Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізілді

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО күнтізбесіне енгізілді

Тілтанушы, әдебиетші Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы ЮНЕСКО-ның халықаралық атаулы даталарының күнтізбесіне енгізілді.

Мұндай шешім еліміздің ұсынысы бойынша ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 41-ші сессиясы барысында қабылданды. Жалпы 2022-2023 жылдарға арналған тізімге Ұйымға мүше мемлекеттер ұсынған 67 мерейтой кірді.

Айта кетейік, Қазақстан ұйымға 1992 жылдың 22 мамырынан бастап мүше болып келеді.