Облыстық семинар хақында

Облыстық семинар хақында

Қызылорда облыстық білім басқармасы жанындағы Қызылорда облыстық оқу орталығы №10 дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатымен бірлесіп, үстіміздегі жылдың 26 ақпанында«Көптілділік – әлемдік білім беру қауымдастығына кірігудің негізгі шарты» тақырыбындағы облыстық семинар өткізді.Семинар жұмысына облыстық инновациялық мектептердің ағылшын тілі пәні бірлестігінің жетекшілері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, әдіскерлер қатысты.

Облыстық семинар хақында

Семинарға Алматы қаласынан республикадағы танымал ағылшын тілі бойынша деңгейлік оқулықтарды шығаратын «Macmillan Educaton» және «Oxford Vision» баспаларының мамандары шақыртылды.

Семинар барысында №10 ҚТЛ-дің білім көрмесі мен «Macmillan Educaton» баспасының, «Oxford Vision» баспасының оқулықтары көпшілік назарына ұсынылып, таныстырылды.

Семинар жұмысын Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) директоры Сырым Асқаров ашты. №10 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатының директоры Бақытжан Омаров Қазақ-түрік лицейлеріндегі «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы» тақырыбында баяндама жасады.

Мұнан соң Қазақ-түрік лицейінің ашық сабақтар шеруі өткізілді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Ғ.Ешанов «Conditionals: imaginary situation» тақырыбында, М.Капашев «Movies» тақырыбында жаңа инновациялық әдіс-тәсілдермен сабақ өтіп, ағылшын тілін оқушыларға тиімді үйретудің жолдарын практика жүзінде көрсетті.

Ал «Macmillan Educaton» баспасының Қазақстандағы Өкілдігінің әдіскері Нәзира Ардабекқызы Құратованың «Inspiring learners, enhancing teaching» тақырыбындағы, Астанадағы «USTAZ» кәсіби жетілдіру орталығының директоры Иманғалиев Нұрлан Қуантайұлы «The New Teachers» атты шеберлік сағаттары қатысушылар үшін құнды білім, білік дағдылары болды.