Қазақ тілін үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың озық үлгілері
2014 жылдың 26-28 қараша аралығында «Қазақ тілін үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың озық үлгілері» тақырыбында Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушыларына арналған біліктілігін арттыру курсы өтті.
«Қазақ тілін үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың озық үлгілері» атты біліктілікті арттыру курс барысында филология ғылымының докторы, профессор, Назарбаев университеті SHSS мектебінің қауымдастырылған профессоры Зейнехан Сейітханқызы Күзекова, педагогика ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстандық филиалының профессоры Несібелі Жәкенқызы Құрман, Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі Айдос Тұрсынбайұлы Әбдіхалықов, «Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы, «Асыл сөз» оқыту кешенінің авторы, Қазақ тілін оқытудың типтік бағдарламасы мен «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту» кешенінің құрастырушысы Лиза Қожаққызы Есбосынова дәріс оқыды. Бес күндік курсқа Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан оқыту орталықтары мен мекемелерінің оқытушылары қатысты.