"Салалық аударма және құжаттар тілі" атты біліктілікті арттыру курсы өтеді

Аударма саласы бойынша іс жүргізудегі біліктілігіңізді арттырыңыз!

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы түрлі салалардағы аудармашы мамандарға арналған 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізеді.

Курстың тақырыбы: Салалық аударма және құжаттар тілі

Курста аударма ісі бойынша мынадай мәселелер талқыланады:

 қазіргі таңдағы салалық аудармаларды сауатты аудару;

 аударма жасаудың тиімді жолдары;

 аударманың баламалығы;

 салалық аудармада терминдердің бірізділігін сақтау

мәселесі;

 ісқағаздарды жүргізуде тілдік норманы сақтаудағы бірізділікті қалыптастыру, құжаттар дайындауда нормативтік талаптарға сай дұрыс жазу ережесін сақтауға дағдыландыру.

Курсты тәжірибелі сала мамандары, ғалымдар жүргізеді.

Курс – ақылы.

Өткізілетін уақыты: 25-27 қазан

Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран 7А

P.S.: Курстың ұйымдастырылуына (өткізілу форматына, лекторға) байланысты талап-тілектеріңіз болса, tilortalyk@mail.ru электрондық мекенжайына хат жолдауыңызға болады.

Толық ақпарат алу үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар:

8 (7172) 408367, 8 707 518 10 18, 8 747 501 31 91