Директордың орынбасары

Есбосынова Лиза Қожаққызы

1978 жылы 3 маусымда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы қыстағында туған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары, педагогика

Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1995-1998 жж. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің, 2004-2006 ж.ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша оқып бітірген.

1998-2004 жж. - Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

2005-2009 жж. - Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия директорының орынбасары.

2009-2010 жж.- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі пәні оқытушысы.

2010-2014 жж. – Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы; ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары.

2014-2017 жж. – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комиеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы.

2017-2018 жылдар аралығында Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары.

2018 жылдан Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы КеАҚ директорының орынбасары.

Ғылыми дәрежесі

Педагогика ғылымдарының магистрі (2020 жыл)

Ғылыми еңбектері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламаның құрастырушысы, Қазтест» жүйесі бойынша жазылым бөлігінің құрастырушысы.

«Асыл сөз» кешенінің- Қызылорда, 2012 ж.

«Қазақ сөзі» (137, 500, 900, 1200,1500 сөз) оқу құралдарының телавторы - Астана, 2016-2017 ж.,

А.Байтұрсынұлы энциклопедиясының құрастырушысы- Астана, 2017 ж.

Наградалар мен марапаттар:

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде белгісі (2019 жыл)

- Қазақстан Республикасының Мәдениет және (ақпарат-2011) спорт (2017) министрлігі Тіл комитеті төрағасының Құрмет грамотасы (2011,2017);

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы (2016, 2017, 2018, 2019)

Отбасылы, үш баласы бар.