​«Тілдік келісім» фестивалі өтті

​«Тілдік келісім» фестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Тілдік келісім» жобасы аясында фестиваль өтті.

Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде ауқымды жобаларды іске асыруда. Солардың ішінде «Тілдік келісім» жобасы. Жобаның мақсаты – ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тілімізді, мәдениетімізді, өмір салтымызды заманға сай одан әрі байыту, оны бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру арқылы жаңа ұрпақты қалыптастыру.

Фестиваль барысында өңіріміздің тарихын, мәдени мұрасын, ана тілімізді, рухани құндылықтарымызды насихаттау бағытындағы мәдени-сауықтыру концерттік бағдарламасы ұсынылды. Шарада тәрбиеленушілермен «Асық ату», «Сақина салу» және басқа да дүниетанымды арттыратын ойындар ойнатылды.

Аталмыш шараға Павлодар қаласының және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты.