ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

ТІЛ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ

2022 жылғы 27 қыркүйек күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы атқарушы директорының орынбасары Л.Есбосынова Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» форумында тіл мәселесі төңірегінде ой қозғады.

«Тәуелсіздіктің арқасында ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейе түсті. Бұл өз кезегінде қоғамның барлық саласындағы қазақ тіліне деген қажеттілікті өтеу міндетін жүктейді. Ал мұны жүзеге асыру жолында туындайтын мәселе баршылық. Осы орайда атқарылар жұмыс ауқымды. Бас қосуда мемлекеттік тілді өнер, әдебиет, мәдениетте, баспасөз бен дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс-қағаздарға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналдыру мәселесі көтерілді. Осы мазмұндағы пікір-ұсыныстар тәжірибеде қолданылуымен құнды»,– деді Лиза Қожаққызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мемлекеттік маңызға ие мемлекеттік тіл мәселесіне арналған бұл шара еліміздегі патриотизм мен ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қоспақшы.