​Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілден тест тапсырды

​Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілден тест тапсырды

Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып 24-28 сәуір аралығында «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тестілеу өткізді.

Қазақ тілі бойынша тілдік білімді бағалайтын «ҚАЗТЕСТ» жүйесі үш сатылы блоктан тұрады. Біріншісі – тыңдау блогы. Онда шағын немесе ұзақ диалогқа, қысқа монологтарға құрылған және тыңдау арқылы түсінгенін анықтауға арналған тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Екінші блокта қатысушы грамматиканы қаншалықты игергені бағаланып, лексикалық қоры анықталады. Ал үшінші оқу блогында мазмұны, стилі әртүрлі мәтіндерді оқып, түсінгенін айтып беруге негізделген.

Тестіленуші 150 минут ішінде 150 тапсырманы орындауға тиісті. Ол үшін «ҚАЗТЕСТ» жүйесі арқылы тілдік білімін бағалаудың пайыздық көрсеткіші қолданылады: қарапайым – А1, базалық – А2, орта – В1, ортадан жоғары – В2, жоғары – С1, жетік – С2.

Аталмыш тестілеуден облыс бойынша барлығы 4000 адам өтті. Облыстың мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының, сонымен қатар әскери құрылымдар мен ұйымдардың қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейі бағаланды. Нәтижесінде 3814 адам диагностикалық, 186-сы сертификаттық тестілеуден өтті.