Славян жазбалары мен мәдениеті күні аталып өтті

Славян жазбалары мен мәдениеті күні аталып өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы славян жазуы мен мәдениеті күніне орай ағымдағы жылдың 24 мамырында Астана қаласында Славян жазбалары мен мәдениеті күнін өткізеді. Шара аясында Ресей ғылым мен мәдениет орталығында «Славян және түркі мәдени-тілдік байланыстары: дәстүрлері мен құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Славян жазбалары мен мәдениеті күні аталып өтті

Конференцияның мақсаты – Қазақстан этномәдени кеңістігіндегі славян тілдерінің алуан қырлы қызметі мен оларды сақтап қалу мәселелері жөнінде пікір алмасу, орыс және өзге де славян тілдерін оқыту бағытындағы жинақталған тәжірибелермен алмасу, ғасырлар тоғысындағы славян және түркі халықтарының өзара тығыз қарым-қатынастарының жолдары мен құндылықтарын талқылау.

Конференцияда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардың славянтану, түркітану, тілдік қатынас, аударма саласындағы баяндамалары тыңдалды.

Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Қазақстан Республикасындағы славян және түркі мемлекеттері елшіліктерінен келген арнайы қонақтар, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер, этноағартушылық мектептер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шара М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында славян этномәдени бірлестіктері ұйымдарының шығармашылық ұжымдары мен өнер шеберлерінің қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ.С. Мелдешов мырза қатысып, құттықтау сөз сөйлейді.

Шараға Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшелері, қоғам қайраткерлері, дін өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары және Астана қаласының ғылыми-педогогикалық және шығармашылық қауымы, сонымен қатар Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілігінің кеңесшісі А.А.Мусиенко, Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығының басшысы В.Н. Нефёдов қатысты.