Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті үстіміздегі жылғы қыркүйек айының 4-8 күндері Қостанай облысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтардың арасында мемлекеттік тілді насихаттау аясында ісшаралар өткізеді.

Жобада орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстан этностарының бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілінің латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында дәрістер оқылады, пікір алмасулар ұйымдастырылады.

Жобаға Қазақстан Халқы кіші Ассамблеясы, «Нұр Отан» жастар қанатының мүшелері, жергілікті қоғамдық ұйымдар өкілдері, еңбек ұжымдары және т.б. тартылатын болады.