Жаңа әліпби емлесі Аса тұрғындарына түсіндірілді

Жаңа әліпби емлесі Аса тұрғындарына түсіндірілді

Қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді насихаттау шарасы Аса кентінде жалғасты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп республикалық апталық аясында Жамбыл ауданы, Аса кентінде «Қазақ тілін латын графикасына көшіру маңыздылығы» тақырыбындағы ақпараттық-насихаттау отырысы өтті. Кездесу Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында және Жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды.

Отырыс мақсаты – аудан жұртшылығына қазақ әліпбиінің маңызы мен жаңа емле-ережелерінің мазмұнын түсіндіру, ұлттық жазудың болашағы туралы ақпарат беру, жаңа емлені меңгерту.

Шараға жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Б.Нұржекеұлы, ҚР Сенаты депутаты М.Бақтиярұлы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары С.Құрманбекова, тілтанушы ғалым Ж. Ағабекова, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов қатысты.

Әлемдік дамыған тілдердің ерекшеліктері мен қазақ тілін дамытуда олардың жіберген қателіктерінен сабақ алу керек» дейді. Жаңа әліпбі кирилл әліпбиінің перефериясы болмау керек.

Тұрғындармен кездесу барысында ҚР Сенат депутаты М.Бақтиярұлы:

- Мінсіз әліпби болмайды. Әлемдік тәжірибелерге қарасақ, мінсіз әліпби таба алмаймыз. Дегенмен, біз жаңа әліпбиде, емледе қазақ тілінің әуезділігін, бар маңыздылығын сақтап қалуға жұмыс жасауға тиіспіз, - деді.

Сенатор пікірін «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов былай жалғастырды.

- Әлемдік дамыған тілдердің ерекшеліктері мен қазақ тілін дамытуда олардың жіберген қателіктерінен сабақ алу керекпіз. Жаңа әліпбі кирилл әліпбиінің перифериясы болмау керек,- деді ол.

Ақпараттық-насихаттау шарасына мемлекеттік қызметкерлер, әр түрлі сала өкілдері, аудан тұрғындары және жастар қатысып, латын графикасына көшу кезеңдері туралы толық мәліметтер алып көкейдегі сауалдарын да ашық жолдады. Еркін форматта өткен кездесу қос тарапқа да тиімді болды.




ФОТОГАЛЕРЕЯ