"Тіл керуені" жобасының күзгі маусымы басталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары аясында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен бүгін «Тіл керуені» жобасының күзгі кезеңі басталды.

Аталмыш маусымдық курстарға Ақсу қаласы, Качир, Железин, Шарбақты аудандарынан барлық санаттағы 20 азамат қамтылды.

Жобада шеберлік сабақтарды қолдана отырып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тарихын зерттеу арқылы тілдік ортаға енулеріне жағдай жасалады. Сондықтан жобаны іске асыру барысында тыңдаушылармен театрға, мұражайға және басқа да әлеуметтік мәдени нысандарға бару жоспарланған.