Ғылыми-практикалық конференция өтті

Ғылыми-практикалық конференция өтті

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Павлодар облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Көне түркі жәдігерліктері – қазақ жазба мәдениетінің бастауы» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға Назарбаев университетінің профессоры Ж.А. Ағабекова, Павлодар облысындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен магистранттары, студенттер, тіл жанашырлары мен мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Басқосу барысында өркениет тарихындағы түркі жазулары мен мәдениетінің рөлі және олардың заманауи мәдениет кеңістігіндегі хал-ахуалы сөз болды.

Конференцияның пленарлық мәжілісінен кейін «Түркі жазба мәдениетінің тарихы» мен «Көне атаулар және ономастика мәселесі» атты секциялармен жалғасты.