Елбасы латын әліпбиінің нұсқасын мамандармен талқылайды

Елбасы латын әліпбиінің нұсқасын мамандармен талқылайды

​Мемлекет басшысы «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында латын әліпбиіне көшу тек қазақ тіліне ғана қатысты екенін айтты.

Елбасы жақында латын әліпбиінің бір-екі нұсқасын мамандармен бірге қарайтындығын да жеткізді.

«Латын әрпіне көшкенде біз орыс тілінен кетейін деген жоқпыз. Алып-қашпа сөзбен бұны кейбіреулер, саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби тек қана қазақ тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі болып отырған, орыс тіліне көп аударылған барлығын ажыратпасақ меніңше біз байымаймыз, кедейленеміз. Сондықтан бұл жағынан айта кету керек. Бұл үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында мен бір-екі нұсқасын қарайтын боламын. Осымен шұғылданып жүрген ғалымдармен қарап бір жобаға тоқтайтын боламыз», – деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.