​Латын қарпіне көшу туралы қоғамдық тыңдаулар өтті

​Латын қарпіне көшу туралы  қоғамдық тыңдаулар өтті

15-21 қыркүйек аралығында Екібастұз қаласы және Качир, Успен, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Май аудандарында қоғамдық тыңдау өтті.

Тыңдауға тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері, қалалық және аудандық «Нұр Отан» филиалының мүшелері және облыстық жұмыс тобының мүшелері, ғалымдар мен С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің оқытушылары қатысты.

Шараға қатысушылар мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесін талқылады. Парламент тыңдауында ұсынылған алфавит нұсқасының артықшылықтары мен кемшіліктерін таразылып, ұсыныстарын білдірді. Қоғамдық тыңдауға қатысушылар бірауыздан латын қарпіне көшуді қолдайтындықтарын жеткзіп, таңба жасауда қателік кетпеуіне ұлт болып жауапкершілікпен қарауды қаперге алды.