Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді меңгерді

Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді меңгерді

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік тілді кәсіби қызметте, күнделікті қарым-қатынас барысында жеткілікті деңгейде қолдана алмайтын 300 мемлекеттік қызметшіге 2017 жылғы 17 сәуір – 30 маусым аралығында тілдік семинарлар жүргізілді.

Оқуға сұраныс берген 300 мемлекеттік қызметшіге тілдік семинар 3 лек бойынша жүргізілді. Мемлекеттік қызметшілер әр лекте 4 топ бойынша қызметтен қол үзіп интенсивті-тренингтік сабақтар, қол үзбей қашықтықтан оқыту арқылы құзыреттіліктерін арттырды.

2017 жылғы 30 мамырда 3-лектің 100 мемлекеттік қызметшісіне салтанатты түрде сертификаттар табысталды.