Терминдер (Математика)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын материалдарды (терминдерді, сөз тіркестерін) ресімдеу кестесі
Терминдер (Математика) |
|||||||||
р/с |
Орыс тілінде |
Қазақ тілінде |
Этимологиясы |
Анықтамасы (дефинициясы), басқа салаларда қолданылуы |
|||||
А |
|||||||||
1 |
Абсолют плоскости |
жазықтық абсолюті |
Бірінші бөлігі латын тілінен аударғанда absolutus – шексіз, сөзсіз деген мағынаны білдіретін абсолют сөзіне «і» тәуелдік жалғауы жалғануы арқылы жасалған. «Жазық» сөзіне «-тық» сөз тудырушы жұрнағы арқылы жасалған. |
Жазықтықтың, яғни, жазықтық өлшемінің шексіз, абсолютті болуын білдіреді. |
|||||
2 |
Абсолют пространства |
Кеңістік абсолюті |
Латын тілінен аударғанда absolutus – шексіз, сөзсіз деген мағынаны білдіретін абсолют сөзіне «і» тәуелдік жалғауы жалғануы арқылы жасалған. Екінші бөлігі «пространства» ұғымының қазақша атауы «кеңістік» терминологияда әбден орныққан термин. |
Кеңістіктің шексіз, яғни, кеңістік өлшемінің, шамасының шексіз мәнді болуын білдіреді. |
|||||
3 |
Абсолютная величина |
абсолют шама |
Латын тілінен аударғанда absolutus – шексіз, сөзсіз деген мағынаны білдіретін абсолют сөзіне «і» тәуелдік жалғауы жалғануы арқылы жасалған. «Величина» терминінің қазақша баламасы «шама» қазақ терминологиясында орныққан термин. |
Абсолют шама өзге шамалармен салыстыруға болмайтын, бөлек қарастырылатын шама. Ал математикада абсолют шама ретінде модуль танылады, яғни теріс не оң таңбасыз алынған мөлшерді білдіретін нақты сан. |
|||||
4 |
Абсолютная величина вектора |
вектордың абсолют шамасы |
«Абсолют шаманың» векторға қатысты екенін білдіретін күрделі тіркес. Бір құрамы латын тілінен аударғанда absolutus – шексіз, сөзсіз деген мағынаны білдіретін абсолют сөзіне «і» тәуелдік жалғауы жалғануы арқылы жасалған. |
Вектор шамасының абсолютті екенін білдіреді. |
|||||
5 |
абстракция математическая |
Математикалық абстракция |
«Математика» сөзіне «- тық» жұрнағы арқылы жасалған әрі абстракция (латынша abstractio – бөліп алу, ажырату) терминінің математикадағы көрінісін білдіреді. |
Математикадағы абстракция - ойлау әрекетінің маңызды құрамдас бөлігі болып есептелетін, негізгі математикалық ұғымдарды ойша дерексіздендіру әрекеті. |
|||||
6 |
Абсцисса точки |
Нүкте абсциссасы |
Ілік септігінің жалғауы жасырын тұр – нүкте(нің) абсциссасы: абсциссаның нүктеге қатысты екенін білдіреді. |
Ордината осіндегі нүкте. |
|||||
7 |
Автомат конечный |
Ақырлы автомат |
Бірінші құрамы ақыр+лы жұрнағы арқылы жасалған. «Ақыр» ақырғы, соңғы деген мағыналарды береді. Екінші құрам автомат – арнайы тетіктер арқылы жұмыс жасайтын аппаратты айтады. Калька арқылы жасалған термин. |
Дискретті ақпаратты түрлендіретін ақырлы жады бар қондырғының математикалық үлгісі. |
|||||
8 |
Автоморфизм алгебраической системы |
Алгебралық жүйе автоморфизмі |
Орыс тілінен аудару арқылы жасалған термин. |
Алгебралық жүйені өзіне бейнелейтін изоморфтарды атайды. |
|||||
9 |
Аддитивность |
Аддитивтілік |
Аддитив – латынның «қосылушы» мағынасын беретін additivus сөзінен шыққан. Аддитив сөзіне «тік» жұрнағы, оған тәуелділік «і» жалғауының қосылуынан «аддивтілігі» сөзі шығады. |
Аддитивтілік – белгілі бір заттың тұтастай көлемінің мәні сынған зат бөлшектері көлемінің мәніне тең құрамнан тұратын шама жиынтығы. Мәселен, зат көлемінің аддитивтілігі дененің тұтастай көлемі олардың бөлшектері көлемінің қосындысына тең. |
|||||
10 |
Аддитивность площади |
Аудан аддитивтігі |
Аудан. Орыс тілінің «площадь» терминінің қазақша баламасы – аудан. Аддитив – латынның «қосылушы» мағынасын беретін additivus сөзінен шыққан. Аддитив сөзіне «тік» жұрнағы, оған тәуелділік «і» жалғауының қосылуынан «аддивтілігі» сөзі шығады. |
Аудан аддитивтігі (немесе көлем аддивтігі) фигураның ауданы оның бөлшектері аудандарының қосындысына тең. Бөлшектердің аудандарының мәні қорытынды мән болуға тиіс. |
|||||
11 |
АКСИОМА ЛОГИЧЕСКАЯ |
Логикалық аксиома |
Грекше «тұжырым, сана, ұғым» түсініктерні беретін logos сөзінен өрбіген «логика» халықаралық терминіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Аксиома грекше axioma «лайықты қабылданған қағида» деген мағынаны береді. |
Логикалық аксиома –формальды теорияларды қалыптастыруда қолданылатын логика-математикалық тіл формуласы. |
|||||
12 |
АКСИОМА БЕСКОНЕЧНОСТИ |
Шексіздік аксиомасы |
«Шек» сөзіне негативті мағынаны беретін «сіз» жұрнағы мен «-дык» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Грекше axioma «лайықты қабылданған қағида» деген мағынаны беретін «аксиома» халықаралық терминіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Шексіздік аксиомасы – қарастырылып отырған теория жүзінде шаманың шексіздігін қамтамасыз ететін формальды немесе мазмұнды теория аксиомасы. |
|||||
13 |
АКСИОМА ОБЪЕМНОСТИ |
Көлемдік аксиома |
Қазақ терминологияында орныққан «көлем» сөзіне «-дік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Аксиома грекше axioma «лайықты қабылданған қағида» деген мағынаны береді. |
Көлемдік аксиома – екі жиынның тең екендігін дәлелдейтін жиын теориясы аксиомаларының бірі. |
|||||
14 |
АЛГЕБРА АБСТРАКТНАЯ |
Абстракт алгебра |
Орысша «абстрактная алгебра» сөзінің баламасы. |
Абстракт алгебра (жалпы алгебра) – сандар теориясы мен теңдеулерді зерттеуден шыққан математиканың заманауи бөлімі. |
|||||
15 |
Алгебра альтернативная |
Альтернатив алгебра |
Орысша «Альтернативная алгебра» термиінің баламасы. |
Альтернатив алгебра – альтернатив дөңгелек болып табылатын сызықтық алгебра. |
|||||
16 |
Алгебра векторная |
Векторлық алгебра |
Орысша «алгебра векторная» терминінің «вектор» сөзіне сөз тудырушы «лық» жұрнағының жалғануынан пайда болған. |
Векторлық алгебра – векторлар кеңістігімен айналысатын сызықтық алгебраның бір бөлімі. Векторларға қатысты қарапайым операцияларды зерттейтін векторлы есептеу бөлімі. |
|||||
17 |
Алгебра внешняя |
Сыртқы алгебра |
Орыс тіліндегі «алгебра внешняя» терминінің аудармасы. |
Сыртқы алгебра – векторлы кеңістіктің ішкі кеңістігін сипаттауға қолданылатын алгебралық жүйе. |
|||||
18 |
Алгебра гомологическая |
Гомологиялық алгебра |
Грекше «сөйкесінше, сәйкес» мағыналарын беретін homologfa сөзінен шыққан «гомология» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқыл жа салған. Алгебра арабтың «шашыраған бөліктерді қалпына келтіру» деген мағынаны беретін al djebr сөзінен шығады. |
Гомологиялық алгебра – алгебралық топологиядан енген алгебралық объектілерді зерттейтін алгебра бөлімі. |
|||||
19 |
Алгебра линейная |
Сызықтық алгебра |
Күрделі термин. «Сызық» сөзіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Алгебра арабтың «шашыраған бөліктерді қалпына келтіру» деген мағынаны беретін al djebr сөзінен шығады. |
Сызықтық алгебра – векторларды, сызықтық кеңістікті, сызықтық кескіндерді және сызықтық теңдеу жүйелерін зерттейтін алгебра бөлімі. |
|||||
20 |
Алгебра общая |
Жалпы алгебра |
«Жалпы» сөзі «барлығына қатысты, ортақ, барлығы, тұтастай» мағыналарын береді. Алгебра арабтың «шашыраған бөліктерді қалпына келтіру» деген мағынаны беретін al djebr сөзінен шығады. |
Жалпы алгебра – өріс, сақина, алгебралық топтар, тор, сонымен қатар құрылымдық бейнелер тәрізді (бұларды кейде алгебралық құрылымдар деп те атайды) алгебралық жүйлерді зерттейтін математика бөлімі. |
|||||
21 |
Алгебра простая |
Жай алгебра, қарапайым алгебра |
Алгебра арабтың «шашыраған бөліктерді қалпына келтіру» деген мағынаны беретін al djebr сөзінен шығады. |
Қарапайым алгебра – екі мәнді идеалдары жоқ, бір элементті емес алгебра. |
|||||
22 |
Алгебра универсальная |
Универсал алгебра |
Орысша «алгебра универсальная» сөзінің аудармасы. Универсал латынша «жалпы» деген мағынаны беретін universalis сөзінен шыққан. |
Универсал алгебра – алгебралық құрылымдар (топ, дөңгелек, модуль, тор)арасындағы ортақ белгілерді тауып, барлығына ортақ ұғымдар мен тұжырымдарды, қорытындыларды шығаратын алгебралық жүйенің жалпы жиынтығын зерттейтін математика бөлімі. |
|||||
23 |
Алгебра элементарная |
Элементар алгебра |
Орыс тіліндегі «элементарная алгебра» терминінің қазақ тілінің заңдылығына сай жасалған термин. |
Элементар алгебра – нақты және кешенді сандарға қатысты алгебралық өрнектері мен теңдеулерді зерттейтін алгебраның ең көне бөлімі. |
|||||
24 |
Анализ |
Анализ, талдама |
Грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. Анализ терминінің қазақша баламасы – талдау. Қалыптасқан термин. Интернационал термин. |
Анализ (грек. analysis – ыдырау және synthesis бірігу), талдау – объектіні бөліктерге бөлу және оларға сипаттама беруден кұралған зерттеу тәсілі. А. Мектеп пәндерінің барлық түрінде қолданылады: арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия және жоғарғы математика. |
|||||
25 |
Анализ векторный |
Векторлы талдау |
Орыс тіліндегі «векторный анализ» терминінің «вектор» сөзіне «лы» сөз түрлендіруші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. |
Векторлы талдау – математикалық анализді екі немесе одан да көп өлшемдердегі векторларға таратушы математиканің бір бөлімі. |
|||||
26 |
Анализ гармонический |
Гармоникалық анализ |
Орыс тіліндегі «анализ гармонический» терминінің «гармоника» сөзіне «лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. Күрделі термин сөз. |
Гармоникалық анализ – функция қасиеттерін Фурье интагралы немесе оны қатар түрінде көрсете отырып зерттейтін математикалық анализ бөлімі. |
|||||
27 |
АНАЛИЗ ДИСКРЕТНЫЙ |
Дискрет анализ |
Орыс тіліндегі «анализ дискретный» терминінің қазақ тілінің заңдылығына сәйкес жасалған түрі. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. |
Дискрет анализ – математиканың өзінде және өзге де салаларында пайда болатын финитті сипаттағы құрылымның қасиетін зерттеумен айналысатын математиканың бір саласы. |
|||||
28 |
Анализ дисперсионный |
Дисперсиялық анализ |
Орыс тіліндегі «анализ дисперсионный» терминінің «дисперсия» сөзіне «лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. |
Дисперсиялық анализ – орташа мәндер айырмашылықтары маңыздылығын зерттеу арқылы эксперименттік деректерге тәуелділікті іздестіруге бағытталған математикалық статистика тәсілі. |
|||||
29 |
Анализ комбинаторный |
Комбинаторикалық талдау |
Орыс тіліндегі «анализ комбинаторный» терминінің «комбинатор» сөзіне «лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. |
Комбинаторикалық талдау – дикретті нысандарды, жиындықтарды (элементтерді тіркесу, орын ауыстыру, тарату, қайта санау) оларға қатынасты (мәселен, ішінара қатарды) зерттейтін математика бөлімі. |
|||||
30 |
Анализ конструктивный |
Конструктив талдау |
Орыс тіліндегі «анализ конструктивный» терминінің қазақ тілінің заңдылығына сәйкес жасалуы. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. |
Конструктив талдау – математикалық анализ бен математикалық негіздегі әртүрлі ағымдарды біріктіретін атау. |
|||||
31 |
Анализ нестандартный |
Стандартты емес анализ |
Орыс тіліндегі «нестандартный анализ» терминінің қазақша аудармасы. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін synthesis сөзінің шыққан. |
Стандартты емес анализ – айнымалы емес шамадан тұратын шексіз аз саннан емес, сандардың ерекше түрінен болатын математикалық анализді негіздеуге арналған баламалы амал. |
|||||
32 |
Регрессионный анализ |
Регрессиялық анализ |
Орыс тіліндегі «регрессионный анализ» терминінің «регрессия» сөзіне «лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Анализ грек тілінен біріктіру мағынасын беретін «synthesis» сөзінің шыққан. |
Регрессиялық анализ – X1, X2, ..., Xp бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалылардың тәуелді Y айнымалылыға әсер етуін зерттеудің статистикалық әдіс. |
|||||
33 |
Антиподы |
Антиподтар |
Грек тілінен енген термин: antipodes дәл мағынасында – аяққа аяқпен түйістіру. |
Антиподтар (грек тілінен antipodes – аяқпен аяқпен түйістіру) – сфераның диаметральды қарама-қарсы нүктелері. |
|||||
34 |
Булева алгебра |
Бульдік алгебра |
Ағылшын математигі Дж.Бульдің құрметіне аталған. |
Бульдік алгебра –логикалық өрнектер мен операцияларды зерттейтін математика бөлімі. |
|||||
В |
|||||||||
35 |
ВАРИАЦИЯ ФУНКЦИИ |
Функция вариациясы |
Терминнің орыс тіліндегі баламасы дәлме-дәл аудару арқылы жасалған. Функция латын тіліндегі functio ( орындау) сөзінен шықққан. «Вариация» латынның variatio (әртүрлі) сөзінен шыққан. Орыс тілінде қалыптасқан «Вариация» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының қосылуы арқылы жасалған. |
Функция вариациясы – дифференциалды қасиеттерімен байланысты нақты бір айнамалының сандық сипаттама функциясы. |
|||||
36 |
Вектор аксиальный |
Аксиал вектор |
Орыс тіліндегі «вектор аксиальный» терминінің қазақ тіліне сай алынған нұсқасы. |
Аксиал вектор (англ. аxial – осьтік) – құрамы координат жүйесін бұру барысында вектор түрінде жасалынған, алайда кез келген координат өзгерісіне сәйкес вектор құрамдастарының өзгерісіне қарама-қарсы белгіге ауысатын шама. |
|||||
37 |
Векторное поле |
Векторлық өріс |
Вектор сөзіне «лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Поле» терминінің қалыптасқан баламасы – өріс. |
Векторлық өріс – қарастырылып отырған кеңістікте әрбір нүктеге осы нүктенің басына сәйкес векторға қойылатын кескін. |
|||||
38 |
Величина |
Шама |
Қалыптасқан термин. Шама болжалды көлем, мөлшер деген мағынаны береді. |
Шама – ұзындық, аудан, көлем, салмақ т.б. нақты ұғымдардың жалпылануы. |
|||||
39 |
ВЕЛИЧИНА ОБРАТНАЯ |
Кері шама |
«Кері» сөзі «қарама-қарсы, қайшы» деген мағыналарды береді. «Шама» сөзі қазақ терминологиясында толықтай қатысқан термин, математикада «шама» «мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылатын негізгі математикалық түсінік». |
Кері шама – бастапқы шаманы бірлікке (1 санына) бөлуден шыққан нәтиже. Мәселен, 2 санының кері шамасы 2/1 болады. |
|||||
40 |
Вероятность |
Ықтималдық |
Қалыптасқан термин. Ықтимал бір нәрсені мүмкін болу, болмауын білдіреді. |
Ықтималдық – белгілі бір үрдістің, құбылыс пен оқиғаның мүмкін сандық сипаттамасы. |
|||||
41 |
Вертикаль |
Вертикаль |
Латын тілінен енген термин: verticalis – тік, тік сызық, тік бағыт деген мағыналарды береді. |
Вертикаль (лат. verticalis, vertex, verticis – шың, жоғары) – көлденең жазықтыққа перпендикуляр бағыт. |
|||||
42 |
ВЕРШИНА |
Төбе |
Қазақ тілінде толықтай қалыптасқан универсал термин. Геометрияда «геомтериялық фигуралардың ең үстіңгі нүктесі» деген мағынаны береді. |
Төбе – үшбұрыштың, көпбұрыштың екі қабырғаларының түйіскен тұсы немесе пирамида, өзге де көпжақтылардың үш не одан да көп қабырғаларының тоғысқан жеріне сәйкес келетін математикалық нүкте. |
|||||
43 |
Вершина угла |
Бұрыш төбесі |
«Бұрыш» математика саласында қалыптасқан термин. «Заттың екі жағының, жауқтауларының немесе ұзындығы мен еніңнің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. Математика саласында, бұрыш – бір нүктеден шыққан әртүрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура. Терминнің екінші компоненті «төбе» сөзіне «-сі» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Бұрыш төбесі – бұрыш жасап қиылысқан екі түзу кесіндінің түйіскен жері. |
|||||
44 |
Возрастание функции |
Функцияның өсуі |
Латынның «орындалу» мағынасын беретін functio сөзінен өрбіген функция сөзіңне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Анықтауыштық қатынаста тұрған терминнің екінші құрамы «өсу» инфинивті тұлғасына «-і» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Функцияның өсуі – берілген интервал аралығында функцияның мәндерін орналасқанда функция шамасы өсетін болса, бұл функцияның өсуі болып табылады. |
|||||
45 |
ВОЛНА ПЛОСКАЯ |
Жазық толқын |
Орыс тілінен дәлме-дәл аударылған. «Жазық термині математика саласында орныққан термин. «Жазық» сөзі «біртегіс, жалпақ келген, гометриялық табиғи дене» мәнін береді. «Толқын» сөзі де терминологияда қалыптасқан универсал термин. «Бір нәрсенің ауқымы кеңейіп, шарпуының бірден-бірге үдеуін» білдіреді. |
Жазық толқын – бағыты кеңістіктің барлық нүктесіне бірдей таралатын толқын. |
|||||
46 |
Вращение |
Айналу |
«Айналу» сөзіне инфинитив формасын беруші «-у» тұйық етістігінің жалғануы арқылы жасалған. |
Айналу – объектінің шеңбер түрінде дөңгеленуі. Жазық кеңістікте объект айналу нүктесінен (немесе центрінен) айналады. Үш өлшемді кеңістікте объект өс деп аталатын сызық бойымен айналады. |
|||||
47 |
Выражение |
Өрнек |
Қалыптасқан термин. «Өрнек» сөзі нақыш, әшекей деген мағыналарды береді. Математика саласында мұндай мағындағы сөз өзінің терминдік мағынасына көтеліріліп, математикалық іргелі ұғымдардың біріне айналған. |
Өрнек – қандай да бір математикалық қатынастарды білдіретін формула, белгілер мен амалдардың жиынтығы. |
|||||
48 |
Выражение алгебраическое |
Алгебралық өрнек |
Алгеба сөзіне сөз тудырушы «лық» жұрнағы жалғану арқылы жасалған. Өрнек – қалыптасқан термин. «Өрнек» сөзі нақыш, әшекей деген мағыналарды береді. |
Алгебралық өрнек – саны шекті әріптер мен сандардан құралған және бір-бірімен қосу, азайту, көбейту, бөлу, бүтін санға дәрежелеу, сондай-ақ түбір табу амалдарының таңбалары арқылы біріктірілген өрнек. |
|||||
49 |
ВЫРАЖЕНИЕ АНАЛИТИЧЕСКОЕ |
Аналитикалық өрнек |
Орыс тілінің «выражение аналитическое» терминіне мағыналас аударылған. «Аналитика» сөзіне «-лық» жұрнағы жалғану арқылы жасалған. Өрнек – қалыптасқан термин. |
Аналитикалық өрнек – белгілі бір функция мәнін алу үшін аргументтер мен тұрақты шамалардың мәнімен белгілі тәртіпті жасау әрекеттерінің жиынтығы. |
|||||
50 |
Выражение подкоренное |
Түбір астындағы өрнек |
Күрделі термин. Түбір «бір нәрсені арғы жағы, негізі, түп-тамыры» деген мағынаны береді. Келесі сөз «асты» көмешкі есімге «-нда» жатыс септігі жалғауы мен «-ғы» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Өрнек» сөзі нақыш, әшекей деген мағыналарды береді. |
Түбір астындағы өрнек – түбір, радикал таңбасы астында орналасқан математикалық өрнек. Ол квадратты түбір, кубтық түбір немесе кез келген дәрежеде келген түбір болуы мүмкін. |
|||||
51 |
Выражение числовые |
Сандық өрнек |
Күрделі термин. «Сан» сөзіне «-лық» сөз тудырушы жұрнақ жалғануы арқылы жасалған. Өрнек – қалыптасқан термин. |
Сандық өрнек – бөлу, қосу, көбейту, азайту тәрізді арифметикалық амал белгілері мен сандардан құралған өрнек. |
|||||
52 |
Вычитаемое |
Азайтқыш |
«Азай» (азаю) сөзі түбіріне «-т» өзгелік етіс жұрнағы мен «-у» тұйық етістігі жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. |
Азайтқыш – азайту амалын орындау кезіңде шамасы кемітілетін мүше (сан) |
|||||
Г |
|||||||||
53 |
Гипотеза нулевая |
Нөлдік гипотеза |
Нөл (0 цифры) сөзіне «-дік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Гипотеза грекше «негіздеме, болжам, пікір» мағыналарын беретін hipothesis сөзінен өрбіген. |
Нөлдік гипотеза – айнымалы ешқандай да әсер бермейтін гипотеза. |
|||||
54 |
Геометрия алгебраическая |
Алгебралық геометрия |
«Алгебра» сөзіне «-лық» сөз тудырушы жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. Геометрия грек тілінде жасалуы: geometria, ge – жер, metron – өлшеу, яғни, «жерді өлшеймін» деген мағынаны береді. |
Алгебралық геометрия – алгебра мен геометрияның бірлігінен тұратын математика бөлімі. |
|||||
55 |
Геометрия аналитическая |
Аналитикалық геометрия |
«Аналитика» сөзіне «-лық» жұрнағы жалғану арқылы жасалған. Геометрия грек тілінде жасалуы: geometria, ge – жер, metron – өлшеу, яғни, «жерді өлшеймін» деген мағынаны береді |
Аналитикалық геометрия – геометриялық денелер мен олардың қасиеттерін алгебралық құралдарымен зерттейтін геометрия бөлімі. |
|||||
56 |
Градус угловой |
Бұрыштық градус |
Математика саласында қалыптасқан «бұрыш» терминіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Градус латын тілінде «шама,дәреже» мағыналарын беретін gradus сөзінен өрбіген. |
Бұрыштық градус – тік бұрыштың 90/1 бөлігіне тең, жазық бұрышты өлшейтін бірлік. 1°=60'= 3600", мұнда ' – бұрыш минуты, " – бұрыш секунды. |
|||||
57 |
Грань |
Жақ |
Математика саласында орныққан термин. Жақ «белгілі бір бағдардағы кеңістік, тарап» деген мағыналарға саяды. |
Жақ – өзге де беттермен бұрыш жасап қиылысатын предметтің жазық беті. |
|||||
58 |
Боковая грань |
Бүйір жақ |
Математика саласында орныққан термин. «Бүйір» сөзі «дененің оң не сол бүйрек тұсы, қыры» мағыналарын береді. Жақ «белгілі бір бағдардағы кеңістік, тарап» деген мағыналарға саяды. |
Бүйір жақ – көптеген көпжақтылар үшін, пирамида, призма, қима пирамидаларда екі немесе бір қабырғасы табан болып саналады да, қалған жақтары бүйір жақ ретінде саналады. Пирамиданың бүйір жағы үшбұрыш болып келеді. |
|||||
59 |
Группа алгебраическая |
Алгебралық топ |
Орыс тіліндегі «алгераическая группа» терминінің аудармасы. «Алгебра» сөзіне «-лық» сөз тудырушы жұрнақтың қосылуынан пайда болған. |
Алгебралық топ – бір уақытта әртүрлі алгебралық бейне бола алатын топ. Оған қоса, топтық операция мен элементті кері алу операциясы тұрақты әртүрлілік көрінісі болып табылады. |
|||||
Д |
|||||||||
60 |
Двойные числа |
Қосарлас сандар |
«Қос» сөзінен өрбитін «-ар» және «-ла» жұрнағының және де «-с» ортақ етіс жұрнағы жалғануы арқылы жасалған. |
Қосарлас сандар – түріндегі гиперкешенді сандар. Мұндағы және - нақты сандар, ал . |
|||||
6 |
ДВУЧЛЕН |
Екі мүше, қос мүше |
«Қос мүше» баламасын алған әлдеқайда дұрыс. Өйткені, «қос» сөі математика саласында терминдік мағынаға көтеріліп қойған сөз. Ал «мүше» онсыз да қалыптасып үлгерген термин. |
Екі мүше, қос мүше – бір мүшенің қосындысын немесе айырымын білдіретін екі алгебралық өрнек. |
|||||
62 |
Декартова система координат |
Декарттық координаттар жүйесі |
Халықаралық қалыптасқан термин. Француз математигі Рене Декарттың құрметіне қойылған атау. |
Декарттық координаттар жүйесі – координаттар осіндегі межелері немесе базистік векторларының ұзындықтары тең, жазықтықтағы немесе кеңістіктегі түзу сызықты координаттар жүйесі. |
|||||
63 |
Деление без остатка |
Қалдықсыз бөлу |
Математика саласында орныққан «қалдық» термин сөзіне кері мағына беруші «-сыз» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Бөлу» бөл+у түрінде жасалған, «бөлу» етістігінң атауы. |
Қалдықсыз бөлу – бөлгішті бөлінгішке қалдықсыз бөлу әрекеті, математикалық операция. |
|||||
64 |
Деление c остатком |
Қалдықпен бөлу |
Қарапайым сөз тіркесі түрінде жасалған. Алғашқы сөзгі «-пен» көмекші септігінің жалғануы арқылы байланысқан. |
Қалдықпен бөлу (бөлуден қалған қалдық) – нәтижесі екі бүтін сан болып шығатын арифметикалық операция: толық дербессіз, бір бүтін санды келесі бір бүтін санға бөлгенде қалатын қалдық. |
|||||
65 |
Делимое |
Бөлінгіш |
Орыс тілінен аударылған. |
Бөлінгіш – өзге бір санға бөлінетін сан. |
|||||
66 |
Делимость |
Бөлінгіштік |
Орыс тілінен аударылған. |
Бөлінгіштік – бір санның екінші санға бөліне алу қабілеті. |
|||||
67 |
ДЕЛИТЕЛЬ |
Бөлгіш |
Қазақ тілінде математика саласында ақлыптасқан термин. |
Бөлгіш – бөлінгіш бөлінетін сан. |
|||||
68 |
НАИБОЛЬШИЙ ОБЩИЙ ДЕЛИТЕЛЬ |
Ең үлкен ортақ бөлгіш |
Күрделі термин. Орыс тілінен аударылған термин. |
Ең үлкен ортақ бөлгіш – беліген бүтін сандардың барлығы қалдықсыз бөлінетін бүтін оң сандардың ең үлкені. |
|||||
69 |
Деление (операция деления) – действие, обратное умножению. |
Бөлу |
«Бөлу» етістігінң инфитив формасында келу арқылы қимылдың атауына айналу арқылы жасалған. Бұл да термин жасалымда негізгі заңдылықтардың бірі. |
Бөлу – кері көбейту әрекеті. Бөлу әрекеті қос белгімен :, обелюспен және қисық таяқшамен / беріледі. |
|||||
70 |
Диофантово уравнение |
Диофанттық теңдеу |
Көне грек математигі Диофанттың құрмертіне қойылған. «Диофант» атауына «-ты» сөз түрлендіруші жұрнағының жалғануы арқылы алғашқы сөз жасалса, кейінгі «теңдеу» сөзі қалыптасқан математикалық терин. «Теңдеу» сөзі «теңде» етістігінің қимыл атауы болып отыр. Бұл өз кезегінде «екі жағын да теңдей ету» деген мағынаны беретін «теңдеу» сөзін қалыптастырып. «Теңдеу» сөзі математика саласында терминдік дәрежеге көтерілген атау. |
Диофанттық теңдеу – түріндегі теңдеу түрі, мұнда Р – бүтін сандық функция (мәселен, бүтін коэффицентті полином), ал а айнымалы x1 бүтін сан ретінде танылады. Бұл теңдеу – (әдеттегідей бірнеше белгісізі бар) шешімі бүтін сандар (кейде натурал сандар арасасында) арасында ізделетін теңдеу. Диофантты классикалық теңдеу ретінде Ферма теңдеуін айтса болады. xn+yn=zn. Мұнда 4 айнымалы да (x, y, z, n) белгісіз болып тұр. |
|||||
71 |
ДЛИНА |
Ұзындық |
Қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Длина» терминінің дәлме-дәл баламасы. |
Ұзындық – метрлік кеңістіктгеі сызықтар созындысының сандық сипаттамасы. Түзу сызықтың кесіндісі үшін ұзындық оның екі шетінің арақашықтығымен дәл келеді әрі ол қабылданған өлшеу бірлігімен есептеледі. |
|||||
72 |
ДРОБЬ |
Бөлшек |
Қазақ тілінде қалыптасқан термин. Бөлшек сөзі аталған жағдайда «бөлінген ұсақ мөлшерді» білдіріп тұр. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Бөлшек, арифметикалық – бүтін саннан бірліктің үлесі болып құрылған сан. |
|||||
73 |
Дробь алгебраическая |
Алгебралық бөлшек |
Араб тілінде «шашыраған нәрселерді жинастыру» мағынасын беретін al djebr сөзінен өрбіген «алгебра» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Бөлшек» математкиа саласында орныққан термин. «Бөлу» сөзінен шығатын «бөл» сөзіне «-шек» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Алгебралық теңдеу – A/B түріндегі өрнек, мұнда А және В бірмүшелі, көпмүшелі сан болуы мүмкін. Арифметикадағы тәрізді А – алым, В- бөлім болып есептеледі. Арифметикалық бөлшек дербес жағдайда алгебралық болып табылады. |
|||||
74 |
Десятичная дробь |
Ондық бөлшек |
«Он» (10 саны) сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Ондық бөлшек – бөлімінде бүтін он дәрежелі саннан тұратын бөлшек. |
|||||
75 |
Дробь неправильная |
Бұрыс бөлшек |
«Бұрыс» сөзі «дұрыс емес, теріс мағынасын береді. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Бұрыс бөлшек – бірден үлкен немесе бірге тең бөлшек, басқалай айтатын болсақ, алымы бөлімінен үлкен болып келетін бөлшек. |
|||||
76 |
Дробь непрерывная |
Үзіліссіз бөлшек |
«Үзіліс» сөзіне негативті мағына беретін «-сіз» жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Үзіліссіз бөлшек – түрінде келетін шекті немесе шексіз математикалық өрнек. Мұнда - бүтін сан, ал а және өзге - сһнатурал сандар (бүтін оң сандар). |
|||||
77 |
Дроби обратные |
Кері бөлшек |
«Кері» сөзі «қарама-қарсы, қайшы» деген мағыналарды береді. |
Кері бөлшек – көбейтіндісі 1-ге тең бөлшек. |
|||||
78 |
Дробь периодическая. |
Периодты бөлшек |
«Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Периодты бөлшек –қандай да бір бөліктен бастап белгілі бір сандар тобы периодты түрде қайталанатын шексіз ондық бөлшек. Мәселен, 1,2171717... |
|||||
79 |
Дробь периодическая десятичная — это любая десятичная дробь, у которой: значащая часть состоит из бесконечного количества цифр; Через определенные интервалы цифры в значащей части повторяются. |
Периодты ондық бөлшек |
Грекше «айналып өту» мағынасын беретін periodos сөзінен өрбіген «период» сөзіне «-ды» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Периодты ондық бөлшек – екінші бөлігі шексіз сандар тізбегінен тұратын әрі белгілі бір сандар интервалы қайталанып отыратын кез келген ондық бөлшек. |
|||||
80 |
Дробь правильная |
Дұрыс бөлшек |
Дұрыс «бұрыс емес, теріс емес» мағыналырн береді. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Дұрыс бөлшек – бөлімі алымынан үлкен бөлшек түрі. Мәселен, 1/2, 5/6 және өзге де. |
|||||
81 |
Дробь обыкновенная |
Жай бөлшек |
Жай «күрделі емес, жеңіл, құрамы мейлінше аз» деген мағыналарды береді. «Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Жай бөлшек – немесе түрінде келген рационалды бөлшек, мұнда , m – бүтін сан, n – натурал сан. |
|||||
82 |
Дробь смешанная |
Аралас бөлшек |
«Бөлшек» математика саласындағы мағынасы – өлшем ретінде бүтін санның белгілі бір бірнеше бөлігін көрсететен сан атауы. |
Аралас бөлшек – құрамына бүтін кіретін әрі дұрыс бөлшектен тұратын бөлшек. |
|||||
83 |
Дуга |
Доға |
Қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Доға» иілген, иін деген сөздердің синониміне келеді. Өз кезегінде терминдік мағынаға көтерілген термин. |
Доға – қисық сызықтың бойындағы кез келген екі нүкте аралығындағы бөлігі. |
|||||
84 |
Дуга окружности |
Шеңбер доғасы |
Шеңбер математика саласында орныққан термин. «Доға» иілген, иін деген сөздердің синониміне келеді. |
Шеңбер доғасы – екі нүктемен шектелген шеңбер бөлігі. |
|||||
Е |
|||||||||
85 |
ЕВКЛИДОВА ГЕОМЕТРИЯ |
Евклидтік геометрия |
Қалыптасқан термин. Б.з.д. ІІІ ғасырда өмір сүрген Евклидтің құрметіне берілген атау. Евклидтің еңбектерінде берген аксиомаар негізінде жасалған геометриялық теориялар кешені. |
Евклидтік геометрия – физикалық кеңістіктің қарапайым қасиетін сипаттайтын геометрия. |
|||||
86 |
ЕВКЛИДОВО КОЛЬЦО |
Евклидтік сақина |
«Евклид» атауына «-тік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Сақина сөзі «сәндік үшін саусаққа салатын әшекей, зергерлік бұйым» мағынасын береді. Өз кзегінде әдеби тілдегі сөз терминдік мағынағыа көтерілген әрі униыерсалды терминдер қатарын толықтырған. |
Евклидтік сақина – теріс емес бүтін санға қарама-қарсы қойылатын элементі бар бірлікті біртұтас облыс. |
|||||
87 |
Единица квадратная |
Квадраттық бірлік |
Латынша «төртбұрышты ету» деген мағынаны беретін quadratum сөзінен жасалған «квадрат» сөзіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Бірлік» сөзі – «бір санының атау» ретінде танылған термин. |
Квадраттық бірлік – ауданды өлшеуге арналған бірлік өлшемі. Әдетте, м2 –мен өлшенеді. 1 км2= 1 000 000 м². 1 га = 10 000 м². |
|||||
88 |
Единица кубическая |
Кубтық бірлік |
Грекше «ойында қолданылатын сүйек» атауын білдерітн kybos сөзінен тараған куб сөзіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Бірлік» сөзі – «бір санының атау» ретінде танылған термин. |
Кубтық бірлік – көлемді өлшеуге арнлаған бірлік. Әдетте, көлемнің мөлшері 1 метр қабырға ұзындығымен өлшенеді. 1 м³ = 1000 дм³ = 1 000 000 см³ = 1 000 000 000 мм³ = 1000 литр ≈ 35,3 кубтық фут ≈ 1,31 кубтық ярд ≈ 6,29 баррель. |
|||||
89 |
Жорданова матрица |
Жардондық матрица |
Бірінші сөз жардон сөзіне «-дық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалса, екінші сөз қалыптасқан термин – матрица, лат. matrix «алғашқы себеп» деген мағынаны береді. |
Жардондық матрица – математика мен физиканың әртүрлі бөлімдерінде сызықтық алгебраның іргелі ұғымдарының бірі. |
|||||
90 |
Зависимость линейная |
Сызықтық тәуелділік |
«Сызық» сөзіне «-тық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Тәу» сөзінен өрбитін «тәуелді» сөзіне «-лік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Сызықтық тәуелділік – сызықтық кеңістік ішжиынына ие болу қасиеті. |
|||||
91 |
Задача |
Есеп |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Есеп – берілген шарттарды қанағаттаныдратын матемтикалық объектігі анықтау жөніндегі талап. |
|||||
92 |
Задача корректно поставленная |
Қисынды қойылған есеп |
Күрделі термин. «Қисын» сөзіне «-ды» жұрнағының жалғануы арқылыл жасалған. Есеп – математика саласында қалыптасқан термин, беретін мағынасы – «бір нәрсенің цифрмен көрсетілген саны, мөлшері». |
Қисынды қойылған есеп – математикалық шешімі бір әрі берік шешімге ғана негізделген қолданбалы есеп. |
|||||
93 |
Задача некорректно поставленная |
Қисынсыз қойылған есеп |
«Қисын» өсзіне негативті мағына беруг бағытталған «-сыз» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Есеп – математика саласында қалыптасқан термин, беретін мағынасы – «бір нәрсенің цифрмен көрсетілген саны, мөлшері». |
Қисынсыз қойылған есеп – қисынды қойылған есепке тән қасиеттердің біріне де ие емес есеп. |
|||||
94 |
Прикладная (практическая) |
Қолданбалы есептер |
Қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Прикладная» терминінің нақты баламасы «қолданбалы» термині. «Есеп» математика саласында орныққан термин. |
Қолданбалы есептер – математикадан тыс қойылған, алайда математикалық амалдар арқылы шешілетін есеп. |
|||||
95 |
Задачи составные |
Құрама есеп |
Құрама «жеке, бөлек нәрселерден құралған, қосылған қосынды» мағынасын береді. Есеп – математика саласында қалыптасқан термин, беретін мағынасы – «бір нәрсенің цифрмен көрсетілген саны, мөлшері». |
Құрама есеп – бұл екі немесе одан да көп амалмен шешеліетін тапсырма есеп. Құрама есеп өзінің шешілуі барысында бірнеше қарапайым тапсырмаларды шешуден тұрады, нәтижесі біртұтас тапсырманың шешіміне әкеледі. |
|||||
96 |
Задача текстовая |
Мәтін есеп |
Мәтін «бір тақырып төңіргеніде біріккен, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің, сөздердің тізбегі» ((Қазақ сөздігі (қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі)/ Құраст.: Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малақов, Р.Шойбеков және т.б. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. – 1488 бет., 913-б). Есеп – математика саласында қалыптасқан термин, беретін мағынасы – «бір нәрсенің цифрмен көрсетілген саны, мөлшері». |
Мәтін есеп – белгілі бір компоненттің сандық сипаттамасын бере отырып компоненттердің арасындағы қатынасты анықтауға арналған қандай да бір ситуацияны шынайы тілмен сипаттап жеткізу. |
|||||
97 |
ЗАКОН АРКСИНУСА |
Арксинус заңы |
Қалыптасқан термин. Орыс тіліндегі «закон» сөзі қазақ тілінде «заң» ретінде дәл әрі нақты аударылады, толықтай мағынасын беріп тұр. |
Арксинус заңы – арксинусты жалпылай үлестіру, арксинусты үлестіруге әкелетін флуктуацияны сипаттайтын шекті теорема. |
|||||
98 |
Закон больших чисел |
Үлкен сандар заңы |
Күрделі термин. Орыс тілінен аудару арқылы, калька жолымен жасалған термин. |
Үлкен сандар заңы – санның шексіз өсуінен орташа шаманың тұрақты болуға ұмтылуы байқалатын бірнеше теоремалардың жалпы атауы. |
|||||
99 |
Закон двойного отрицания |
Қос терістеу заңы |
Күрделі термин. Орыс тілінен аудару арқылы, калька жолымен жасалған термин. |
Қос терістеу заңы – екі шешімді де терістеуді жүзеге асыратын логика заңы. Мұны бұлайша түсіндірсе болады: терістеуді терістеу немесе екі рет терістеу дұрыс шешімге апарады. |
|||||
100 |
Закон переместительности. |
Орын ауыстырымдылық заңы |
Күрделі термин. Орыс тілінен аудару арқылы, калька жолымен жасалған термин. |
Орын ауыстырымдылық заңы. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді. |
|||||
101 |
Законы сложения |
Терімділік заңы |
«Теру, жинау» мағынасын беретін «теру» сіөзнен өрбіген «тер» сөзіне қатарынан бірнеше жұрақтардың –ім+ді+лік жалғануы арқылы жасалған. |
Терімділік заңы – есептеуді жеңілдетуге бағытталған заң. Бұл заңды былай тұыжырымдауға болады: екі қосылғаш санға үшінші санды қосу үшін бірінші қосылғышқа екінші және үшінші сандардың қосындысые қосуға болады. |
|||||
102 |
ЗНАКИ |
Бөлім |
«Бөлу» түбіріне «-ім» сөз тудырушы жұрнағының қосылуы арқылы жасалған, математикалық термин қалыптасып отыр. |
Бөлім – бірліктің қандай бөлікке бөлінгенін көрсететін бөлшек бөлгіші. |
|||||
103 |
Знак включения. |
Тиісілік таңбасы |
«Тиіс» сөзіне «-лік» жұрнағы «-і» байланыстырушы дауысты дыбысы арқылы байланысып тұр. «Таңба» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауы жалғанған. |
Тиісілік таңбасы – А жиыны В жиынының бір бөлігі екенін жеткізу үшін, В жиыны А жиынынан тұратынын жеткізу үшін мына заңдылық жазылады: A⊆B или B⊇A. ⊆, ⊂ тәрізді таңбалар тиісілік таңбалары деп аталады. |
|||||
104 |
Знак вычитания |
Алу таңбасы |
Сөз тіркесі күйінде жасалған термин. |
Алу таңбасы – алу әрекетін, операциясын білдіретін белгі. Ол мынандай « – » таңбамен беріледі. |
|||||
105 |
Знак интеграла |
Интеграл таңбасы |
Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. «Белгі мағынасын беретін «таңба» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Интеграл таңбасы – математикада интегралды білдіруші үшін қолданылатын таңба. Мынандай таңба ∫ ретінде беріледі. |
|||||
106 |
Знак корня |
Түбір таңбасы |
«Түбір» «түп-тамыр, негіз» деген мағыналарды береді. «Белгі мағынасын беретін «таңба» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Түбір таңбасы (радикал таңба) – түрінде берілген шартты белгі, таңба, квадратті білдіруі үшін қойылады. |
|||||
107 |
Знак неравенства |
Теңсіздік таңбасы |
«Тең» сөзіне негативті мағына беретін «-сіз» жұрнағы мен атау мағынасын беріп отырған «-дік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Белгі мағынасын беретін «таңба» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Теңсіздік таңбасы – бір шаманың екінші шамадан мөлшерінің артық екенін білдіретін математикалық таңба. Егер қатаң теңсіздік болса > < таңбалары қойылады, ал егер қатаң емес теңсіздік болса ≤ ≥ таңбалары қойылады. |
|||||
108 |
Знак пересечения |
Қиылысу таңбасы |
«Белгі мағынасын беретін «таңба» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Қиылысу таңбасы – бірдей элеменеттер жиынының А және В жататынын білдіруі үшін берілетін таңба. Таңба – . |
|||||
109 |
Знак равенства |
Теңдік таңбасы |
«Белгі мағынасын беретін «таңба» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Теңдік таңбасы (=) – математика мен логикада және өзге де ғылымдарда мәндері тең екі сәйкес екі өрнектің арасына қойылатын таңба. |
|||||
110 |
ЗНАМЕНАТЕЛЬ |
Бөлім |
Математика саласында қалыптасқан термин. «Бөлу» сөзінен өрбитін «бөл» сөзіне «-ім» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Бөлім – алымның бөлгіші болып саналатын, сызықтың асытнда тұрған бөлшек бөлігі. Мәселен, 7/8 бөлшегінде, 7 – алымы, ал 8 – бөлімі. |
|||||
111 |
Значение абсолютное |
Абсолют мән |
Абсолют латынның «шексіз, сөзсіз» мағынасын беретін absolutus сөзінен өрбіген. «Мән» математика саласында орныққан термин. |
Абсолют мән – математикада қолданылатын сан модулі түсінігмен сәйкес келетін ұғым. Мәселен, -5 санының абсолют шамасы 5 = | – 5 | |
|||||
112 |
Значение среднее арифметическое |
Арифметикалық орта мән |
Гректің arithmos – сан, toche – өнер сөздерінің бірігуінен жасалған арифметика сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Арифметикалық орта мән – берілген сандардың қосындысын беліген сандардың санына бөлгенде шығатын нәтиже. Мәселен, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының арифметикалық мәні – 5. Қосындының мәні 30 тең, оны 6-ға бөлеміз. |
|||||
113 |
Значением функции наибольшие |
Функцияның ең үлкен мәні |
Күрделі термин. Латынша «орындау, орындалу» мағыналарын беретін functio сөзінен өрбіген функция сөзіне ілік септігінің «-ның» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Ең үлкен» шектік мәнді білдіруші құрылым. Соңғы құрам ілік септігінің қажет ету құбылысына сәйкес «мән» сөзіне «-і» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Фунцияның ең үлкен мәні – y=f(x) функциясының мәні кез келген шамада мына теңсіздік орындалады. |
|||||
114 |
Значение функции наименьшее |
Функциясының ең кіші мәні |
Латынша «орындау, орындалу» мағыналарын беретін functio сөзінен өрбіген функция сөзіне ілік септігінің «-ның» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Ең кіші» шектік мәнді білдіруші құрылым. Соңғы құрам ілік септігінің қажет ету құбылысына сәйкес «мән» сөзіне «-і» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Функцияның ең кіші мәні – берілген [a,b] интервал аралығында берілген функцияның ең кіші мәнге ие болуы. |
|||||
115 |
Среднее значение функции |
Функцияның орта мәні |
Латынша «орындау, орындалу» мағыналарын беретін functio сөзінен өрбіген функция сөзіне ілік септігінің «-ның» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Соңғы құрам ілік септігінің қажет ету құбылысына сәйкес «мән» сөзіне «-і» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Функцияның орта мәні – ефункцияның ең үлкен және ең кіші сандарының арасында бекітілген кейбір сандар. |
|||||
И |
|||||||||
116 |
Извлечение корня |
Түбірді табу |
«Түбір» сөзіне «-ді»табыс септігінің жалғануы арқылы жасалған. «Табу» -у жұрнағы арқылы инфитив формасында тұр. |
Түбірді табу. Түбірдің мәнін табуды түбірді тау деп аталады. |
|||||
117 |
ИДЕМПОТЕНТНОСТЬ |
Идемпотенттік |
Латын тілінде қалыптасқан idem (дәл сондай) және potens (мықты, күшті) сөздерінің бірігуінен пайда болған, беретін мағынасы «тең күшті, күштері тең» дегенге саяды. Орыс тілінде қалыптасқан «Идемпотент» сөзіне «-тік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Идемпотенттік (латынша – тең күшті) – логикада қарастырылатын әрі a*a=a формуласы жүзінде түсіндірілетін кейбір объект қасиеттері. |
|||||
118 |
Изменение функции |
Функция өзгерісі |
Функция латын тіліндегі functio (орындау) сөзінен шыққан. «Изменение» сөзінің аудармасы болып отырған «өзгеріс» сөзіне «-і» тәуелдік жалғауы жалғануы арқылы матаса байланысқан сөз тіркесу пайда болған. |
Функция өзгерісі – функциялық түр, нақты айнымалы функция сипаттамаларының маңызды бір түрі. Математикалық талдамада функция вариациясы деп дифференциалды қасиетіне байланысты нақты бір айнымалының сандық сипаттамасын айтады. |
|||||
119 |
Измерение |
Өлшеу |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. Іс-әрекеттің атауын білдіреді. |
Өлшеу – математикалық объектілерді белгілі бір шамалар арқлы өлшеу әрекеті. |
|||||
120 |
Изображение геометрическое |
Геометериялық кескін |
Грекше «жерді өлшеймін» деген мағынаны беретін geometria сөзінен өрбитін «геометрия» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Геометриялық кесін – қандай да бір шектеуді (диафракция процесінде шектеулі мүмкіндіктер болады) ескермей, оптикалық құралдардың кемшілігіне қарамастан оптикалық құралдар арқылы кескінді алу. |
|||||
121 |
Индукция математическая |
Математикалық индукция |
«Математика» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Индукция латынша «жүргізу, жетелеу» мағыналарын беретін inductio сөзінен өрбіген. |
Математикалық индукция – барлық натурал сандарға қатысты тұжырымдардың ақиқаттылығын дәледеуде қолдалынатын математикалық дәлелдеу тәсілі. |
|||||
122 |
Интеграл двойной |
Қос интеграл |
Күрделі термин. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. «Қос» сөзі «двойной» сөзінің баламасы болып отыр. |
Қос интеграл – кейбір айнымалылар облысында есептелетін екі айнымалы функциясының интегралы. Бұл тік бұрышты облыс болуы мүмкін (яғни, берілген есептің облыс шекарасы бар және тұрақты шама болып келетін) немесе кейбір функционалды өрнектер арқылы анықталады. |
|||||
123 |
Интеграл кратный |
Еселі интеграл |
Күрделі термин. «Есе» сөзіне «-лі» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Еселі интеграл – n>1 айнымалыдан алынған интеграл жиынтығы. |
|||||
124 |
Интеграл криволинейный |
Қисықсызықты интеграл |
Күрделі термин, алғаш сөз «қисық» жен «сызықты» сөздерінің бірігуінен жасалған. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Қисықсызықты интеграл – кеңістіктегі немесе жазықтықтағы қисық сызық бойымен есептелетін интеграл. |
|||||
125 |
Интеграл неопределённый |
Анықталмаған интеграл |
Күрделі термин. Алғашқы сөзі «анықтау» сөзінен өрбіген «-тал+ма+ған» қосымшаларының қосылуы арқылы жасалған. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Анықталмаған интеграл – берліген функцияны барлық алғашқы мәндерінің жиынтығы. |
|||||
126 |
Интеграл несобственный |
Меншіксіз интеграл |
Күрделі термин. «Меншік» сіөзне негативті мағына беруші «-сіз» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Меншіксіз интеграл – интегралдау облысы не интеграл іші функциясы шексіздігі немесе екеуі де шексіздігі анықтылған интеграл. |
|||||
127 |
Интеграл собственный |
Меншікті интеграл |
Күрделі термин. «Меншік» сөзіне «-ті» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Меншікті интеграл – интегралдау облысы да, интеграл іші функиясының шектілігі анықталған интеграл. |
|||||
128 |
ИНТЕГРИРОВАНИЕ |
Интегралдау |
Интеграл сөзі – латын integer тұлғалы сөзінен пайда болған. «Интеграл» сөзіне «-да» етістік тудырушы жұрнағы мен инфитив формасын беруші «-у» тұйық етістігі жұрнағынын жалғануынан пайда болған. |
Интегралдау – интегралды табу процесі. |
|||||
129 |
Интегрирование непосредственное |
Тікелей интегралдау |
«Тікелей» сөзі қазақ терминжасамында кең таралған термин жасаушы құрылымдардың бірі. Әдеттегі мағынасы орыс тіліндегі «непосредственный» сөзінің баламасы болып келеді. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Тікелей интегралдау – анықталмаған интеграл қасиеттеріне негізделген және қарапайым интеграл таблицаларын қолдана отырып интегралды есептеу. |
|||||
130 |
Интегрирование приближенное |
Жуықтап интегралдау |
Күрделі термин. «Жуық» сөзіне «-та» және «-п» көсемшесінің жалғануы арқылы жасалған. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Жуықтап интегралдау – дифференциалды теңдеу шешімдерін жуықтаумен айналысатын есептегіш математика бөлімі. |
|||||
131 |
Интервал доверительный |
Сенімділік интервалы |
Калька арқылы жасалған термин. Интеграл сөзі латынша «бүтін» мағынасын беретін integer сөзінен өрбіген. |
Сенімділік интервалы – математикалық статистикада статистикалық параметрлердің интервалдық тұрғыдан есептеу кезінде қолданылатын термин. |
|||||
132 |
ИРРАЦИОНАЛЬНОСТЬ АЛГЕБРАИЧЕСКАЯ – иррациональное алгебраическое число. |
Алгебралық иррационалдық |
Күрделі термин. Алғашқы «алгебра» сөзі де, кейінгі «иррационал» сөзі де «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Алгебралық иррационалдық – иррационалды алгебралық сан. |
|||||
133 |
Исход |
Нәтиже |
Нәтиже «қорытынды, көрсеткіш, үрдістің ақырға нәтижесі» деген мағынаны береді. |
Нәтиже – математикалық амалдардың, операциялардың жүзеге асқаннан кейінгі шешімі. |
|||||
134 |
Исчисление вариационное |
Вариациялық қисап |
Латынша «әртүрлі» деген мағынаны беретін variatio сөзінен өрбіген «вариация» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Есептеу, есеп» деген мағыналарды беретін «қисап» сөзі терминдік мағынаға көретілгенн. |
Вариациялық қисап – вариациялық функционалдарды зерттейтін талдама (анализ) бөлімі. |
|||||
135 |
Исчисление векторное |
Векторлық қисап |
Латынша «тасымалдаушы» деген мағынаны беретін vector сөзінен өрбіген вектор сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Есептеу, есеп» деген мағыналарды беретін «қисап» сөзі терминдік мағынаға көретілген. |
Векторлық қисап – векторға қатысты операциялардың сипатын зерттейтін математика бөлімі. |
|||||
136 |
Исчисление дифференциальное |
Дифференциалдық қисап |
Латынша «ажыратылу, өзгешелену» мағынасын беретін differe сөзінен өрбіген «дифференциал» сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Есептеу, есеп» деген мағыналарды беретін «қисап» сөзі терминдік мағынаға көретілген. |
Дифференциалдық қисап – туынды мен дифференциал ұғымы мен функцияны зерттеуде оларды қолдану тәсілдерін зерттейтін математикалық талдама (анализ) бөлімі. |
|||||
137 |
Исчисление интегральное |
Интегралдық қисап |
Алғашқы «интеграл» сөзі «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған, ал кейінгі сөз «исчисление» сөзінің аудармасы – қисап. «Есептеу, есеп» деген мағыналарды беретін «қисап» сөзі терминдік мағынаға көретілген. |
Интегралдық қисап – математикалық, физикалық, өзге де шешу жолдары арқылы интегралды есептеу жолдары мен қасиеттері зерттелінетін математика бөлімі. |
|||||
138 |
Исчисление логические |
Логикалық қисап |
Грекше «ойлау, пайымдау, тұжырымдау» мағыналарын беретін logik сөзінен өрбіген «логика» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Есептеу, есеп» деген мағыналарды беретін «қисап» сөзі терминдік мағынаға көретілген. |
Логикалық қисап – формальды логикалық есептеу теориясы. Бұл теория математикалық немесе формальды логика деп те аталады. |
|||||
139 |
КАСАТЕЛЬНАЯ |
Жанама |
Қазақ тілінде қалыптасқан математикалық термин. |
Жанама – қисық сызықтың берілген нүктесі және басқа бір нүктесі арқылы өтетін қиюшының шектік қалпы. |
|||||
140 |
Касательная внешняя |
Сыртқы жанама |
Күрделі термин. Алғашқы компоненті болып отырған «сыртқы» сөзі «өзінен тыс, іші емес» деген мағыналарға саяды. «Жанап өтетін түзудің атауы» ретінде белгілі «жанама» термині математика саласында орныққан термин. |
Сыртқы жанама – екі шыңбердің сыртқы бөліктерін жанап өтетін жанама. |
|||||
141 |
Касательные внутренние |
Ішкі жанама |
Күрделі термин. «Ішкі» сөзі «іш жағындағы, ішіндегі» деген мағыналарды береді. «Жанап өтетін түзудің атауы» ретінде белгілі «жанама» термині математика саласында орныққан термин. |
Ішкі жанама – шеңбер центрлерін қосатын кесендіні қиып өтетін жанама. |
|||||
142 |
Касательная прямая |
Жанама түзу |
«Жанап өтетін түзудің атауы» ретінде белгілі «жанама» термині математика саласында орныққан термин. «Түзу» математика саласында терминдік дәрежеге көтерілген сөз: бірнеше нүктелерді қамтитын шексіз ұзындық. |
Жанама түзу – қисық сызық нүктесімен өтетін әрі бұл сызықпен қиылысатын түзу. |
|||||
143 |
Катет прилежащий |
Іргелес катет |
«Жанында, іргесінде, бойында» деген мағыналарды беретін «ірге» сөзіне «-лес» жұрнағының жалғауы арылы жасалған. Катет грекше «тік сызық» мағынасын беретін kathete сөзінен алынған. |
Іргелес катет – аты айтып тұрғандай берілген бұрышқа іргелес жатқан катет. |
|||||
144 |
Квадрат вписанный |
Іштей сызылған квадрат |
Математика саласында қалыптасқан етрмин жасаушы құрылымдардың бірі «іштей сызылған» тіркесі. Қандай да бір дененің беріген дененің, пішіннің ішіндегі кеңістікте жатуын білдіреді. Квадрат латынша «төртбұрышты қылу» деген мағынаны білдіретін quadratum сөзінен алынған. |
Іштей сызылған квадрат – белгілі бір фигураның ішкі бөлігінде орналасқан квадрат. Мәселен, шеңберге іштей сызылған квадрат. |
|||||
145 |
Квадрат единичный |
Бірлік квадрат |
Математикада «бір санының атауына» айналған термин –бірлік. Квадрат латынша «төртбұрышты қылу» деген мағынаны білдіретін quadratum сөзінен алынған. |
Бірлік квадрат – сол жақ төменгі бұрышы координатаның басында жататын және ұзындығы бірлік шамаға (1-ге тең) тең тік бұрышты координатада орналасқан квадрат. |
|||||
146 |
Квадрат описанный |
Сырттай сызылған квадрат |
Математика саласында кең қолданылатын термин жасаушы конструкциялардың бірі «сырттай сызылған» қандай да бір дененің сыртынан барлық нүктелерін жанап өтетен дене айтады. Квадрат латынша «төртбұрышты қылу» деген мағынаны білдіретін quadratum сөзінен алынған. |
Сырттай сызылған квадрат – фигураның (пішіннің) сыртында жататын әрі барлық қабырғаларын жанап өтетін квадрат. |
|||||
147 |
Класс чисел |
Сандар класы |
Орыс тілінен аудару арқылы калькаланған. |
Сандар класы – кем дегенде үш сан разрядтан және одан да көп разрядтан тұратын сандық категориялар. Мәселен, бірінші кластағы сандар бірлік, ондық және жүздік разрядтан тұратын класс, 256 саны. Мыңдық класы – мыңдық бірліктен, ондық мыңдықтан, жүздік мыңдықтан тұрады, 5879. |
|||||
148 |
Клетка |
Торкөз |
«Тор» және «көз» сөздерінің бірігуінен жасалған. |
Торкөз – кесіндіні графаларға бөлген квадрат. |
|||||
149 |
Код двоичный |
Екілік код |
«Екі» сөзіне «-лік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Код сөзі француз тілінде «символдар мен белгілер жиынтығын білдіретін» code сөзінен алынған. |
Екілік код – бір разряд бойынша берілген мәліметті екі таңбаның тізбегі түрінде көрсету тәсілі, әдетте 0 және 1 цифрларымен өрнектеледі. Мұндай жағдайда разряд екілік разряд деп аталады. |
|||||
150 |
Коллинеарность |
Коллинеарлық |
Латынның «бағыттау» мағынасын беретін collineare сөзіне «лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Коллинеарлық – параллель векторлар арасындағы қатынас. Егер екі вектор параллел түзу бойында екі немесе бір түзу бойында жататын болса, бұл векторлар коллинеар вектор деп аталады. |
|||||
151 |
Комбинация линейная |
Сызықтық комбинация |
«Сызық» сөзіне «-тық» сөз тужырушы, термин жасаушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Комбинация латын тілінен «біріктіруші» мағынасын беретін combinatio сөзінен өрбіген. |
Сызықтық комбинация – әрбір элементі кезекті қосынды нәтижесі коэффициентіне көбейтуден шыққан элементтерден құралған өрнек. |
|||||
152 |
Кольцо |
Сақина |
Математика саласында қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Сақина» көп мағыналы сөз. Аталған терминнің қалыптасуына әсер еткен «сақина» сөзінің «сәндік үшін саусаққа салатын әшекей» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 1101 б.) ретіндегі мағынасы. |
Сақина – сипаты бойынша сандарға қатысты операциялармен сәйкес келетін, көбейту операциясы мен қайтарымды қосу опрециялары арқылы анықталған алгебралық құрылым. |
|||||
153 |
Компланарность |
Компланарлық |
Латынша com (cum) – бірге, planum – жазықтық мағынасын беретін сөздердің бірігуінен жасалған «компланар» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Компланарлық – векторлар арасындағы өара қатынас. |
|||||
154 |
Компланарность векторов |
Векторлар компланарлығы |
Латынша «тасымалдаушы» мағынасын беретін vector сөзінен алынған «вектор» сөзіне «-лар» көптік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. Латынша com (cum) – бірге, planum – жазықтық мағынасын беретін сөздердің бірігуінен жасалған «компланар» сөзіне «-лық», оған «-ы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Векторлар компланарлығы – бір жазықтықта жатқан әрі барлығы да бір нүктеден шығатын векторлар. |
|||||
155 |
Комплекс прямых |
Түзулер кешені |
«Түзу» сөзіне «-ле» көптік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. «Кешен» сөзіне «-і» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Түзулер кешені – үш параметр өлшеміне тәуелді, үшөлшемді кеңістіктегі (проектілі, аффиндік, евклидтік) түзулер жиыны. |
|||||
156 |
Конгруэнтность |
Конгруэнттілік |
Латынның «сәйкес, өлшемдес» мағыналарын беретін congruentis сөзінің орыс тілінің заңдылықтарына негізделген «конгруэнт» сөзіне «-ті» және «-лік» жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған. |
Конгруэнттілік (латынша congruens – өлшемдес, сәйкес) – қарапайым геометриялық сесінділердің, бұрыштардың, үшбұрыштардың, басқа да пішіндердің және денелердің пара-парлығын (эквиваленттілігін) өрнектеу үшін қолданылатын ғылыми атау. |
|||||
157 |
КОНСТАНТА |
Константа, тұрақты |
Математика саласында «тұрақты шама» атауының қысқаша нұсқасы ретінде беріліп отыр. |
Тұрақты – өзгеруші шамалардың арасындағы тұрақты шама. |
|||||
158 |
КОНТУР |
Контур, пішіндеме |
«Пішін» сөзіне «деме» күрделі қосымшасының жалғануы арқылы жасалған. |
Пішіндеме – қандай да бір предметтің кесіні, предметті кескіндеуші сызықтың графикалық бейнесі. |
|||||
159 |
Конус выпуклый |
Дөңес конус |
«Шығыңқы, бұдыр, өзге бұрыштарынан биікте жатқан» дене мағыналарды беретін «дөңес» сөзі математикада орныққан терминдердің бірі. Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Дөңес конус – сызықтық алгебрада, векторлы кеңістік ішжиыны. |
|||||
160 |
Конус гиперболический |
Гиперболалық конус |
Грекше «асыру, әсірелеу, ұлғайту» мағыналарын беретін hyperballein сөзінен өрбіген гипербола сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Гиперболалық конус – гиперболаға негізделген конус. |
|||||
161 |
Круглый конус |
Дөңгелек конус |
Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Дөңгелек конус – тікбұрышты үшбұрыштың бір катетінен айналдырғанда пайда болатын фигура (пішін). Бұл конус сонымен қатар, айналу конусы деп те атайды. |
|||||
162 |
Конус наклонный |
Көлбеу конус |
Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Көлбеу конус – биіктігінің табанына түскен ортогональды проекциясы оның симметриялы центрімен сәйкес келмейтін конус. |
|||||
163 |
Прямой круговой конус |
Тік дөңгелек конус |
Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Тік дөңгелек конус – тік бұрышты ұшбұрышты бір катетінен айналдырғанда пайда болатын геометриялық дене. |
|||||
164 |
Конус усеченный. |
Қима конус |
Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Қима конус – табанына параллель жүргізілген қиюшы жазықтық пен конус табанымен шектелген конус бөлігі. |
|||||
165 |
Конус эллиптический |
Эллипстік конус |
Латынша conus, ал грекше konos сөздерінен алынған «конус» сөзі халықаралық математика терминдері нің бірі. |
Эллипстік конус – эллипске негізделген конус. |
|||||
166 |
Конусообразность |
Конустәрізділік |
Термин «конус» және «тәрізді» сөздердің бірігуінен жасалған әрі «-лік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Конустәрізділік – түзу сызықты қиманы параллельді емес ұзына бойлы күйінде жасайтын шегерім. |
|||||
167 |
КООРДИНАТЫ |
Координаттар |
Халықаралық термин, латын тілінде co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған мағынасындағы сөздердің бірігуінен жасалған «координата» сөзіне «тар» көптік жалғауы жалғануы арқылы жасалған. |
Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) — жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. |
|||||
168 |
Координаты однородные |
Біртекті координата |
«Однородный» сөзінің қазқаша бламасы «біртекті». Координата латын тілінде co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған мағынасындағы сөздердің бірігуінен жасалған. |
Біртекті координаталар – евклидтік геометрияда декарттық координаталардың қолданылатыны тәрізді проектілік геометрияда да қандай да бір координаталар жүйесі қолданылады. Бұны біз біртекті координаталар жүйесі деп атаймыз. |
|||||
169 |
Координаты параболические |
Параболалық координаталар |
латын тілінде co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған мағынасындағы сөздердің бірігуінен жасалған «координата» сөзіне көптік «-лар» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Параболалық координаталар – координалар сызығы конфоктальды парабола болып табылатын, жазықтықтағы ортональды координаталар жүйесі. Бұл координата жүйесінің үш өлшемді нұсқасы параболаны өзінің өсінен симметрия жасап айналуынан пайда болады. |
|||||
170 |
КОРЕНЬ |
Түбір |
Қазақ тілінде қалыптасқан математикалық термин. «Түбір» сөзі «бір нәрсенің түп тамыры, негізі, арғы жағы» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 1292-бет) деген мағынаны береді. |
Түбір – 1) а санының n дәрежелі түбірі – n дәрежесі (хn) те болатын х саны ( болып белгіленеді). Түбір табу амалының нәтижесі. |
|||||
171 |
Корень арифметический. |
Арифметикалық түбір |
Грекше arithmos -сан және toche – өнер сөздерінің бірігуінен жасалған арифметика сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Түбір «бір нәрсені арғы жағы, негізі, түп-тамыры» деген мағынаны береді. |
Арифметикалық түбір. Егер түбір оң саннан шықса әрі өзе де оң санды танытатын болса, бұл түбір арифметикалық түбір деп аталады. Мәселен, . |
|||||
172 |
Корень вещественный |
Нақты түбір |
Түбір «бір нәрсені арғы жағы, негізі, түп-тамыры» деген мағынаны береді. |
Нақты түбір – нақты сандар жиынына жататын теңдеу түбірі. |
|||||
173 |
Корень квадратный |
Квадрат түбір |
Квадрат латынша «төртбұрышты қылу» дген мағынаны беретін quadratum сөзінен шығады. Түбір «бір нәрсені арғы жағы, негізі, түп-тамыры» деген мағынаны береді. |
Квадрат түбір – теңдеуінің шешімі. |
|||||
174 |
Корень кубический |
Кубтық түбір |
Латынша cubus сөзінен өрбіген куб сөзіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Түбір «бір нәрсені арғы жағы, негізі, түп-тамыры» деген мағынаны береді. |
Кубтық түбір – теңдеуінің шешімі. Бұл немесе a1/3 шешімі түрінде келуі мүмкін. |
|||||
175 |
Корень уравнения |
Теңеу түбірі |
Түбір «бір нәрсені арғы жағы, негізі, түп-тамыры» деген мағынаны береді. |
Теңдеу түбірі – теңдеу дұрыс теңдікке айналатын айнымалы мәні. |
|||||
176 |
Корректность |
Қисындылық |
«Дәл, нақ, дұрыс» мағыналарын беретін «қисын» сөзіне «-ды+лық» қосымшалараның жалғануы арқылы жасалған. |
Қисындылық – математикалық есептер мен тапсырмаларды шешу барысында шыққан шешімнің дұрыс болуы, қисынды болуы. |
|||||
178 |
КОРРЕЛЯЦИЯ ЛИНЕЙНАЯ (англ. correlation, linear) – корреляция, при к-рой отношение степени изменения одной переменной к степени изменения другой переменной является постоянной величиной. |
Сызықтық корреляция |
Күрделі терминннің алғашқы құрамы сызық сөзіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Корреляция латынша correlatio – қатынас, арақатынас дегенді білдіреді. |
Сызықтық корреляция – бір айнымалы дәрежесінің өзгерісі келесі айнымалының дәрежесі өзгерісуі арасынадғы қатынас тұрақты шамаға негізделетін корреляция түрі. |
|||||
179 |
Корреляция отрицательная |
Теріс корреляция |
Күрделі термин. «Кері, қарама-қайшы» деген мағынаға саятын «теріс» сөзі терминнің бірінші компоненті болып отыр. Корреляция латынша correlatio – қатынас, арақатынас дегенді білдіреді. |
Теріс корреляция – бір айнымалының өсуі екінші айнымалының кемуімен байланысты, соған қарамастан корреляция коэффициенті теріс болатын корреляция. |
|||||
180 |
Корреляция положительная |
Оң корреляция |
«Дұрыс, болымды» деген мағыналарды беретін «оң» сөзі «положительная» сөзінің баламасы болып отыр. Корреляция латынша correlatio – қатынас, арақатынас дегенді білдіреді. |
Оң корреляция – бір айнымалының өсуі екінші айнымалының өсуімен байланысты болатын корреляция. |
|||||
181 |
Корреляция частная |
Дербес корреляция |
Дербес сөзі «тәуелсіз, жеке» деген мағынаны береді әрі универсал терминдердің бірі. Корреляция латынша correlatio – қатынас, арақатынас дегенді білдіреді. |
Дербес корреляция – қалған шама мәндері белгіленген кезде орын алатын екі шама арасындағы өзара қатынас талдамасы (анализі). |
|||||
182 |
Косинус угла |
Бұрыш косинусы |
Косинус латынша «синусқа қосымша» деген мағынаны беретін cosinus сөзінен шыққан. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Бұрыш косинусы – іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. |
|||||
183 |
Косой угол |
Қиғаш бұрыш |
«Қию» сөзінен шығатын «қи» бірлігіне «ғаш» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Қиғаш бұрыш – тік бұрыштың үлкен немесе кіші бұрыш, яғни доғал немесе сүйір бұрыш. |
|||||
184 |
Котангенс угла |
Бұрыш котангенсі |
«Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. Латныша «тангенске қосымша» деген мағынаны беретін cotangens сөзәнен өрбіген котангенс сөзіне «-і» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Бұрыш котангенсі – бұл іргелес катеттің өқарама қарсы жатан катетке қатынасы. |
|||||
185 |
Кратность |
Еселік |
Қазақ тілінде қалыптасқан математикалық термин. «Есе» сөзіне сөз тудырушы «-лік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Еселік – белгілі бір санға қалдықсыз бөлінетін сан. |
|||||
186 |
Кривая |
Қисық |
«Қисық» сөзі «түзу емес, қиғаш сызық» дегенге саяды. |
Қисық – түзу сызық, сонымен қатар, жазықтықтағы немесе кеңістіктегі кез келген түзу сызық. |
|||||
187 |
Кривые алгебраические |
Алгебралық қисық |
Араб тілінен шыққан, «шашыраңқы бөліктерді қалпына келтіру мағынасын беретін al djebr сөзінен пайда болған «алгебра» сөзіне «-лық» жалғауының жалғануымен жасалған. Орыс тіліндегі «кривая» сөзінің аудармасы «қисық» сөзі терминдік мағынаға көтерілген. |
Алгебралық қисық – сызықтық теңдеуді анықтауға жеткіліксіз евклидтік геометрияның қарапайым объект. |
|||||
188 |
Кривая кубическая – математическое представление кривой, использующее кубические полиномы. |
Кубтық қисық |
Куб (латынша cubus) сөзіне «-тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Қисық» сөзі «түзу емес, қиғаш сызық» дегенге саяды. |
Кубтық қисық – кубтық полиномда қолданылатын қисықтың математикалық көрінісі. |
|||||
189 |
Кривая пространственная (кривая двоякой кривизны) - кривая, точки которой не лежат в одной плоскости. |
Кеңістіктік қисық |
«Кеңістік» сөзіне «-тік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Қисық» сөзі «түзу емес, қиғаш сызық» дегенге саяды. |
Кеңістіктік қисық – нүктелері бір жазықтықта жатпайтын қисық. |
|||||
190 |
Кривизна |
Қисықтық |
«Кривая» сөзінің аудармасы «қисық» сөзіне «-тық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Қисықтық – түзу жанама (жазықтық жанамасынан) бетінен немесе қисық сызықтан ауытқу дәрежесін сипаттайтын шама. |
|||||
191 |
КРУГ |
Дөңгелек |
Математика саласында қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Дөңгелек» сөзі «шар сияқты, жұмырланып, дөңгеленіп келген, сопақ емес» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 377-бет) мағыналарын береді. |
Дөңгелек – жазықтықтың шеңбермен шектелген және оның ортасын қамтитын бөлігі. |
|||||
192 |
Круг единичный |
Бірлік дөңгелек |
«Бір санының атауы» ретінде терминдік мағынағы ие болған «бірлік» сөзі қазақ терминжасамында қалыптасқан термин. |
Бірлік дөңгелек – радиусы 1-ге (өлшемі) тең дөңгелек. |
|||||
193 |
Круг вписанный |
Іштей сызылған дөңгелек |
Математика саласы термин жасаламында арнайы құрылым болы табылатын «іштей сызылған» тіркесі қолданалған. Дөңгелек сөзі «доңғалақ, шеңбер, дөңес фигура» мағыналарына саяды. |
Іштей сызылған дөңгелек – бұрышқа іштей сызылған дөңгелек бұрыштың ішінде жатса әрі барлық абырғаларын жатап өтсе бұл бұрышқа іштей сызылған дөңгелек болып табылады. |
|||||
194 |
Круг описанный |
Сырттай сызылған дөңгелек |
Математика саласы термин жасаламында арнайы құрылым болы табылатын «сырттай сызылған» тіркесі қолданалған |
Сырттай сызылған дөңгелек – өзіне іштей сызылған фигураның (пішіннің) барлық қабырғалардың жанасуынан тұратын дөңгелек. |
|||||
195 |
Круг тригонометрический |
Тригонометриялық дөңгелек |
«Тригонметрия» терминіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Дөңгелек сөзі «доңғалақ, шеңбер, дөңес фигура» мағыналарына саяды. |
Тригонометриялық дөңгелек – бұл тригонометрияны меңгерудің ең оңай жолы, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздікті шешу тәсілі. |
|||||
196 |
Куб единичный |
Бірлік куб |
Бірлік – бір санының атауы. Куб – халықаралық термин, латынша cubus. |
Бірлік куб – қабырғасының ұзындығы 1-ге тең куб. |
|||||
197 |
Линейка |
Сызғыш |
«Сызу» сөзінен шығатын «сыз» сөзіне термин жасаушы «-ғыш» жұрнағының жалғануы арқыл жасалған. |
Сызғыш – жазықтықта түзу сызықты сызу үшін әрі кейбір кеңістік өлшемдерін өлшеу үшін қолданылатын құрал. |
|||||
198 |
Линия |
Сызық |
Қазақ тілінде орныққан термин. |
Сызық – тек бір ғана өлшеммен (ұзындық) өлшенетін әрі берілген нүктелер арқылы қозғалатын немесе екі беттің қиылысқан жерімен анықталатын беттің шекарасы. |
|||||
199 |
Линия осевая |
Өстік сызық |
«Өс» орыс тіліндегі «Ось» сөзінің қазақ тілінің артикуляциялық заңдылықтарына байланысты транскрипциялық жолмен жасалған термин. |
Өстік сызық – дене өсі бойында созылған сызық. |
|||||
200 |
Линия секущая |
Қиюшы сызық |
Қиюшы сызық – берілген қисықты екі рет қиып өтетін сызық. |
||||||
201 |
Логарифм натуральный |
Натурал логарифм |
Қалыптасқан термин. |
Натурал логарифм – негізі e=2,71826… саны болатын логарифм. Натурал логарифмі ln а деп белгіленеді. |
|||||
202 |
ЛОГАРИФМИРОВАНИЕ |
Логарифмдеу |
«Логарифм» сөзіне «-де» етістік тудыратын жалғау мен инфинитив формасын беруші «-у» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Логарифмдеу – санның, алгебралық немесе басқадай өрнектердің логарифмін анықтауға арналған амал. |
|||||
203 |
Логика двузначная |
Екі мәнді логика |
Орыс тілінен аударылып алынған, калька арқылы жасалған термин. |
Екі мәнді логика – екі мәнді қағиданың үлгісіне сүйенетін логика. |
|||||
204 |
Логика многозначная |
Көп мәнді логика |
Орыс тілінен аударылып алынған, калька арқылы жасалған термин. |
Көп мәнді логика – мәннің екіден (шындық пен жалған) көп ақиқаттылығы мүмкін болатын сипаттамасымен белгілі логиканың формалды типі. |
|||||
205 |
МОДАЛЬНАЯ ЛОГИКА |
Модал логика |
Күрделі термин. Орыс тіліндегі «модальная логика» сөзінің нақты аудармасы. |
Модал логика – логикалық шешімдер модальды түрде білдірілетін логика бөлімі. |
|||||
206 |
Луч |
Сәуле |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Сәуле – түзудің кез келген бір нүктесінен, сәуленің бас нүктесінен басталып, осы нүктенің бір жағында жататын әрі әлгі нүктені де қамтитын бөлігі. |
|||||
207 |
Луч открытый |
Ашық сәуле |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. Орыс тілінен аударылу арқылы жасалған қалька термин. |
Ашық сәуле – О нүктесі бойында түзу сызық күйінде жататын нүктелерді қамтитын (О нүктесін қосқанда) сәуле. |
|||||
М |
|||||||||
208 |
МАКСИМУМ ФУНКЦИИ |
Функция максимумы |
Күрделі сөз термин. Функция латынның «орындалу» мағынасын беретін functio сөзінен шығады. «Максимум» сөзіне тәуелдік «-ы» жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Функция максимумы – функцияның берілген жиынтығындағы ең үлкен мәні. |
|||||
209 |
Математика актуарная |
Актуарлық математике |
«Акуар» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Актуарлық математика – қаржылық қорларды есептеуде қолданылатын математикалық моделдеу құралдары мен математикалық әдістердің қасиетін зерттеумен айналысатын математика ілімінің бір саласы. |
|||||
210 |
Математика высшая |
Жоғары математика |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. Аударма арқылы жасалған. |
Жоғары математика – матемтикалық пәндердің техникалық және басқа жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енген жиынтық атауы. |
|||||
211 |
Математика вычислительная |
Есептеу математикасы |
Күрделі термин. «Вычислительная» сөзі есептеу мағынасын береді. «Математика» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауы жалғану арқылы жасалған. |
Есептеу математикасы – электронды есептеу машинасымен байланысты мәселелермен айналысатын математика бөлімі. |
|||||
212 |
Математика дискретная |
Дискрет математика |
Орыс тіліндегі «математика дискретная» сөзінің нақты баламасы – дискрет математика. |
Дискрет математика – матемтиканың өзінде және өзге де қосымшаларында пайда болатын дискретті құрылымдарды зерттеумен айналысатын математика облысы. |
|||||
213 |
Математика прикладная |
Қолданбалы математика |
Қалыптасқан термин. |
Қолданбалы математика – математикалық тәсілдер мен алгоритмдерді өзге ғылым салалары мен іс-тәжірибеде қолдануды қарастыратын математика бөлімі. |
|||||
214 |
Математическая индукция |
Математикалық индукция |
«Математика» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Индукция сөзі in – іші, duco – білу, жүргізу мағыналарын беретін сөздердің бірігуінен пайда болған. |
Математикалық индукция – барлық натурал сандарға қатысты тұжырымдарды дәлелдеуде қолданылатын математикалық дәлелдеудің бір тәсілі. |
|||||
215 |
Математика финансовая |
Қаржылық математика |
«Финанс» сөзінің қазақ тіліндегі баламасы болып табылатын «қаржы» сөзіне «-лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Математика сөзі грекше «ілім-білім, ғылым» деген мағыналарды беретін mathematike сөзінен шыққан. |
Қаржылық математика – қаржылық есептерге байланысты математикалық тапсырмаларды орындауға арналған қолданбалы математиканың бөлімі. |
|||||
216 |
Математическая статистика |
Математикалық статистика |
Математика сөзі грекше «ілім-білім, ғылым» деген мағыналарды беретін mathematike сөзінен шыққан. |
Математикалық статистика – ғылыми және тәжірибелік тұжырымдарды қорытуға статистикалық мәліметтерді қолдану мен жүйелендірудің математикалық әдіс-тәсілдерін ойлап табатын ғылым. |
|||||
217 |
Математическая физика |
Математикалық физика |
Грекше «ілім-білім, ғылым» деген мағыналарды беретін mathematike сөзінен шыққан «математика» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Физика» грек тілінде physika «табиғат» деген мағынаны береді. |
Математикалық физика – физикалық құбылыстарды шешуге арналған математикалық теориялар үлгісі. |
|||||
218 |
Математическая экономика |
Математикалық экономика |
Грекше «ілім-білім, ғылым» деген мағыналарды беретін mathematike сөзінен шыққан математика сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Грекше Oikonomia «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген мағынаны береді. |
Математикалық экономика – мақсаты экономикалық құбылыстарды, объектілерді, үрдістерді математикалық сипаттау болып табылатын, ғылымның қолданбалы әрі тоериялық амалдары саласы. |
|||||
219 |
Математическое ожидание |
Математикалық күтім |
Грекше «ілім-білім, ғылым» деген мағыналарды беретін mathematike сөзінен шыққан «математика» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқыл жасалған. «Күтім» сөзі «күту» сөзінен өрбитін «күт» сөзіне заттық мағына беруші «-ім» жұрнағының жалғануы арқыл жасалған. |
Математикалық күтім – кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларының бірі, әдетте, оны теориялық орта деп аталады. Математикалық күтім – кездейсоқ шаманың орташа мәні. |
|||||
220 |
Матрица блочная |
Блогты матрица |
«Блог» сөзіне «-ты» сөз түрлендіруші жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған. Матрица – халықаралық термин. |
Блогты матрица – бұрышты блог (торды) бөлігінде тік және көлбеу сызықтар арқылы қиып өтетін матрица көрінісі. |
|||||
221 |
Матрица диагональная |
Қос диагоналды матрица |
Күрделі термин. «Қос» сөі қазақ тілінде «екі, жұп, пара, егіз» деген мағыналарды береді. Грекше «бұрыштан бұрышқа өтуші» деген мағынаны беретін diagonios сөзінен шыққан «диагональ» сөзіне «ды жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Матрица» латынның matrix сөзінен шыққан. |
Қос диагоналды матрица – басты элементтері нөл әрі диагональдан тыс жататын квадратты матрица. |
|||||
222 |
Матрица единичная |
Бірлік матрица |
«Бір санының заттанған атауын» білдіретін «бірлік» термині қазақ тілінде толықтай қалыптақсан термин. «Матрица» латынның matrix сөзінен шыққан. |
Бірлік матрица – диагональдың басты элменттері өріс бірлігіне тең, ал қалғандары нөлге тең квадратты матрица. |
|||||
223 |
Матрица нулевая |
Нөлдік матрица |
«Нөл» (цифр 0) сөзіне «-дік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Матрица» латынның matrix сөзінен шыққан. |
Нөлдік матрица – барлық элменттері нөлге тең, өлшемді матрица. |
|||||
224 |
Матрица обратная |
Кері матрица |
«Кері» сөзі «қарама-қарсы, қайшы» деген мағыналарды береді. «Матрица» латынның matrix сөзінен шыққан. |
Кері матрица – A−1матрицаны бастапқы А матрицаға көбейткенде нәтижесінде бірлік Е матрицасының тууы: |
|||||
225 |
Матрица союзная |
Одақтас матрица |
Күрделі терминнің алғашқы құрамы «одақ» сөзіне «-та» және «-с» ортақ етіс жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Матрица» латынның matrix сөзінен шыққан. |
Одақтас матрица –матрицаның бастапқы элменттерімен сәйкес, элементтері математикалық қосымша болып табылатын матрица. |
|||||
226 |
Матрица идемпотентная |
Идемпотент матрица |
Латынша idem – сондай, осындай және potens - дәреже сөздерінің бірігуінен жасалған. Латын тілінде матрица matrix «алғышарт, алғашқы себеп» тәрізді мағыналарды береді. |
Идемпотент матрица – өзіне өзі көбейткенде өзгермейтін матрица. |
|||||
227 |
МАТРИЦА КОРРЕЛЯЦИОННАЯ |
Корреляциялық матрица |
Француз тілінде correlation – қатынас, арақатынас мағынарын беретін «корреляция» сөзіне «-лық» жұрнағының арқылы жасалған. Латын тілінде матрица matrix «алғышарт, алғашқы себеп» тәрізді мағыналарды береді. |
Корреляциялық матрица – бірнеше кездейсоқ шама корреляциясынан тұратын матрица коэффициенті. |
|||||
228 |
Матрица транспонированная |
Аударылған матрица |
Күрделі термин. «Аудару» сөзіне «ыл» ырықсыз етістігі жұрнағы мен «ған» есімшесінің жалғануы арқылы жасалған. Латын тілінде матрица matrix «алғышарт, алғашқы себеп» тәрізді мағыналарды береді. |
Аударылған матрица – бастапқы матрица бағандары мен тармақтарының орнын ауыстырудан шыққан нәтиже. |
|||||
229 |
Матрица треугольная |
Үш бұрышты матрица |
Орыс тіліндегі «треугольная» сөзінің тікелей аудармасы – үш бұрыш, оған «-ты» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Латын тілінде матрица matrix «алғышарт, алғашқы себеп» тәрізді мағыналарды береді. |
Үш бұрышты матрица – басты диагональдің асты немесе үстінде орналасқан элементтердің барлығы нөлге тең квадрат матрица. |
|||||
230 |
Матрица унимодуляр |
Үш бұрышты матрица |
Орыс тіліндегі «треугольная» сөзінің тікелей аудармасы – үш бұрыш, оған «-ты» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Латын тілінде матрица matrix «алғышарт, алғашқы себеп» тәрізді мағыналарды береді. |
Үш бұрышты матрица – басты диагональдің асты немесе үстінде орналасқан элементтердің барлығы нөлге тең квадрат матрица. |
|||||
231 |
Мера |
Өлшем |
Қазақ тілінде толықтай қалыптасқан универсал термин. Терминнің беретін жалпы, ортақ мағынасы – «өлшеу бірлігі, шама, мөлшер». |
Өлшем – әртүрлі типті ұғымдардың жалпы атауы, мәселен, Евклидтік ұзындық, аудан, n-көлем. Кесінді ұзындығы, жазық фигураның (пішіннің) ауданы және дене көлемі тәрізді ортақ табиғаты бар жиындықтардың жалпы атауы. |
|||||
232 |
Метод интервалов |
Интервал әдісі |
Лтаынша «арақашықтық аралығы» деген мағынаны беретін intervallum сөзінен өрбіген «интервал» сөзі – халықаралық термин. Терминнің келесі сөзі «әдіс» сөзіне «-і» туелдік жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Интервал әдісі – бөлшектік-рационалды теңсіздіктерді шешудің қарапайым жолы, тәсілі. |
|||||
233 |
МЕТОД КОЛЛОКАЦИИ |
Коллокация әдісі |
Ағылшынның өзара орналасу collocation (colocation) сөзінен пайда болған «коллакация» мен анықтауыштың қатынасты құрып тұрған «әдісі» сөздерінің тіркесуінен жасалынған. |
Коллокация әдісі – шуықталған шешімдер кейбір берілген нүктелер арқылы қанағаттандыру арқылы анықталатын интеграл, дифференциал теңдеулерді шешудің проекциялық әдісі. |
|||||
234 |
Метод координат |
Координаттар әдісі |
«Метод» сөзінің дәлме-дәл мағынасын беріп отырған термин сөз – тәсіл. «Координат» сөзіне «-тар» көптік жалғауының жасалуынан пайда болған. |
Координаттар әдісі – нүкте немесе дененің орналасуын сан немесе өзге де символдар арқылы (мәселен, тақтадағы шахмат фигураларының орны сан мен әріптер арқылы анықталады) анықтау тәсілі. |
|||||
235 |
МИНИМУМ АБСОЛЮТНЫЙ |
Абсолют минимум |
Күрделі термин. «Сөзсіз, шексіз» мағыналарын беретін absolutus латын тілінің сөзінен шыққан. Латын тілінен «кіші» деген мағынаны білдіретін minimum сөзінен шыққан. |
Абсолют минимум – аргумент мәндерін қабылдау барысында пайда болатын мәннің өзге мәндермен салыстырғанда тең немесе төмен болуы. |
|||||
236 |
Многообразие алгебраическое |
Алгебралық көпбейне |
«Алгебра» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануынан жасалса, «көпбейне» сөзі «көп» және «бейне» сөздерінің бірігуінен туындаған. |
Алгебралық көпбейне – алгебралық теңдеулерді нақты және комплексті сандар арқылы шешудің көптеген жүйесі. |
|||||
237 |
Многоугольник |
Көпбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Көп» және «бұрыш» сөздерінің бірігуінен жасалған. |
Көпбұрыш – тұйық сынық сызықтармен шектелген, буындары төрт бұрыштан артық бұрыш жасайтын геометриялық жазық пішін (фигура). |
|||||
238 |
МНОГОЧЛЕН |
Көпмүше |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Көп» және «мүше» сөздерінің бірігуінен жасалған. |
Көпмүше – бірнеше бір мүшенің айырымын немесе қосындысын көрсететін алгебралық өрнек. |
|||||
239 |
Множество |
Жиын |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Жиын» сөзі «бір нәрсенің жиынтығы, қосындысы» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 512-бет) деген мағынаы береді. |
Жиын – түбегейлі ортақ қасиетке ие жиынның элементтері ретінде келетін бір объектілердің жиынтығы. Белгілі бір сипаттарына байланысты бірігетін элементтер жиынтығы. |
|||||
240 |
Множитель |
Көбейткіш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Көбейткіш – көбейту амалы орындалатын сандардың (а және b) кез келген біреуі. Берілген санға қалдықсыз бөлінетін сан. Мәселен, 72 санының көбейткіштері: 1, 2, 3, 4, 6, 8, 9, 12, 18, 24, 36 |
|||||
241 |
Модель авторегрессии |
Авторегрессия моделі |
Күрделі термин. Ағылшынның autoregressive (авторегрессия) мен модель (үлгі) сөздерінің тіркесуінен жасалынған. |
Авторегрессия моделі – статистикада тұрақты уақыт қатарын болжау мен талдауда қолданылатын математикалық үлгі. |
|||||
242 |
Наклонная |
Көлбеу |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Көлбеу» сөзі «көлбеңкі, сұлама, еңкіш» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 674-бет) деген мағыналарды береді. |
Көлбеу – берілген түзуді немесе тықты тік бұрыштан өзгеше бұрышпен қиып өтетін түзу. Егер түзу әлгілерді тік бұрыш жасап қиятын болса, ол түзу перпендикуляр деп аталады. Геометрияда көлбеуге қатысты бірнеше теорема бар: көлбеу перпендикулярға қарағанда ұзын, проекциялары тең болған жағдайда көлбеулердің өздері де тең. |
|||||
245 |
Непрерывность абсолютная |
Абсолют үзіліссіздік |
Күрделі термин. «Сөзсіз, шексіз» мағыналарын беретін absolutus латын тілінің сөзінен шыққан. «Үзіліс» сөзіне «-сіз» болымсыз мағынаны беретін жұрнақ пен «-дік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Абсолют үзіліссіздік – математикалық талдауда дифференциалдау мен интегралдау арасындағы байланыс турасындағы Ньютон-Лейбница теоремасын орындаудан тұратын функция қасиеті мен өлшемі. |
|||||
246 |
Непрерывная функция |
Үзіліссіз функция |
«Орындалу» мағынасын беретін латынның functio сөзінен өрбіген функция сөзі мен «үзіліс», оған қосылған «-сіз» болымсыздық мағынаны беретін жұрнақтың жалғануы арқылы жасалынған «үзіліссіздік» сөзінің тіркесуінен пайда болған. |
Үзіліссіз функция – үлкен бір құбылысқа ие емес функция, аргументтерінің кішкене өзгерісі функция мәнінің қысқа ғана өзгерісіне әсер ететін функция. Үзіліссіз функция үзіліссіз кескін ұғымымен синонимдес. Соған қарамастан бұл темин тар мағынада қолданылады: сандық кеңістік арасындағы кескінді білдіреді. |
|||||
247 |
Неравенства иррациональные |
Иррационал теңсіздіктер |
Математика саласында қалыптасқан термин. |
Иррационал теңсіздіктер – белгісіз шамалары немесе кейбір функциялары радикал таңбасы астында болып келетін теңсіздіктер. |
|||||
Неравенства логарифмические |
Логарифмдік теңсіздіктер |
Математика саласында қалыптасқан термин. «Неравества» сөзінің терминдік баламасы – теңсіздік (тең-сіз-дік). |
Логарифмдік теңсіздіктер – белгісіз шамасы логарифм белгісінің астында болатын теңсіздік. |
||||||
248 |
Тригонометрическими неравенствами |
Тригонометриялық теңсіздіктер |
Математика саласында қалыптасқан термин. |
Тригонометриялық теңсіздіктер – айнымалы тригометриялық функция таңбасымен келетін теңсіздік. |
|||||
249 |
Неравенство |
Теңсіздік |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Тең» сөзіне болымсыз мағынаны беретін «-сіз» жұрнағы мен «-дік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Теңсіздік – шамалардың қатынасы жайындағы тұжырым немесе екі объекті қатарын, ретін (бір объектінің екіншіден үлкен не кіші екендігін) білдіретін не екі объектінің де тең (теңдікті жоққа шығару) болуын көрсететін тұжырым. |
|||||
250 |
Нечётная функция |
Тақ функция |
Қалыптасқан математикалық термин. |
Тақ функция, функция тақтығы – тәуелсіз айнымалы теріс таңбаға ауысқанда мәнін қарама-қарсы жаққа өзгертетін функция (графигі координата центріне симметриялы). |
|||||
251 |
НЕЧЕТНЫЙ |
Тақ сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тақ сан – жұпқа қарсы, 2-ге бөлінбейтін бүтін сан. |
|||||
252 |
Нуль функции |
Функция нөлдері |
«Орындалу» мағынасын беретін латынның functio сөзінен өрбіген функция сөзі мен «нөл» сөзіне «-дер» көптік және «-і» тәуелдік жалғауының жалғануынан жасалынған. |
Функция нөлдері – нөлдік мәнді қабылдайтын, функцияны анықтау облысына енетін элемент. |
|||||
253 |
Область замкнутая |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тұйық облыс – ішкі бір нүктеден ғана емес, сонымен қатар шекара нүктесінен де тұратын облыс. |
||||||
254 |
Линейная оболочка |
Сызықтық қабықша |
«Сызық» сөзіне «-тық» жұрнағы жалғануы арқылы жасалса, «қабық» сөзіне «-ша» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Сызықтық қабықша – сызықтық кеңістік жасайтын векторлар тобы. Басқалай айтқанда, сызықтық қабықша – берілген вектордың мүмкін болатын барлық сызықтық комбинациялар жиынтығы. |
|||||
255 |
Общим кратным двух натуральных чисел |
Орталық еселік |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин |
Орталық еселік, натурал санның орталық еселігі деп берілген екі санға да бүтіндей бөлінетін сан. |
|||||
256 |
Объем |
Көлем |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Көлем» сөзі «белгілі бір заттың аумағы, мөлшері» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 675-бет) деген мағынаны береді. |
Көлем – жақтары жабық күйде болатын дененің ұзындығы, биіктігі және ені бойынша алынып, куб бірлігімен өлшенетін шама. |
|||||
257 |
Окружность |
Шеңбер |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Шеңбер» сөзі «темір қоршау» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 1405-бет) мағынасын береді. |
Шеңбер – бір жазықтықта жататын берілген нүктеден (шеңбер ортасынан) барлық нүктелері бірдей қашықтықта орналасқан тұйық жазық қисық сызық. |
|||||
258 |
Окружность вписанная |
Іштей сызылған шеңбер |
Қазақ тілінде қалыптасқан термин. |
Іштей сызылған шеңбер, бұрышқа іштей сызылған шеңбер деп бұрыштың ішінде жататын әрі барлық жақтарын жанап өтетін шеңберді айтады. Бұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрі осы бұрыштың биссектрисаларының қиылысында жатады. |
|||||
259 |
Ортогонализация |
Ортогоналдандыру |
Орыс тілінде қалыптасқан «ортогонал» сөзіне «-да» етістік тудырушы жұрнағы мен «-н» өздік етіс жұрнағы, оған «-дыр» өзгелік етіс жұрнағы, «-у» тұйық етістігі жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Ортогоналдандыру – ортогонализация процесі, кейбір ортогональды негіздің сызықтық кеңістігін берілген негіз бойынша |
|||||
260 |
Основание |
Табан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Табан –геометриялық пішіндер (фигуралар) түгелімен бір жағында орналасқан шекарасының жазық немесе түзу бөлігі. Мысалы, цилиндрдің табаны (астыңғы табаны), цилиндрдің үстіңгі табаны; пирамиданың табаны (астыңғы табаны), қиық пирамиданың жоғарғы табаны. |
|||||
261 |
Ось |
Өс |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Ось» сөзінің қазақ тілінің артикуляциясына сәйкес транскрипция тәсілі арқылы жасалған. |
Өс – дененің ішінен өтетін әрі төмендегідей қасиетке ие ие түзу сызық: дене дәл осы сызық арқылы айналады, дененің геометриялық центрі болып табылатын өс дененің симметриялы бөліктерге бөледі. |
|||||
262 |
ОСЬ РАДИКАЛЬНАЯ |
Радикал өс |
«Ось» сөзінің қазақ тілінің айтылуы бойынша транскрипция әдісі арқылы жасалған сөз – өс. Латынша radix – түбір. |
Радикал өс – нүкте дәрежелері бірдей, шоғырланбаған x2+y2 - 2a1x -2b1y -2c1=0, x2+y2 - 2a2x- 2b2y - 2c2 = 0 екі шеңберге қатысты жазықтық нүктелерінің жиынтығы. Екі шеңбердің радикалды өсі – дәрежелері бірдей шеңберлердің геометриялық нүктелері. |
|||||
263 |
Ось цилиндра |
Цилиндр өсі |
Тіркесу арқылы жасалған термин. |
Цилиндр өсі – табан ортасымен өтетін түзу. |
|||||
264 |
ОТРЕЗОК |
Кесінді |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Кесу» сөзіне «нді» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Кесінді – 1) екі нүктемен шектелген түзу; 2) а≤ х ≤ b теңсіздігін қанағаттандыратын х нақты сандардың жиынтығы. [a, b] түрінде белгіленеді. |
|||||
265 |
Параллелепипед прямой |
Тік параллелепипед |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тік параллелепипед – бүйір қабырғалары табан жазықтығына перпендикуляр келетін параллелепипед. |
|||||
266 |
Параллелепипед прямоугольный |
Тікбұрышты параллелепипед |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тікбұрышты параллелепипед – әрбірі үшбұрыш болып келетін алты қыры бар көлемді дене. Параллелепипедтің 8 төбесі, 12 қыры болады. |
|||||
267 |
ПЕРЕМЕННАЯ |
Айнымалы |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Айну» сөзіне «ма» және «лы» жұрнақтарының қатар жалғануы арқылы жаңа термин жасалған. |
Айнымалы – кез келген қатардағы мәнді қабылдай беретін, шаманы белгілеуге арналған символ. |
|||||
268 |
ПЕРИМЕТР |
Периметр |
Халықаралық термин. грекше – шеңберді айналдыра өлшеймін |
Периметр (грекше – шеңберді айналдыра өлшеймін) – жазық пішіннің (фигураның) шекарасының жалпы ұзындығы. |
|||||
269 |
ПЕРИОД КОЛЕБАНИЯ |
Тербеліс периоды |
«Тербелу» сөзіне «-іс» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Тербеліс периоды – |
|||||
270 |
Пирамида правильная |
Дұрыс пирамида |
Қалыптасқан термин. |
Дұрыс пирамида – табанында дұрыс көпбұрыш жататын әрі пирамиданың биіктігі табан жазықтығының центріне түсетін примида. |
|||||
271 |
Прямоугольная пирамида |
Тікбұрышты пирамида |
Қалыптасқан термин. |
Тікбұрышты пирамида – бір бүйір қабырғасы табанына перпендикуляр болатын пирамида. |
|||||
272 |
Пирамида треугольная |
Үшбұрышты пирамида |
Қалыптасқан термин. |
Үшбұрышты пирамида – табаны үшбұрыш болып келетін пирамида. |
|||||
273 |
Пирамида усеченная |
Қиық пирамида |
Қалыптасқан термин. |
Қиық пирамида – табаны мен табанына параллель қимамен шектелген пирамида. Табанға параллель қима жазық пирамдианы екіге бөледі. |
|||||
274 |
Пифагорово число (пифагорова тройка) |
Пифагорлық сан |
«Пифагор» сөзіне «-лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Пифагор теоремасына қатысты ұғым. |
Пифагорлық сан – Пифагор қатынасын қанағаттандыратын үш саннан тұратын сандар комбинациясы: |
|||||
275 |
ПЛОСКОСТЬ |
Жазықтық |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Жазық» сөзіне сөз тудырушы «тық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Жазықтық – екі нүктені қосатын кез келген түзу тек қана осы бетте ғана жататын жазық бет. Екі бет бір-біріне параллель келеді не қиылысады. |
|||||
276 |
ПЛОЩАДЬ |
Аудан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Аудан – жазық геометриялық фигураның сандық сипаттааларының бірі. Квадрат бірлігінде (см2, м2) көрсетілетін, фигура мен денені, бетті өлшейтін екі өлшемді шама. |
|||||
277 |
Площадь круга |
Дөңгелек ауданы |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Дөңгелек ауданы – шеңбермен шектелген аумақтың ауданы. Ол мына формула бойынша анықталады: S = πr2. |
|||||
278 |
Площадь многоугольника |
Көпбұрыш ауданы |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Көпбұрыш ауданы – көпбұрыш алып жатқан беттің жалпы өлшемі. |
|||||
279 |
ПОВЕРХНОСТЬ |
Бет |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Бет – геометрия ұғымдарының бірі. Элементар геометрияда барлық жазықтықтар бет ретінде танылады. Элементарлы геометрияда бет ұғымы түсініктелмейді, тек қана дене немесе сызық қозғалысының шекарасы ретінде ғана анықталады. Аналитикалық және алгебралық геометрияда белгілі бір теңдеуді қанағаттандыратын көптеген координаталар нүктесін айтады. |
|||||
280 |
Поле |
Өріс |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Өріс – қасиеті қарапайым сандық операцияларға жақын көбейту, қосу, бөлу, азайту (нөлге бөлгеннен басқа) тәрізді элементтерге қатысты амалдар орындалатын алгебралық құрылым. |
|||||
281 |
ПОЛИНОМ |
Полином, көпмүше |
Халықаралық термин. Қазақша баламасы- көпмүше, «көп» және «мүше» сөздерінің бірігуінен жасалған. |
Полином, көпмүше – бірнеше мүшеден оларды өзара байланыстыратын плюс және минус белгілерден тұратын сандық өлшем. |
|||||
282 |
Полушар |
Жарты шар |
Калька арқылы қалыптасқан термин. |
Жарты шар – шардың жартысы. |
|||||
283 |
Призма наклонная |
Көлбеу призма |
Қазақ тілінде қалыптасқан математикалық термин. |
Көлбеу призма. Егер призманың бүйір қырлары табан жазықтығына перпендикуляр болмаса, бұл призма көлбеу призма болып табылады. |
|||||
284 |
Правильная призма |
Дұрыс призма |
Қазақ тілінде қалыптасқан математикалық термин |
Дұрыс призма – табанында дұрыс көпбұрыш (тең қабырғалы үшбұрыш, квадрат, дұрыс алтыбұрыш, т.б.) жататын тік призма. |
|||||
285 |
Прогрессия арифметическая |
Арифметикалық прогрессия |
Қалыптасқан термин. «Арифметика» (грекше arithmos – сан, toche – өнер) сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Прогрессия латынша рrogressio – алға жылжу. |
Арифметикалық прогрессия – әрбір мүшесі (екінші мүшсінен бастап) алдыңғы а мүшеге тұрақты d (прогрессияның айырымы деп аталады) санын қосу нәтижесінде пайда болатын сан тізбегі. |
|||||
286 |
Прогрессия геометрическая |
Геометриялық прогрессия |
Қалыптасқан термин. «Геометрия» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Прогрессия латынша рrogressio – алға жылжу |
Геометриялық прогрессия – әрбір мүшесі (екіншісінен бастап) алдыңғы мүшесінен қандай да бір еселік деп аталатын тұрақты санға ( ) көбейтуден шығатын сан қатары : . |
|||||
287 |
Производная |
Туынды |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Туу» сөзіне «нды» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Туынды – дифференциалдық есептеулердің х аргументі өзгерген кездегі f(x) функциясының өзгеру жылдамдығымен сипатталатын негізгі ұғымы. Туынды – әрбір х-ті шек қатынасы түрінде анықтауға арналған функция. |
|||||
289 |
Производное множество |
Туынды жиын |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Туынды жиын – берілген жиынның барлық шекті нүктелерінің жиынтығы. |
|||||
290 |
Пропорциональность обратная |
Кері пропорционалдық |
«Обратная» сөзінің аудармасы «кері» сөзі толығымен мағынасын беріп отыр. «Пропорционал» сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Кері пропорционалдық – тәуелсіз шаманың (аргументтің) көбеюі пропорционалды түрде тәуелді шаманың (функция) азаюуына әсер ететін функционалды тәуелділік. |
|||||
291 |
Пропорциональность прямая |
Тура пропорционалдық |
«Прямая» сөзінің аудармасы «тура» сөзі толығымен мағынасын беріп отыр. «Пропорционал» сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Тура пропорционалдық – y = kx формуласымен беруге болатын функция. Мұндағы k – нөлге тең емес сан. K санын тура пропорционал коэффициенті деп аталады. |
|||||
292 |
ПРОСТРАНСТВО |
Кеңістік |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Кеңістік – арасындағы қатынас құрылысы аймақ, арақашықтық тәрізді кеңістік қатынастарына ұқсас қатынас белгіленген объектілер жиынтығы. Тарихи тұрғыдан алғашқы әрі математикалық маңызды кеңістіктердің бірі – евклид кеңістігі. |
|||||
293 |
Пространство алгебраическое |
Алгебралық кеңістік |
«Алгебра» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Пространство» сөзінің тура баламасы – кеңістік термині. |
Алгебралық кеңістік – алгебралық көпбейнелік пен сұлба ұғымдарын жалпылау. Бұл жалпылауға кейбір алгебралық геометрия құрылымдарын жатқызуға болады: Гильберта сұлбасы, Пикар сұлбасы, модуль бейнелері, сонымен қатар кейбір сұлба категориялары. |
|||||
294 |
ПРЯМОУГОЛЬНИК |
Тіктөртбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тіктөртбұрыш – ішкі бұрыштар тік, ал қарама-қарсы қабырғалары тең әрі параллель келетін төрт қабырғалы геометриялық фигура. |
|||||
295 |
ПЯТИУГОЛЬНИК |
Бесбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Бесбұрыш – жазықтықтағы бес қабырғалы геометриялық фигура. Ішкі бұрыштарының саны – бес, ал ішкі бұрыштарының қосындысы 540° тең. |
|||||
296 |
Правильный пятиугольник |
Дұрыс бесбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Дұрыс бесбұрыш – дұрыс бес қабырғадан тұратын геометриялық фигура. |
|||||
297 |
РАВЕНСТВО |
Теңдік |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Тең» сөзіне «-дік» жалғауының жалғануы арқылы жасалған. |
Теңдік – объектілердің өзара алмаса алу қасиеті. Яғни, бұл теңдік деп аталады а = b. |
|||||
298 |
Ребро |
Қыр, қабырға |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Қыр, қабырға – көпжақтылардың қандай да бір жағы болатын кесінді. |
|||||
299 |
Ребус математический |
Математикалық ребус |
«Математика» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы сөз тіркесі пайда болған. Ребус латынша «заттар арқылы, заттардың көмегімен» деген мағынаны беретін rebus сөзінен шыққан. |
Математикалық ребус – есептеу жазбасын қалпына келтіруге арналған тапсырмалар. |
|||||
300 |
Рекуррентность |
Рекурренттілік |
Латынша «қайтып келуші» мағынасын беретін recurrens (recurrentis) сөзінен шыққан «рекурент» сөзіне «тік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Рекурренттілік (латынша – қайтарылушы) – тізбектің кез келген мүшесінің оның алдыңғы (бұрынғы) мүшесінің немесе алдыңғы бірнеше мүшесінің мәндері бойынша анықталушылық қасиеті. |
|||||
301 |
РЕШЕТКА АЛГЕБРАИЧЕСКАЯ |
Алгебралық тор |
«Алгебра» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Алгебралық тор – әрбір элементі белгілі бір кешенді элементтердің бірігуінен (яғни, нақты жоғарғы жағынан) тұратын тор. |
|||||
302 |
Ряд тригонометрический |
Тригонометриялық қатар |
«Тригонометрия» (грек тілінен trigonon - үшбұрыш) сөзіне «-лық» жалғауының жалғануы арқылы жасалған, ал кейінгі «қатар» өзі «ряд» сөзінің нақты баламасы болып отыр. |
Тригонометриялық қатар – мына түрдегі сандық қатар: |
|||||
303 |
Сегмент круга |
Дөңгелек сегменті |
«Круг» сөзінің нақты баламасы, қалыптасқан термин – дөңгелек. Кейінгі «сегмент» сөзіне «-і» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Дөңгелек сегменті – доға мен хорданың шектелісінен пайда болған дөңгелек бөлігі. |
|||||
304 |
Секущая |
Қиюшы |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Қиюшы – қисықтың екі немесе одан да көп нүктесі арқылы өтетін түзу. |
|||||
305 |
Сечение |
ҚИМА |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Қию» сөзіне «ма» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
ҚИМА – 1. реттелген жиынды қиылыспайтын екі бөлік: бастапқы және соңғы бөліктер түрінде өрнектеу. 2. Берілген бет пен өзге бет (оны қиюшы) үшін ортақ нүктелер жиыны. 3. Геометрияда, қандай да бір дене мен жазықтықтың кесіп өтуінен пайда болған пішін (фигура). |
|||||
306 |
Способ аналитический |
Аналитикалық тәсіл |
«Аналитика» (грекше analyein – тарату, бөлшектеу) сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Аналитикалық тәсіл – формула көмегімен берілген функция тапсырмасының тәсілі. |
|||||
307 |
СПОСОБ ГРАФИЧЕСКИЙ |
Графиктік тәсіл |
«График» сөзіне «-тік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Графиктік тәсіл – белгілі бір нәрсені сызба арқылы көрсету; мұндай тәсіл, әсіресе, математикалық тапсырмаларды шешу үшін пайдаланылады. |
|||||
308 |
СТЕПЕНЬ |
Дәреже |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Дәреже – бірнеше көбейткіштен тұратын туынды. а – негіз, п – көрсеткіш, ал n – дәреже. Дәреже мына күйінде беріледі: an |
|||||
309 |
Сторона |
Қабырға |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Қабырға – геометриялық пішінді (фигруаны) шектеп тұратын түзу сызық. |
|||||
310 |
Схема |
Сұлба |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Сұлба – алгебралық геометрия, коммуникативті алгебра мен дифферециалды геометрияны байланыстыруға әрі бір облыстағы идеяны келесі облысқа көшіруге мүмкіндік беретін математикалық абстракция. |
|||||
Т |
|||||||||
311 |
Теорема синусов |
Синустар теоремасы |
«Синус» (латынша sinus) сөзіне «-тар» көптік жалғауы жалғануы арқылы жасалса, «теорема» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы матаса байланысқан сөз тіркесі жасалынған. |
Синустар теоремасы – үшбұрыш қабырғалары мен оған қарсы жатқан бұрыш арасындағы қатынасты орнататын теорема. Тригонометрияның кез келген үшбұрыштың а,b, с қабырғалары мен осы қабырғаларға қарсы жатқан А,В,С бұрыштарының синустарының қатынасы былай болады: а/ sin А=b/sin В=c/sin С= 2R . Мұндайғы R- үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусы. |
|||||
312 |
Теорема тангенсов |
Тангенстер теоремасы |
«Тангенс» (латынша tangens) сөзіне «-тер» көптік жалғауы жалғануы арқылы жасалса, «теорема» сөзіне «-сы» тәуелдік жалғауының жалғануы арқылы матаса байланысқан сөз тіркесі жасалынған |
Тангенстер теоремасы – үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары мен қарама-қарсы бұрыштарының жарты қосындысының және жарты айырмының тангенстерінің арасындағы қатынасты анықтайын теорема. |
|||||
313 |
Точка |
Нүкте |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Нүкте – геометрия мен математика көп қолданылатын іргелі ұғымдардың бірі; ешқандай өлшемдік сипаттамаға ие емес кеңістіктегі абстрактілі объект. |
|||||
314 |
Трактриса, линия влечения |
Трактриса |
Латынша trahere – тарту. |
Трактриса (латын тілінен trahere – тарту) – жанасу кесіндісінің жанасу нүктесінен белгіленген түзумен қиып өтетін нүктеге дейінгі ұзындық тұрақты шама күйінде сақталатын жазық трансцендентті қисық сызық. |
|||||
315 |
Трансцендентность |
Трансценденттік |
Латынның . «шектен шығу, ауысушылық» мағыналарын беретін transcendens сөзінен шыққан «трансцендент» сөзіне «-тік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Трансценденттік (латынша – шектен шыққандық, ауысушылық) – математикалық объектілердің (сандардың, функциялардың, теңдеулердің, т.б.) алгебралық өрнек болып табылмау қасиеті. |
|||||
316 |
Трансцендентное уравнение |
Трансцендеттік теңдеу |
Латынның . «шектен шығу, ауысушылық» мағыналарын беретін transcendens сөзінен шыққан «трансцендент» сөзіне «-тік» жұрнағының жалғануы мен «теңдеу» терминінің тіркесуі арқылы жасалған. |
Трансцендеттік теңдеу – белгісіздің (айнымалының) трансценденттік функциясы қатысатын теңдеу. Бір сөзбен айтқанда, алгебарлық емес теңдеу. Құрамында тригонометриялық, кері тригонометриялық функциялар, логарифмдік, көрсеткіштер болатын теңдеу. |
|||||
317 |
Треугольник |
Үшбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Үш» және «бұрыш» сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. |
Үшбұрыш – бір түзудің бойынша жатпайтын үш нүктенің арасын қосатын түзудің кесінділерінен пайда болған тұйық дөңес сынық сызық. |
|||||
У |
|||||||||
318 |
Углы смежные |
Сыбайлас бұрыштар |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин |
Сыбайлас бұрыштар – ортақ төбесі мен бір ортақ қабырғасы бар екі бұрыш. |
|||||
319 |
Угол |
Бұрыш |
Қазақ тілінде математика, геометрия саласында қалыптасқан термин. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Бұрыш – бір нүктеден шыққан әр түрлі екі сәуледен құралған геометриялық фигура. |
|||||
320 |
Угол внешний - это угол, смежный с одной из вершин этого треугольника. |
Сыртқы бұрыш |
Күрделі термин. Алғашқы компоненті болып отырған «сыртқы» сөзі «өзінен тыс, іші емес» деген мағыналарға саяды. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Сыртқы бұрыш – берілген үшбұрыштың бір биіктігіне іргелес жатқан бұрыш. |
|||||
321 |
Угол внутренний |
Ішкі бұрыш |
Күрделі термин. «Ішкі» сөзі «іш жағындағы, ішіндегі» деген мағыналарды береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Ішкі бұрыш – берілген дененің, пішіннің (фигураның) қабырғалары мен жақтары қиылысынан пайда болған тұйық бұрыш. |
|||||
322 |
Угол вписанный - плоский угол, вершина которого лежит на окружности и стороны пересекают эту окружность. |
Іштей сызылған бұрыш |
«Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Іштей сызылған бұрыш – төбесі шеңбердің ішінде жататын әрі барлық қабырғалары шеңбермен қиылысатын жазық бұрыш. |
|||||
323 |
Угол выпуклый – |
Дөңес бұрыш |
Күрделі терминнің алғашқы құрамы болып отырған «дөңес» сөзі «қырлары шығыңқы, доғаланып келген» деген мағыналарды береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
1. Дөңес бұрыш – градустық өлшемі тек қана мен градустарының аралығында жататын бұрыш. |
|||||
324 |
Угол двойной |
Қосбұрыш |
Термин «қос» жен «бұрыш» сөздерінің бірігуінен жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
2. Қосбұрыш – алдыңғысынан екі ессе үлкен бұрыш. |
|||||
324 |
Угол двугранный |
Екі жақты бұрыш |
Орыс тілінен аударылу арқылы жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
3. Екі жақты бұрыш – бір түзу сызықтан басталатын екі жарты жазықтық жасайтын кеңістіктегі пішін (фигура), әлгі жарты жазықтармен шектелген кеңістіктің бөлігі. |
|||||
325 |
Угол дополнительный |
Толықтауыш бұрыш |
Күрделі термин. «Толық» сөзіне «-та» және терминжасалымда көп қолданылатын «-уыш» жұрнағының қосылуы арқыл жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
4. Толықтауыш бұрыш – ортақ төбе мен ортақ қабырғасы болатын, ал қалған қабырғалары тік бұрыш құрайтын екі жазық бұрыш. |
|||||
326 |
Угол между векторами |
Векторлар арасындағы бұрыш |
Орыс тілінен аударылу арқылы жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
5. Векторлар арасындағы бұрыш – және векторларының арасындағы бұрыш. |
|||||
327 |
Угол многогранный |
Көп жақты бұрыш |
Орыс тілінен аударылу арқылы жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
6. Көп жақты бұрыш – бағыттаушысы өзіне-өзі қиылыспайтын көпжақты жазық болып табылаты, бір қуысы көпжақты бетпен шектелген кеңістік бөлігі. |
|||||
328 |
Угол острый |
Сүйір бұрыш |
Қазақ тілінде «сүйір» сөзі «үшкір» деген мағынаны береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
7. Сүйір бұрыш - тік бұрыштан кіші бұрыш. |
|||||
329 |
Угол плоский |
Жазық бұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Жазық» сөзі ғылымда жиі қолданылатын термин, геометрияда «біртегіс, жалпақ келген гоеметриялық табиғи дене» деген мағынаны береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
8. Жазық бұрыш. Егер бұрыштың қабырғалары түзу құраса онда мұндай бұрыш жазық бұрыш делінеді. |
|||||
330 |
Угол прямой |
Тік бұрыш |
Математика саласында қалыптасқан термин. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
9. Тік бұрыш – Өзінің сыбайлас бұрышына тең бұрыш. |
|||||
331 |
Угол развернутый - это угол, стороны которого составляют прямую |
Жазыңқы бұрыш |
«Жазылу» сөзінен өрбитін «жазыңқы» термині «жайлыңғқы, сәл таралыңқы» деген мағыналарды береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Жазыңқы бұрыш – қабырғалары тік болып келетін бұрыш. |
|||||
332 |
Угол тупой |
Доғал бұрыш |
Күрделі терминнің алғашқы «доғал» сөзі «сүйір емес» деген мағынаны береді. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Доғал бұрыш – шамасы тікбұрыштан ( ) үлкен, бірақ жазық бұрыштан ( -тан) кіші бұрыш. |
|||||
333 |
Угол центральный – угол с вершиной в центре окружности. |
Центрлік бұрыш |
Грек тілінде «ұш, жүз» деген мағыналарды беретін kentron сөзінен өрбитін «центр» сөзіне «-лік» жұрнағының жалғануы ақылы жасалған. «Бұрыш» сөзі «заттың екі жағының, жақтауларының немесе ұзындығы мен енінің үшкілдене түйіскен жері» деген мағынаны береді. |
Центрлік бұрыш – шеңбердің төбесі мен ценрінің арасындағы бұрыш. |
|||||
334 |
Узел |
Торап, түйін |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Торап, түйін – 1) дифференциалды теңдеудің ерекше нүктелерінің бірі. 2) үшөлшемді кеңістікке дұрыс салынған әрі өзіне-өзі қиылыспайтын тұйық жатық қисық сызық. |
|||||
335 |
УМНОЖЕНИЕ |
Көбейту |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Көбейту – қосылғыш бір сан екінші қосынды санға сонша ессе артатын екі сан бірігуінен пайда болған шаманы алу, математикадағы 4 арифметикалық амалдың бірі. |
|||||
336 |
УМЕНЬШАЕМОЕ |
Азайғыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Азаю» сөзіне «-ғыш» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Азайғыш – азайту амалын орындау кезінде шамасы кемітілетін мүше (сан). |
|||||
337 |
Упрощение выражения |
Өрнектерді ықшамдау |
Математика саласында терминдік дәрежеге жеткен «өрнек» сөзіне «-тер» сөптік жалғауы және «-ді» табыс септігі жалғауының жалғануы арқыл жасалған. «Ықшамдау» сөзі де математика саласында терминдік дәрежеге көтерілген атау. «Ықшамдау» сөзі қазақ тілінде «бір нәрсенің көлемін қысқарту, шағындау» ((Қазақ сөздігі (қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі)/ Құраст.: Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малақов, Р.Шойбеков және т.б. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. – 1488 бет. 1451-бет) деген мағынаны білдіреді. |
Өрнектерді ықшамдау – Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін, математикалық формулалар мен әдіс-тәсілдерді пайдала отырып берілген өрнекті қысқарту. |
|||||
338 |
Уравнение |
Теңдеу |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Теңдеу – бір немесе бірнеше белгісіз шамалардан тұратын әрі осы белгісіз шамаларды анықтағанда ғана өз күшін сақтайтын математикалық теңдік; берілген екі функцияның мәндері тең болатын жағдайдағы атргументтердің мәндерін анықтау мәселесін теңдік түрінде өрнектеу. |
|||||
339 |
Уравнение алгебраическое |
Алгебралық теңдеу |
Күрделі термин. «Алгебра» сөзіне «-лық» сөз тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Теңдеу» сөзі - «уравнение» терминінің нақты қабылданған баламасы. |
Алгебралық теңдеу – теңдіктің сол жағы белгісіз көпмүшеден құралған, ал оң жағы нөлге тең күйінде келетін теңдеу. Көпмүшенің дәржесі теңдеу дәрежесі деп аталады. |
|||||
340 |
Уравнение иррациональное |
Иррационал теңдеу |
Қалыптасқан математикалық теңдеу. |
Иррационал теңдеу – белгісізі, яғни айнымалы шамасы радикал таңбасы (түбірдің астында) астында келетін теңдеу. Мәселен, |
|||||
341 |
Уравнение биквадратное |
Биквадрат теңдеу |
Биквадрат – латынша bis – екі, quadratum – төртбұрышты қылу мағыналарын беретін сөздердің бірігуінен жасалған. Кейінгі «теңдеу» сөзі математикада қалыптасқан термин. |
Биквадрат теңдеу – белгісіз мүше төртніші дәрежеде келетін теңдеу; ax4 + bx2 + c = 0 түрінде келетін алгебралық теңдеу түрі. |
|||||
342 |
Уравнение в частных производных |
Дербес туындылы теңдеу |
Орыс тілінен аударылған термин. |
Дербес туындылы теңдеу – белгісіз функция бірнеше айнымалы мен олардың дербеу туындысынан тұратын дифференциалды теңдеу. |
|||||
343 |
Уравнение гиперболического типа |
Гиперболалық типті теңдеу |
Күрделі термин. Грекше hyperbole – гипебола сөзіне «-лық» жалғауының жалғануы арқылы жасалса, «тип» сөзіне «-ті» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Гиперболалық типті теңдеу – гепрболалаық теңдеуді есептеуіш алгоритм негізінде шешу әдісі. |
|||||
344 |
Уравнение квадратное |
Квадрат теңдеу |
Қалыптасқан термин. Квадрат – латынның «төрт бұрышты ету» мағысын беретін quadrare сөзінен шыққан. |
Квадрат теңдеу – ax2 + bx + c = 0 түрінде келетін теңдеу түрі. Мұнда а≠0. |
|||||
345 |
Уравнение нормальное |
Нормал теңдеу |
Латынша «түзу» деген мағынаны беретін «normalis» сөзінен өрбіген. «теңдеу» - қалыптасқан термин. |
Нормал теңдеу – түрінде келген теңдеу, мұнда – тікбұрышты координата жазықтығының декарттары. |
|||||
346 |
Уравнение однородное |
Біртекті теңдеу |
«Бір» және «текті» сөздерінің бірігуінен шыққан. |
Біртекті теңдеу – бір және сол туынды санға барлық белгісіз шамаларын бір уақытта көбейткенсе де өз күйін жоғалтпайтын теңдеу. |
|||||
347 |
Уравнение разностное |
Айырымдық теңдеу |
«Айырым» сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған, кейінгі «теңдеу» сөзі қалыптасқан термин. |
Айырымдық теңдеу – берілген интервалдан қашықта жатқан кез келген бір немесе бірнеше кейбір белгісіз функция мәндерін байланыстыратын теңдеу. |
|||||
348 |
Уравнение рациональные |
Рационал теңдеу |
Рационал сөзі «саналы, қисынды» мағынасын беретін латынның rationales сөзінен өрбіген, кейінгі «теңдеу» сөзі қалыптасқан термин. |
Рационал теңдеу – екі бөлігі де рационал өрнектен тұратын теңдеу. |
|||||
349 |
Уравнение с параметрами |
Параметрлі теңдеу |
Грекше para – жанында, қасында және metron – өлшеу сөздерінің бірігуінен жасалған «параметр» сөзіне «–лік» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Кейінгі «теңдеу» сөзі қалыптасқан термин. |
Параметрлі теңдеу – ішкі түрі мен оның шешімі бір немесе бірнеше параметр мәніне тәуелді математикалық теңдеу. |
|||||
350 |
Функциональное уравнение |
Функционалды теңдеу |
«Функионал» сөзіне «-ды» жұрнағының жалғғануы арқылы жасалған. Кейінгі «теңдеу» сөзі қалыптасқан термин. |
Функционалды теңдеу – бір нүктедегі функция мәні мен өзге нүктедегі функция мәндері арасындағы байланысты көрсететін теңдеу. |
|||||
Ф |
|||||||||
351 |
Фигура |
Фигура, пішін |
Халықаралық термин, латынның «түр» деген мағынаны «figura» сөзінен өрбіген. |
Фигура, пішін (лат. figura түр) – сынық немесе қисық сызықтармен шектелген жазықтық бөлігі, сонымен қатар, орналасқан белгілі бір нүктенің, сызықтың, дененің, беттің жиынтығы. |
|||||
Х |
|||||||||
352 |
Характеристика |
Сипаттама |
Қазақ тілінде қалыптасқан термин. «Сипаттау» сөзіне «-ма» сөз түрдендіруші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Сипаттама, математикада, 1) Ондық логарифмнің бүтін бөлігі. 2) Дербес туындылармен келген дифферециалды теория ұғымы. |
|||||
353 |
Целая часть, антье |
Бүтін бөлік |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Бүтін бөлік – бүтін сандық мәндерді қабылдай беретін және нақты сан жиынынан тұратын функция. |
|||||
354 |
Целое число |
Бүтін сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Бүтін сан – бөлшек сан болмайтын барлық оң және теріс сандар және 0. |
|||||
355 |
Цепь |
Тізбе |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тізбе – алгебралық топологияда – симлекстердің формальды сызықтық тізбегі. |
|||||
Ч |
|||||||||
356 |
Черта |
Сызық |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Сызу» сөзіне «-қ» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Сызық – қандай да бір беттің бойында жүргізілген жіңішке жолақ. |
|||||
357 |
Чертеж |
Сызба |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Сызу» сөзіне «-ба» жұрнағының жалғануынан шығады. |
Сызба – қандай да бір нәрсенің (құрылыс, фигура, пішін, геометриялық дене) қағазға, калькаға көшірілген шартты графикалық бейнесі. |
|||||
358 |
Четность функции, функция |
Функция жұптығы, жұп функция |
«Жұп» сөзі – орыс тіліндегі «чётная» сөзінің терминдік мағынанғы көтерілген аудармасы.Функция латын тіліндегі «орындалу» ұғымын білдіретін «functio» сөзінен өрбіген. |
Функция жұптығы, жұп функция – тәуелсіз айнымалысы таңба ауыстырса да мәнін өзгертпейтін функция. |
|||||
359 |
Четный |
Жұп |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Жұп» сөзі «қос, пар, екеу» ұғымдарын береді. |
Жұп – екіге қалдықсыз бөлінушілік; екіге қалдықсыз бөлінетін сан. |
|||||
360 |
Четырехугольник |
Төртбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Төртбұрыш – төрт қабырғамен шектелген, төрт нүктеден шыққан кесінді тіздектеле келіп тұрт бұрыш құрап қосылған геометриялық фигура (пішін). |
|||||
361 |
Числа дружественные |
Достас сандар |
Орыс тілінен калька жолымен алынған термин. |
Достас сандар –әрбір санның бөлгіштерінің қосындысы келесі санға тең әртүрлі екі натурал сан. |
|||||
362 |
ЧИСЛО |
Сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Сан» сөзі «белгілі бір заттың, құбылыстың есеп мөлшерін» (Қазақ сөздігі. (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі), 2013 жыл, 377-бет) білдіреді. |
Сан – санақ пен есептеулер жасалатын шама, негізгі математикалық түсінік. |
|||||
363 |
Число алгебраическое |
Алгебралық сан |
«Алгебра» сөзіне «-лық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. |
Алгебралық сан – бүтін коэфициентімен бірге алгебралық теңдеуді қанағаттандыратын сан. |
|||||
364 |
Число вещественное, или действительное |
Нақты сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Нақты сан – айналадағы геометриялық, физикалық шамаларды өлшеу қажеттілігінен пайда болған, алгебралық теңдеулерді шешу, түбірден шығару логарифмдерді есептеу тәрізді операцияларды орындауға арналған математикалық абстракция; кез келген оң, теріс сандар және 0 жатады. |
|||||
365 |
Число дробное |
Бөлшек сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Бөлшек сан – математикалық қатынасты екі бүтін сан арасында өрнектейтін сан. |
|||||
366 |
Число иррациональное |
Иррационал сан |
Қалыптасқан етрмин. «Иррационал» «Санасыз, қисынсыз» мағыналарын беретін irrationalis сөзінен өрбіген. |
Иррационал сан – бөлшек түрінде берілмейтін сан. |
|||||
367 |
Число натуральное |
Натурал сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Натурал сан – санаққа қолданылатын кез келген сан; табиғи ретімен орналасқан бүтін оң сандар жиыны. |
|||||
368 |
Число нечетное |
Тақ сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Тақ сан – 2-ге бөлінбейтін бүтін сан. Мәселен, 1,3,5; 1,3. |
|||||
369 |
Число обратное |
Кері сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Кері» сөзі «қарама-қарсы, қайшы» деген мағыналарды береді. |
Кері сан (кері шама) – берілген санға бірлікті алу үшін көбейту керек сан. Мәселен, 5 және 5/1, 2 және 2/1. |
|||||
370 |
Число отрицательное |
Теріс сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Теріс сан – нөлден төмен сан. Мәселен, –3, –4/5. |
|||||
371 |
Число положительное |
Оң сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Оң сан – нөлден үлкен сандар. |
|||||
372 |
Число простое |
Жай сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Жай сан – 1 санынан өзге бөлгіші жоқ оң бүтін сан. |
|||||
373 |
Число cмешанное |
Аралас сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Аралас сан – натурал n сан мен бөлшек а/b сан қосындысына тең сан, ол былайша беріледі . |
|||||
374 |
Число целое |
Бүтін сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Бүтін сан – бөлшек болмайтын, нөлге тең емес барлық оң және теріс сандар. |
|||||
375 |
Число четное |
Жұп сан |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Жұп сан – 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар және 0: 0,2,4. |
|||||
376 |
Член |
Мүше |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Мүше – теңдеу мен пропорцияны құрайтын сандар арасындағы бөлек математикалық шама. |
|||||
Ш |
|||||||||
377 |
Шар |
Шар |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Шар – дөңгелекті диаметр төңірегінде айналдырғанда пайда болатын әрі барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта жататын қисық беттен тұратын геометриялық фигура (пішін). |
|||||
378 |
ШЕСТИУГОЛЬНИК |
Алтыбұрыш |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. «Алты» және «бұрыш» сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. |
Алтыбұрыш – алты қабырғадан тұратын жазық фигура (пішін). Ішкі бұрыштарының қосындысы – 720° тең. |
|||||
379 |
Ширина |
Ен |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Ен – беттің ең біткен нүктесі ашықтығын білдіретін шама. Ұзындыққа қарама-қарсы қойылатын шама. |
|||||
Э |
|||||||||
380 |
Элемент множества |
Жиын элементі |
Қазақ тілінде математика саласында қалыптасқан термин. |
Жиын элементі – қасиеті өзге ұқсас объектілермен қосылып жиын құрайтын табиғаты кез келген объект. |
|||||
381 |
Ядро вырожденное |
Өзгешеленген ядро |
Орыс тілінен аударылып алынған, калька жолымен жасалған термин. |
Өзгешеленген ядро – Түрінде келетін Фредгольм сызықтық интегралы операторының ядросы. |
|||||
382 |
Ядром интегрального оператора |
Интегралдық оператор ядросы |
Күрделі термин. «Бүтін» деген мағынаны беретін латынның «integer» сөзінен өрбіген «интеграл» сөзіне «-дық» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. «Ядро» сөзіне тәуелдік «-сы» жұрнағының балғануы арқылы сөз тіркесінің жасалуына әсер еткен. |
Интегралдық оператор ядросы – Теңдігіне тең қандай да бір оператор интегралын анықтаушы екі аргументтен тұратын функция. Мұндағы – өлшеміне сәйкес кеңістік, ал – белгілі бір функция кеңістігіне тиісілі. |
|||||
383 |
Ядро итерированное |
Итерацияланған ядро |
«Қайталау» мағынасын беретін латынның «iteratio» сөзінен өрбіген «итерация» сөзіне «-ла» етістік тудырушы жұрнақ пен «-н» өздік етіс жұрнағы, «-ған» есімшесінің жалғануынан жасалған. |
Итерацияланған ядро – Кинтегарль операторы мәліметтерінен жасалатын ( х, s) К п( х, s) функция. |
|||||
384 |
Положительно определенное ядро |
Оң анықталған ядро |
Орыс тілінен аударылу арқылы, калька тәсілімен жасалған термин. |
Оң анықталған ядро – Шартын қанағаттандырушы, X туынды жиын болатын К кешенді мағыналы функция. |
|||||
385 |
Язык алгоритмический |
Алгоритмдік сан |
«Алгоритм» сөзіне «-ді» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Кейінгі сөз орыс тіліндегі «язык» сөзінің аудармасы – тіл. |
Алгоритмдік сан – алгебралық өрнектерге арналған жасанды тіл. |