Республикалық дәріс-семинар Көкшетауда жалғасады

Республикалық  дәріс-семинар Көкшетауда жалғасады

Ағымдағы жылдың 16-17 мамыр күндері Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты латыннегізді қазақ жазуын меңгертетін, Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқытатын дәріс-семинар ұйымдастырады.

Дәріс-семинардың мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Тыңдаушыға қазақ әліпбиінің қысқаша тарихы, графикасы мен құрамы, әріп-фонема арақатынасы, қазіргі айтылым және жазылым нормалары туралы ақпарат беріледі. Ересектерге латын әліпбиін үйрету кезінде мүмкіндіктерін дамытып, білімін толықтырады. Семинарға өңірдегі оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мекеме қызметкерлері қатысады.