Жолдауды қолдау

Жолдауды қолдау

zholdaudy-koldau

2015 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық – саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру әдістемелік орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы талқыланды.

Орталық директоры Ербол Ерденбекұлы өз баяндамасында қазіргі кезеңдегі дүниежүзінде болып жатқан дағдарыстардың өткінші құбылыс екенін айта келе, еліміздің ұлы құндылықтары: ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағына үлкен сеніммен қарау керек екенін айтты. Болашақ ұрпақты өз ана тілінің қадір-қасиетін ұғынуға, ұлтымыздың мәдени мұраларын қастерлеуге, білімді, мәдениетті және бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге атсалысуымыз қажет деді.

Орталық директорының орынбасары Б.Қапалбек әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде Қазақстанның одан әрі дамуы үшін Президент Жолдауының әлеуметтік бағыттылығы мен айрықша маңыздылығына баса мән берді.

Отанымыздың игілігі жолындағы ортақ іске бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып жұмылып, аталған Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды.