"ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА" хабары

«Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» - деді Елбасы «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» мақаласында. Осы мақсатты ұстана отырып, өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде өз салт-дәстүрлері мен қазақ халқының дәстүрін салыстыра отырып әңгімелеп береді. Олардың қазақ тілінде еркін сөйлеуі Мемлекеттік тілге деген құрметі, әрі тілімізді насихаттаудың бір жолы болмақ.