Тренерлерге дәріс-семинар өтеді

Тренерлерге дәріс-семинар өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ағымдағы жылдың 28-29 тамы зкүндері Семей қаласында «Жаңа емле: құрлымы мен мазмұны» атты республикалықшара латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс- семинар ұйымдастырады.

Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор.

Дәріс-семинар мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезіндемүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Жаңа емле ережелерін үйрету барысында инновациялық педагогикалық технологиялар менәдіс-тәсілдердің ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк қағидалары қолданылады.

Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері, БАҚ, баспа қызметкерлері қатысады.

Байланыстелефондары: 8 (7172) 27-71- 32, 87075333873