Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсы өтеді

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық  конкурсы өтеді

Ақтөбе қаласында 21 қыркүйек күні «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» республикалық байқауы өтеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастырып отырған дәстүрлі шара Қазақстан Халқы тілдері күніне орай өткізілмек.

Конкурстың мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыру.

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсына облыстық (қалалық) конкурстардың жеңімпаздары қатысады. Конкурс ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай орындау бойынша сайысқа түседі.

Байқау жеңімпаздарын абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінен құрылған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Өтетін орны: Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры

Басталуы: сағ: 10.00

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-85, 40-83-97, 8 701-109-76-14