Дәурен Абаев жарнамадағы қазақ тіліне қатысты сауалға жауап берді

Дәурен Абаев жарнамадағы қазақ тіліне қатысты сауалға жауап берді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгін БАҚ-на есеп берді. Кездесуі кезінде министр жарнама туралы заңды қайта қарау керек деген ұсынысқа жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазір телеарналарда, радиоларда жарнаманың елу пайызы қазақ тілінде болуы керек. Газеттерге мұндай талап қоя алмаймыз. Себебі олар тіркелгенде қандай тілді көрсетсе сол тілде шығады. Банктерге қазақ тілінде жарнама бер деу қиын болады. Себебі бұл жерде кәсіпкерлік мәселесі тұр. Дегенмен бұл шаруа оңынан шешіледі. Қазіргі және осыдан он жыл бұрынғы уақытпен салыстырғанда ілгерілеушілік бар. Біз барлығын ақырындап жүзеге асыратын боламыз», - деді министр.