстарды енгізудің қажеттілігі жоқ дейтін себебіміз, қазақ тілінде осы уақытқа дейін қолданылып жүрген«ц», «ч», «щ»дыбыстары көбінесеорыс тілінен енген кірме сөздерде ғанақолданылады. Ал тіліміздегі «ащы», «тұщы», «кеще» сөздері«ашшы», «тұшшы», «кешше»деп қосаршшдыбыстары арқылы айтылатыны белгілі.Кірме щетка, борщ, щи, плащт.бсияқты санаулы сөздерге болащтаңбасын қалдыру қажет емес. Осы сөзімізге дәлел ретінде ғалымТ.Жанұзақовтың басқаруымен2008ж. жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»Ц әрпінің астында «цемент», «цирк», «цент» т.б.36 сөз, Ч әрпінің астында10 сөз (чардаш,чарльстон, чек, чемпион, чемпионат, черкес, черемистер, чех, чуваш,чукша)ғана берілген.Осының ішінде чек, чемпион, чемпионат сөздері ғана қолданысымызда жүргені белгілі. Чек сөзін түбіртек, чемпион сөзін жеңімпаз деп айтып та жүрміз.Ал «щ» әрпі сөздікте мүлде жоқ. Бұдан шығатын қорытынды, болашақ үшін әлемдік кеңістікке енуді мақсат етіп, латынграфикалы әліпбиге өтуді жөн деп отырған біздер үшін кірме дыбыстарды қосақтаудың қандай қажеттілігі бар?Сонау қылышынан қан тамып тұрған кеңестік дәуірдің өзінде аталарымыз печь (пеш), ситец (сиса), ящик (жәшік), ботинка (бәтіңке) т.б. деп икемдеу арқылы тамаша атауларды ойлап таба білді және оған бола арнайы ереже де шығарған жоқ.Ал біз болсақ, қанша ғасыр өтсе де халықаралық сөздерді аударып, тіліміздің ішкі заңдылығына бағындырып, өзімізге икемдесек,жаңалықтан жалтарып далада қалатындай қорқамыз.

Бұл әріптердің өзі орыс тілінен енген сөздерді, түпнұсқасында қалдыру үшін алынғаны белгілі. Белгілі ғалым: Н.Уәлиұлы: «Әліпбидегі әріптердің саны шамадан тыс көп болуы мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымызға оңай тимейді. Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне қатыссыз әріптерді жаттау миға салмақ түсіреді» –дейді. Оның үстіне кирилше жазуға негізделген әліпби қазақ тілінің дыбыстық жүйесін кемелді етіп көрсете алмайтыны анық.

Сондықтан тәуекелге бел байлап, тарихи сәтті пайдаланып, өзіміздің тілдік заңдылығымызға сай әліпби жасауымыз керек. Бүгінге дейін бекітілген әліпбиде«ц» мен «ч»-ны sh, сh диграфтарымен таңбалау арқылы не ұттық?Қайтадан щ, ч, ц дыбыстарына жеке таңба арнап диграфпен беріп, қиындық тудырудың еш қисыны жоқ. Қазіргі қоғам щ,ч,ц дыбыстарын диграфпен беруге түбегейлі қарсы. Өйткені осыған дейін бекітілген әліпбидегі Ashat (Асхат/ Ашат), ashana (асхана/ ашана), shema (схема/ шема) секілді сөздердің құрамында кездесетін shдыбысы қоғамда дау тудырды.

Қорыта айтқанда, латын әліпбиіне көшу тек таңбаларды ауыстыру емес, ең негізгісі – ұлтымыздың рухани жаңғырудыбарынша тиімді жолдармен түзілген төл таңбамыз арқылы көрініс тапқанын сезінуі емес пе!?Біздің ойымызша,қазақтың «ш»-сы тұрғанда «ч» мен «щ»-ның төрге озар орны жоқ. Сондықтан төл дыбысымыз «ш» әрпі Şş(седиль)таңбасын иеленіп,«ч», «щ», кірме дыбыстарысахнадан шығарылса құба-құп болар еді.Себебі ч, щ таңбасымен келген кірме сөздерді қиындықсыз ана тілімізге игеріп алуда«ш»әрпініңқұдіреті жетеді. Ал цтаңбасы осыған дейінгі бекітілген әліпбиде болмағандықтан, халықтың көзі S таңбасымен оқып, жазуға дағдыланып та қалған.Бұл таңбалардыңкірме сөздерді ана тілімізге икемдеудегіқызметі өте жоғары болары сөзсіз.