​«Қазақшаңыз қалай?» акциясы басталды

​«Қазақшаңыз қалай?» акциясы басталды

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастамасымен қалалық сауда үйлерінде «Қазақшаңыз қалай?» акциясы өтті. Аталған іс-шараны ұйымдастыруға «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жаткан Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді студенттері атсалысты.

Акцияның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын барынша кеңейту және оның қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына енгізу болып табылады.

Акцияға қаланың тұрғындары қатысып, қойылған сұрақтарға қазақ тілінде жауап беріп, мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтады. Акцияның белсенді қатысушылары ынталандыру сыйлықтары табысталды.