​Қызылордада облыстық «Тіл парасат» байқауы өтті

​Қызылордада облыстық «Тіл парасат» байқауы өтті

Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген орыс этносы жастарын анықтау мақсатында облыстық «Тіл парасат» байқауы өтті.

Байқауға 18-22 жас аралығындағы Қазалы, Жаңақорған, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын 9 талапкер қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің 3-курс студенті Елена Наумова І орынды жеңіп алса, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің 2-курс студенті Анастасия Романова ІІ орынды, Қызылорда жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті Нина Рузаева ІІІ орынды иеленді.

Ал, Жаңақорған аграрлық-техникалық колледжінің 1-курс студенті Светлана Казакова, «Болашақ» колледжінің 2-курс студенті Виктория Набиева және Сырдария аграрлық-техникалық колледжінің 2-курс студенті Евгения Кочерещенко ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Байқау жеңімпаздарына басқарманың дипломы мен естелік сыйлығы табысталды.

Айта кетейік, облыстық байқаудың жеңімпазы республикалық «ТІЛ – ПАРАСАТ» байқауында аймақ намысын қорғайтын болады.