Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы халқы тілдерінің XIХ республикалық фестивалі және «Туған жер» бағдарламасы аясында 2017 жылғы 6 қыркүйекте «Достық үйінінің» акт залында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізді. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талантты жастарды табу мақсатында өткізілген шараға 17-29 жас аралығындағы облыстың қала, аудандарынынан 13 үміткер қатысты.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі жазушы Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Байқау шарты бойынша үміткерлер бірінші кезеңде қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші кезеңде поэзиядан үзінді оқыды. Сөз өнерінің қадір-қасиетін теңдессіз суреткерліктері арқылы жеткізе білген жазушылармен қатар Оралхан Бөкейдің шығармаларын мәнерлеп оқыған қатысушыларды қазылар алқасы балдық көрсеткіштер бойынша анықтады. Сөйтіп, қазылар алқасының шешімімен жүлделі үшінші орынды Құсайын Аңсаған (Ақтоғай ауданы) иеленсе, екінші орынды Әміренова Үміт (Качир ауданы) қанжығасына байлады, Бахатхан Оразбек (Ақсу қаласы) байқаудың жеңімпазы атанды. Енді жеңімпаз республикалық кезеңде өңіріміздің намысын қорғамақ.