Павлодарда «Тіл – парасат» байқауы өтті

Павлодарда «Тіл – парасат» байқауы өтті

Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 9 маусымда «Тіл – парасат» этнос жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің облыстық конкурсын өткізді.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, этнос өкілдерін қазақ тілін үйренуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 17-22 жас аралығындағы қалалық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Байқау қатысушыларының білімдерін бағалау үшін ПМПИ, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Ы.Б. Шақаман төрағалық еткен қазылар алқасы құрылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Костантин Ткачук (Екібастұз қ.) жеңіп алса, ІІ орынды Юрий Самойленко (Ақсу қ.) иемденді. Үздік үштік Анжелика Креймермен (Ертіс ауданы) толықты. Барлық қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен, сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жеңімпазы Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.