Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және терминдерді біріздендірудің жолдары

Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және терминдерді біріздендірудің жолдары
IMG-20150113-WA00032014 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында іс жүргізушілер мен аудармашы мамандарға арналған  «Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және  терминдерді  біріздендірудің жолдары» тақырыбында  біліктілік жетілдіру курсы өтті.  Курсқа қатысушылар Астана медицина университетінің профессоры Мұхамбедия Ахмет-Төренің «Сөз тіркестерін орысшадан қазақшаға аударуда кездесетін ерекшеліктер», аудармашы Зүбайра Камалиқызы Досмағамбетованың «Ісқағаздарын бір тілден екінші тілге аударудың тиімді тәсілдері», педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Хамзаханқызы Шадиеваның «Мемлекеттік тілде іс жүргізудегі емлелік ерекшеліктер», Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Алма Әбдінасырқызы Шоқаеваның «Мемлекеттік тілде іс жүргізудің негізгі мәселелері» тақырыптарында жүргізген курстарынан мол тәжірибе жинақтап қайтты. Алматы, Астана қалаларынан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарынан арнайы біліктілікті арттыру үшін келген ісжүргізушілер, аудармашылар қатысып, тәжірибе алмасты.