Дәуір үні

Дәуір үні

Қазақ радиосының таспаға жазылған жауһарлары тыңдарман қауымның сыршыл көңіліне сазды самал ұялатады. Өнермен өзара өзектес, өмірлес тағдырлар туралы толымды толғаулардың топтасқан кеніші да осы – Радио. Қазіргі күні қазақ радиосының «Алтын қоры» ұлтымыздың халық ауыз әдебиеті және дала әуезі үндескен дәстүрлі әндеріне бай.

Қазақ радиосында әр жылдары жазылған ұлт қайраткерлерінің теңіз толқынындай ақжал, кесек, келісті дауыстары сол қалпында сақталып, қазір радиотыңдауышының рухани өресіне өң беруде.

Мақсат: Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған ұлт қайраткерлерінің дауыстарын, олардың айтқан ой-толғауларын кәдеге жаратып, рухани тәрбие құралы ету. Өмірден өтіп кеткен ұлт зиялыларының өмірлік ұстанымын «Мәңгілік ел» мұратына ұқсату.