​Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

​Құрбан айт мерекесі құтты болсын!


Алланың құлы, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың үмбетіміз дейтін мұсылман қауымы үшін ұлық мейрам Құрбан айт күніне де аман-есен жетіп отырмыз. Сол үшін де Аллаға сансыз шүкірлік етеміз.

Жалпы, Ислам діні - адамзатты салиқалылық пен сабырлылыққа үндеп, ізгі құндылықтарды уағыздайтын асыл дін. Барша ұлысты ұйыстыратын осы ұлағатты дінді халқымыз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді.

Соның бір парасы Құрбан айт мерекесі - елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мейрам. Өйткені Алланың разылығы үшін Құрбан шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға келтіріп, аманатқа адалдық, сертке беріктікке шақырады. Ендеше, бұл мереке құрбандық шалу ғана емес, Жаратушыға барынша жақындауға мүмкіндік алатын, Алланың рақымына бөленудің бір жолы болмақ.

Олай болса, мереке құтты болсын, мұсылман бауырлар! Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз, оқытқан дұғаларыңыз қабыл болсын. Әр қазақ жанұясына бақ-береке қонғай. Көп ұлт пен ұлыстың басын қосқан құт мекен Отанымыз Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын арттырып, мерейін үстем етіп, рухани тазалыққа бастау болатын Құрбан айт мерекесі халқымызға бейбітшілік, жерімізге құт-береке әкелсін!